№5 (213) 17 наурыз 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата09.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#8532
1   2   3   4   5   6

 

Жансая ЛҰҚПАНОВА

«Сөз мерген» үйірмесінің мүшесі 

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы , Жаңақала ауданы

«Отан,- деп соққан 

жүрегім»

Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл-сол  кездегі  Кеңес 

халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш 

ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бүгінде Ұлы Отан 

соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың 

қарасы  жыл  санап  азайып  барады.  Қазақ  ел 

басына  күн  туғанда  толарсақтан  саз  кешетін 

жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары 

парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың  қанды 

қырғынға  қаймықпай    соғысқанына  ашық  көзіміз 

жетеді.  Сол  бір    сұрапыл  жылдары  Қазақ  халқы 

өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін, 

ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол кездегі Кеңес 

Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, 

жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты 

үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест 

қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар 

Сталинград түбегінгдегі шайқаста, Днепр өткелінде, 

Москва мен Ленинград үшін  болған ұрыстарда ерен 

ерліктер  көрсетті.  Бес  жүзден  аса  жерлестеріміз, 

оның  ішінде  тоқсан  алты  Қазақ  Кеңес  Одағының 

Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, 

Талғат  Бегельдинов,  Сергей  Луганский,  Иван 

Павлов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова және 

біз білмейтін жауынгерлер ерлігі қаншама. Көрнекті 

қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр 

тағдыры туралы;

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенінен сүйкімді, 

Бұлағымдай  көремін...,-  деп  жауынгерлерді 

жалынды жырымын жеііске жігерлендірді. 

Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі 

ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ 

далада  да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан 

миллиондаған  басқындарды  өз  бауырына  аналық 

мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған  завод 

пен  фабрикаларға,  майданға  керекті  оқ-дәрі  мен 

азық-түлік  жеткізуші  үлкен  арсеналға  айналды. 

Аналарымыз  жесір,  сәбилеріміз  жетім  қалып,  ақ 

жүздерін  қайғы  жасы  жауып,  ащы  зары  мен  мұңы 

дүниені  күңірентті.  жеңіс  жолында  халқымыздың 

басынан өткерген небір қиындақтар мен қасіреттер, 

ерлеріміздің  ерлігі  тарихқа  жазылып,  халық 

есінде  мәңгілік  сақталып  қалды.  Жеңістің  күні 

1945  жылдың  9  мамырында  барша  жұртшылыққа 

шапағын  шашып,  ел  еңсесін  тіктей  бастады.  Бүгін 

де міне сол жеңістің туын желбіреткенімізге 70 жыл 

толып отыр.  

Қазіргі  таңда  біз,  Тәуелсіз  елдің  жас  өрендері 

үлкен  күрес  жолымен  келген    Тәуелсіздігімізді, 

елдігімізді  көзіміздің  қарашығындай  сақтап, 

еліміздің  жарқын  болашағы  үшін  өнегелі  тәрбие, 

терең  білім  алып,  аянбай  еңбектенуіміз  қажет. 

Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жеткен  жетістіктеріміз 

бен  табыстарымыз  ұшан-теңіз.  Әлем  жұрты 

мойындаған  іргелі  ел  болдық.  Мұның  барлығы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  пен  халқымыздың 

қажырлы  еңбегінің  арқасы.  Біз  осының  барлығын 

қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. 

Біз-бақытты  ұрпақпыз.  Осы  бақытымызды, 

шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік.



Айтолқын БАзАРБАЕВА

Чапаев ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы

Теректі ауданы,Долиный ауылы

 «Адал адам 



Отан

ын сүйеді. 

Адал, ақ жүрекке 

Отан

 анасындай.



Отан

ның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. 



