Сөж пәннің атауы: Бастауыш математикасының оқыту әдістемесі



Дата17.10.2022
өлшемі57,46 Kb.
#43694


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Пәннің атауы: Бастауыш математикасының оқыту әдістемесі


Тақырыбы: «Математиканың бастауыш курсы – оқу пәні ретінде »


Мамандық: Бастауыш білім беру ағылшын тілінде
Пән оқытушысы: Тынысханова А.Т.
Студент: Нұрдан М. Қ.
1-курс


Алматы 2022-2023ж
Бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.
Сондықтан өздерінің ережелері, тәсілдері, заңдылықтары өмірдің қажетілігінен туындап отырғанын, іс-әрекетте тұрмыс-тіршілікте аңғартады, яғни құбылыстар арасындағы себеп- салдардың байланысын түсінеді және теория мен практиканың өзара байланысын сезіне бастайды.
Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқанпаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектееседі.
Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалаумен тығыз байланысты. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып, математиканы оқыту әдістемесінің негізі болды. Математиканың әдістемесіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В., Эльконин Д.Б), білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының (Эрдниев П.М) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Келесі кезең (XX ғ. 90-жылдарынан осы кезеңге дейін) Қазақстан Республикасында математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. және т.б.) ендірілуімен және кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты.
Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (1930 ж. дейін) аймақтық жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, қазақстандық авторлардың дайындаған оқулықтарымен байланысты әдістемелік мәселелерді жасаумен сипатталады. Екінші кезең (1930-1986 жж.) қазақстандық ғалымдардың кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың мәселелерін өз беттерімен белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мүмкіндік бермеген аударма оқулықтарға мектептердің көшуімен байланысты. Үшінші кезең ғалым-әдіскерлер мен мұғалімдердің белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуге себепші болған мектеп тәжірибесіне лайықталған және қазақстандық авторлардың төлтума нұсқадағы оқулықтарының ендірілуімен ерекшеленеді.
Математикалық білімнің мазмұны дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрыпы мен дәстүрлі, республиканың аймақтық ерекшеліктері, әкономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшіліктері жайындағы қортындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мамұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиісті білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі қажетті білік пен дағдылардың түрлері және деңгейінің алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буының соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алынғанда бастауыш мектеп пен орта буының алғашқы кластары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
5. Қарастырылатын обьектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материялды шоғырландыру түсу, оқыту мазмұнының класаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және матемаиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.
Сондықтан бұл жерде курстың мазмұнына тек қана қысқаша шолу жасаумен шектелеміз. «Математиканы оқыту әдістемесі» пән бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш кластарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік дамытушылық және практикалық) айқындалады.
2.Математиканы оқыту процесiнде балалардыє бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.Бастауыш сыныптағы математика сабағында бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу процесін ұйымдастыру және алгебралық материалды меңгеруі келесі ережелерге негізделген [16]:
- алгебралық ұғымдар бастауыш мектепте математика курсына арифметикалық материалды оқумен тығыз байланыста енгізіле бастады және оның мазмұнына қарай дамыды;
- алгебралық материалды математиканың бастапқы курсына енгізу, ең алдымен, кіші оқушының абстрактілі ойлауын қалыптастыруға және сол арқылы арифметикалық сұрақтарды меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етуі керек.
Бастауыш сыныптағы оқушылар теңдіктер мен теңсіздіктер туралы алғашқы түсініктерін бірінші сыныпта жиындар мен сандарды салыстыра бастағанда алады.
Бұл зерттеу ең алдымен сандарды нөмірлеумен, арифметикалық амалдармен және шамалармен байланысты.
Келесі кезеңде мұғалім балаларда шынайы және жалған теңдіктер мен теңсіздіктер, айнымалысы бар теңдіктер мен теңсіздіктер туралы түсініктерді қалыптастыруға кірісуі керек [14].
Бастауыш мектептегі теңдеу айнымалысы бар теңдік ретінде қарастырылады. Теңдеудің түбірін табу айнымалының осындай мәнін таңдауды білдіреді, оны теңдеуге ауыстырған кезде ол дұрыс сандық теңдікке айналады. Бұл теңдеулерді таңдау әдісімен шешу әдісіне негіз болады.
Бастауыш сыныптарда теңдеулер тек таңдау әдісімен ғана шешілмейді, сонымен қатар арифметикалық амалдардың құрамдас бөліктері мен нәтижелері арасындағы байланыс негізінде, теңдіктердің негізгі қасиеттерін қолдану, сонымен қатар графиктерді қолдану негізінде шешіледі.
Бастауыш сыныпта теңсіздіктерді шешуге үйрету тек таңдау әдісімен шектеледі. Есептер шығаруда теңдеулер мен теңсіздіктер қолданылады, алайда мәтіндік есепті шешудің алгебралық жолы бастауыш сыныптарда тек танысу деңгейімен шектеледі.
Санды теңдiк және теңсіздік ұғымы (М-1, 21-бет). Сандарды салыстыру – заттардың екі тобын алып, яғни көрнекілікке сүйенiп, қай топта заттардың артык, кем немесе сонша екенін аныктаумен байланыстырылады және салыстырудың нәтижесі сәйкес сандардың және қатынас таңбаларының (">","<", "=") көмегімен жазылып көрсетiледi, ал шыққан жазулар сәйкес теңдiк немесе теңсiздiк деп аталатыны айтылады. Әрі қарай қосу мен азайту амалдарының және теңдiк таңбаларының көмегімен орындалатын жазулардың да теңдiк болатыны айтылады. Әрдайым теңдiк немесе теңсiздiк кұру көрнекiлiкке сүйеніп жүзеге асырылады. Теңдiк немесе теңсіздік кұру, оқу және жазу қатар қарастырылады, сонымен қоса әр жаңа санның енгiзiлуiне орай біртіндеп күрделене бередi және тиянақтала түседі.