Отан

ға деген махаббатты бізде өлшеуге 

болмайды» 

 Баубек Бұлқышев 

      Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің 

әдістемелік  кабинетінің  2015  жылға  арналған 

іс-шаралар жұмыс жоспарына сай Ұлы Жеңістің 

70 жылдығына орай бастауыш сынып оқушылар 

арасында 

«Туған 


өлкенің 

батырлары» 

тақырыбында  аудандық  шығармалар  байқауы 

оздырылды.

Байқаудың 

мақсаты: 

Отанға 

деген 


оқушылардың 

патриоттық 

сезімдерін 

қалыптастыру,  тарихи  тұлғалардың  ерлігін 

насихаттау.  Туған  өлкенің  тарихын  зерделеу 

арқылы 


білім 

алушылардың 

танымдық 

қызығушылығы  мен  ізденушілік-зерттеушілік 

шығармашылығын  дамыту.  Отансүйгіштікке 

баулу. 


 Байқаудың міндеттері:

1.Оқушыларды қазақстандық отансүйгіштікке 

және азаматтылыққа тәрбиелеу;

2.  Рухани  және  әлеуметтік-адамгершілік 

әлеуеті бай тұлғаны қалыптастыру;

3.Туған  өлкені  тану  арқылы  көпұлтты 

қоғамға сай құндылықтарға бағдарланған қарым 

- қатынастарды қалыптастыру. 

4.Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу

Байқау  екі  кезеңнен  тұрды.      Бірінші  кезең 

-  мектепішілік

Екінші кезең -  аудандық

Мектептерден 

аудандық 

кезеңге 

жолданған  бастауыш  сынып  оқушыларының 

шығармашылық 

жұмыстарын 

ауданның 

бастауыш  сынып  мұғалімдерінен  құрылған 

шығармашылық  топ  құрамы  өз  бағасын 

берді.  Оқушыларға  мектеп  ұстаздары  мен 

ата-аналардың 

бағыт-бағдар 

бергендері 

жұмыстарынан 

көрініп 

тұр.Тақырыптық 

шығармашылық 

байқау 


болғандықтан, 

шығармалар  тақырыпқа  сай,жоспарлы  түрде 

жазылған,  оқушылардың  жазбаша  сөйлеу 

тілі  дамыған.  Оқушылардың  Отанға  деген 

патриоттық сезімдерін қалыптасқан туындылар 

шеберлікпен  бейнелі  жеткізген.  Туған  өлкенің 

тарихын  ізденіп,  зерттеу,  зерделеу  арқылы 

тарихи  тұлғалардың  ерлігін  танып,    ата-

бабасының үлгі болар ерлігін зор мақтанышпен 

ұрпақтары ақ қағазға суреттей білген.  

«Туған өлкенің батырлары» тақырыбындағы 

аудандық  шығармалар  байқауына  барлық 

мектептің 2-4 сынып оқушылары қатысып, үздік 

жазған    шығармалары  жеке  жинақ  кітапша  

болып  шықты.Байқауға  қатысқан  оқушылар 

мақтау грамоталарымен марапатталды.

Үздік  жазған  оқушылардың  шығармалары 

аудандық қоғамдық-саяси «Шұғыла», облыстық 

«Самал» балалар  мен жасөспірімдер газетіне, 

республикалық 

«Айгөлек», 

«Балдырған»  

балалар журналына  жолданды.

Ұлы  Отан  соғысында  бейбіт  күн  үшін 

күрескен  батыр  аталардың  ерлігін,  бойындағы 

ержүректілік,  отан  сүйгіштік,  ұлтжандылық 

қасиеттерін  үлгі  тұтып,  өз  ойларын  айта  да 

жаза  білетін  егеменді  еліміздің  болашағына 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

жастарды  отансүйгіштікке  баулып,  патриоттық 

сезімін ояту мақсатында: «Еліңнің ұлы болсаң, 

еліңе  жаның  ашыса,  адамзаттық  намысың 

болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз  мемлекетінің 

нығайып-көркеюі  жолында  жан  теріңді  сығып 

жүріп,  еңбек  ет.  Жердің  де,  елдің  де  иесі  өзің 

екеніңді  ұмытпа!»  деген  болатын.  Олай  болса 

«жүрегі  елім»  -  деп  соққан  ұл-қыздарымыз 

көбейе  берсін.  Оқушылардың  қаламдары 

ұшталып, талаптарына нұр жаусын демекпін!