4 = 4
Бұл - теңдік

○○○○
○○○○

5 > 4
4 < 5
Бұлар - теңсіздіктер

□□□□□
○○○○

Сандарды салыстыру алғашқыда өзара бір таңбалы сәйкестікті орнату көмегімен орындалатын жиындарды салыстыру негiзiнде жүзеге асады. Жол-жөнекей жиын элементтерін санау және алынған сандарды салыстыру орындалады.
Мысалы, 7 дөңгелек, 5 үшбұрыш, дөңгелектің саны үш бұрыштың санынан көп, олай болса, 7 үлкен 5-тен.
7>5
Әрі қарай сандарды салыстыруда оқушылар олардың натурал катардағы орнын тiрек етеді: 5, 7-ге карағанда аз, өйткенi санағанда 5 саны 7-ден бұрын айтылады; 7 саны 5-ке қарағанда көп, өйткенi санағанда 7 саны 5-тен кейiн айтылады; Орнатылған қатыстар ">","<","=" таңбалары көмегiмен жазылады, оқушылар теңдiктер мен теңсiздiктердi жазу мен оқуға жаттығады.100, 1000 көлеміндегі сандарды нөмiрлеуді, сол сияқты көп таңбалы сандарды нөмiрлеуді игеруде сандарды салыстыру натурал қатардағы орнына қою арқылы немесе санды ондық құрамы бойынша жіктеу және жоғарғы разрядтан бастап сәйкес разрядтық сандарды салыстыру негізінде жүзеге асады. (75 48, себебі 7 ондық 4 ондықтан көп; 75 73, себебі ондықтары бірдей болғанмен, бірінші санда біліктері көп).Өрнектерді салыстыруға көшу біртіндеп жүзеге асады. Алдымен 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту процесінде балалар ұзақ уақыт бойы сан мен өрнекті (өрнек пен санды) салыстыруға жаттығады. 3 + 1 > 3, 3 - 1 < 3 түріндегі алғашқы теңсіздіктерді жиынмен орындалатын сәйкес амалдарды түрлендірумен (3 = 3) теңдіктерден алу пайдалы.Екі өрнекті салыстыру - олардың мәндерін салыстыру деген сөз. Өрнектерді салыстыру алғаш 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды игеруден кейін қосылады, содан соң барлық концентрлерде амалдарды игеруде бұл жаттығулар оқушыларға жүйелі түрде ұсынылады.Басқа концентрлерде амалдарды меңгеруде өрнектерді салыстыру жаттығулары күрделенеді: өрнектер әлдеқайда қиындай түседі, оқушыларға өрнектердің біріне теңдік немесе теңсiздiк дұрыс болатындай санды қою тапсырмасы ұсынылады. Барлық концентрлерді оқу барысында өрнектер мен сандарды салыстыру бір жағынан, теңдiктер мен теңсiздiктер туралы түсінік қалыптастыруға, екінші жағынан, арифметикалық амалдар мен нөмірлеу туралы білім игеруге, сондай-ақ есептеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Әрі қарай сандарды салыстыру, олардың натурал қатардағы орны бойынша, ондық құрамы бойынша, жiктеу және жоғары разрядтан бастап сәйкес разрядтық сандарды салыстыру негізінде іске асырылды. Мысалы: 25... 24, 76 * 67, 147 * 149?