Толқын КИСЕКОВА

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің 

          әдістемелік кабинеттің

бастауыш сыныптар бойынша әдіскері



                                                                 

Жәнібек ауданы

 «Біздің өлке қаһарманы»

Насиболла  Сахметов.  Орал  педогогикалық  училищесін  тәмамдаған  соң,  Орлы-ой 

бастауыш мектебінде ұстаздық жұмысын атқарады.1939 жылдың ақырабында Совет армиясы 

қатарына  шақырылады.  Насиболла  атаның  әскери  қызметі  Забайкал  әскери  округінен 

басталды.  Ол  Маннаргейм  бекінісін  жасаған  ақфиндер  соғысына 

қатысты.  1940  жылдың  12  наурызында  ақфиндер  тізе  бүккен  соң, 

жас  жауынгердің  әскери  қызметі    Жапониямен  шекаралықта  қайта 

жалғасады.

Насиболла Сахметовтың жинақылық пен тәртіптілікті, саяси және әскери әзірліктің 

озаттылығымен  қабілеттілігін  байқаған  командирлер  оны  взвод  командирлерін 

дайындайтын  қысқа  мерзімді  әскери  училищеге  жібереді.  Насиболла  кіші  лейтенант 

атағын  алып,  1942  жылдың  қаңтарында  бітіріп  шығып,  жас  лейтенант    Насиболла 

Сахметов Батыс майданға келіп, взвод басқарады.

316-ы  атқыштар  дивизиясының  құрамында  лейтенант  Сахметов  басқарған  бөлім 

үш тәулікке созылған қан төгіс ұрыста Москва-Варшава тас жолын кесіп, жаудың ілгері 

жылжуына мүмкіндік бермей, шабуылға тойтарыс береді.Ақырында ол оң жақ бұғанадан 

жараланып, аз уақыт емделгесін ол майданға қайта оралады. Сұрапыл соғыстың алғы 

шебінде  болып,  не  бір  қиындықты  бастан  кешкен  атамыз,  Украйна  жерінің  Хвостово 

селосы маңында ұрыста екінші рет аяғынан жараланып, кейін сауыққан соң, 2-Украйна 

майданының  

атқыштар дивизясының құрамындағы Насиболла Сахметов басқарған пулеметшілер ротасы Днепр мен Десна 

өзендерінен  көктей  өтіп  жау  қолынан  Киевті,  Черниговті,  Житомирді,Украйна  мен  Молдавияны  азат  етеді. 

Румынияны, Полшаны, Венгрияны азат еткен майдан жауынгерлерімен бірге шайқаста Н.Сахметов басқарған 

бөлімнің көрсеткен ерлік істері айтарлықтай болды.

 

1944жылдың  көктеміндепулеметшілер  ротасының  командирі  аға  лейтенант  Н.Сахметов  дивизия 



штабына шақыртылып, оған Карпат  тауынан өтіп, жаудың тылынан соққы беруді ұйымдастыру операциясы 

тапсырылады.

Жас қазақ батальон жауынгерлері карпат тауының биік шатқалды құздарынан өтіп, жаудың тас және темір 

жолдарының  коммуникациясын  кесіп,тылдан  соққы  берңп,  үш  тәулікке  созылған  кескілескен  ұрыстан  кейін 

меже алынып, совет жауынгерлерінің ілгері жылжуына қолайлы жағдай жасалады.

Осы шайқастағы ерлігі үшін қазақ ұлы «Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі» орденімен наградталады.

 

Майданнан жеңіспен оралған запастағы капитан Насиболла Сахметов халық шаруашылығын қалпына 



келтіру, тылдағы титықтаған шаруашылықты түзеуге қомақты үлес қосты. Ол Қазақстан Компартиясы Фурманов 

аудандық комитетінде әскери және ауылшаруашылық бөлімін басқарды. Кейін ұзақ жылдар бойына «Пятимар» 

жылқы заводы, Жұлдыз МТС-і, Фурманов қой совхозы партия комитеттеріне жетекшілік етті. Үш жыл «Пятимар» 

жылқы  заводында  директордың  шаруашылық  жөніндегі  орынбасары  болып  қызмет  атқарды.1963жылы  

«Айдархан»  совхозы  директорының  шаруашылық  жөніндегі  орынбасары  болып  ұзақ  жыл  жемісті  қызмет 

атқарған. 1974 жылы 30 наурызда дүниеден озды. Атамыздың жұбайы  Қимаш әжеміздің көзі тірі. Қазір шөбере 

сүйіп,  келіні  Жұмабике  әжемізбен  немерелерінің  қызығын  көріп  отырған  аяулы  әже.  Насиболла  атамыздың 

ерлігі ұрпақтарының есінде мәңгі сақталады деп сенемін.



Асылай БИҒАЛИЕВА

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің

 7-сынып оқушысы

 Жаңажол ауылы,Жаңақала ауданы



Жеңістің туын желбіреткен батыр 

      Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов өлкеміздегі Кеңес Одағының батыры. Сұрапыл 

сұм соғыстан аман-есен оралып, талай жыл туған жері, елі үшін еңбек еткен талапты 

тұлға  еді.  Жеңіс  күнін  жақындатуға  жол  салған,  көп  жылдар  жемісті  еңбек  еткен  ер 

соғыстан алған ауыр жарақатының салдарынан қаза тапты.

      Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай асыл азаматымызды еске 

алу, оның өмір жолын, ерліктерін келешек ұрпақтың бойына сіңіру, Ұлы Отан соғысының 

мән-мағынасын айқын түсіндіру мақсатында   Мендалиев ЖОББМ-де батырды еске алу 

шарасы оздырылды. Бұл шараға «Жас ұлан» мүшелері, мектеп оқушылары, ардагердер 

мен ұстаздар қауымы қатысты. Мектепішілік 

«Жас Қыран» балалар  ұйымының   кішкене 

бүлдіршіндері  сұрапыл  соғыс  жайлы  және 

батырға  арналған    жүрекжарды    жырларын 

төкті.  Ортада  А.  Хұсайыновтың  елі    үшін 

жасаған  ерлігіне  берілген  медальдар  мен 

ордендері,  еңбек  кітапшасы,  құжаттары 

көрсетілген 

көрме 


ұйымдастырылды. 

Бұл  құнды  құжаттар  Жалпақтал  ауылдық 

мұражайынан  алынған.  Шара  барысында 

көрсетілген материалдарды Батыс Қазақстан 

облысы  Жалпақтал  филиалы  мұражайының 

директоры  Едекешов  Ғилым  Шәріпұлы 

таныстырды.

          Тағылымға  толы  тәрбие  ісінің  кезекті  кезеңі  –мектепшілік  «Өлкетану» 

мұражайына  саяхатпен  жалғасын  тапты.  Мұражайда  Утешов  Ахмет  Мақсотұлының 

жетекшілігімен  «Жеңістің  туын  желбіреткен  батыр»  тақырыбындағы  ғылыми  жобаны 

10-сынып оқушысы Ержан Мақсотов қорғады. Жобада батырдың өмірі, соғыстан кейінгі 

өмірі, жазылған хаттары, отбасы туралы мағлұматтар кеңінен қамтылды. Осыдан соң 

сөз кезегі Батырдың көзін көрген Жалпақтал ауылының тұрғындары, еңбек ардагерлері 

Қоңырбаев  Әлібек  Қоңырбайұлы,    Шымболат  Өтешқалиевтерге  берілді.  Ардагерлер 

батыр туралы естеліктерді  еске