Сандарды салыстыру шамалардың мәндерін салыстырумен салыстыра қарастырылады. Осыған орай әр алуан жаттығулардың ұсынылуы мүмкін. Мысалы:
1) 5 км 300 м = м
2 сағ 30 мин= мин
5040 кг = т. кг.
10758 тиын- = сом тиын.
2) Теңдік, теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды таңдап алыңдар:
□км = □м, □ сағ □мин, □см=□дм.
3) Жазу дұрыс болатындай етіп; өлшеу бірлігін таңдап алыңдар:
12кг 50г = 12... 42 км = 4200... 538тиын = 5
4) Теңдіктің тура немесе тура еместігін тексеру.
1сағ * 99мин.
5 теңге 6 тиын * 560 тиын
2 км 4 м * 250 м.
Сандарды салыстырудың табиғи жалғасы ретінде біртіндеп күрделене түсетін жаттығулар арқылы өрнектерді де салыстыру қарастырылады.
Санды өрнек пен санның салыстырылуы мүмкін, мәселен:
3-2*3 2*5-2, 21-0*21 7.1*7;
Сондай-ақ екі өрнектің салыстырылуы мүмкін, мәселен:
2+5*2+4 8-3*8-1 5+3*2+67*65*7. 8*8
3. Санды өрнектермен жүргізілген жұмыстардың табиғи жалғасы ретінде 1 сыныпта 3-ші тоқсанның соңында әріптік өрнек жайында түсінік қалыптастырылады. Мұнда құрамында бір ғана әріп болатын әр алуан қосындылар мен айырмалар құруға, әріптің берілген мәндерінде, олардың мәндерін табуға, оларды оқуға және жазуға қатысты білік пен дағдылардың негізін қалаумен шектеу көзделеді. Қорытынды нәтиже - қарапайым өрнектерді (қосынды және айырма) бір-бірінен ажырату, оларды оқу, жазу және құру, әріпті өрнектің мәнін табу сияқты мәселелерді оқып-үйрену тұрғысынан біршама тәжірибе жинақтау болып табылады. Ойлаған сан мен 4-тің қосындысын жазып көрсете аласыңба?
4 пен ойлаған санның қосындысын ше? Ойлаған сан мен 4-тің айырмасын ше? Ойлаған санды жасырын сан □ түрінде белгілейік. Сонда □ + 4, □ - 4, 4 - □ сияқты жазып көрсетуге болады. Математикада белгісіз санның орнына "әріп" жазады, сондықтан □ белігісін a әрпімен алмастыруға болады, яғни a+4, 4+a, a-4, 4-a. Бұлар — әріпті өрнектер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Дүйсенбекова «Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту». Бастауыш мектеп №10. 2019ж. 27 бет.

  2. Ж.Қайыңбаев. «Математиканы оқыту ерекшеліктері». Бастауыш мектеп №5. 9 бет

  3. Қосанов Б.М., Сағымбекова П.С., Егемова Қ.Б. Бастауыш математика курсындағы стандартты емес жаттығулар. -Алматы, 2020

  4. Математика оқулығы 1-4 сынып. Алматы «Атамұра»

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей. Екінші басылым

  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей

  7. Рахымбек Д. және т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш, 2013




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет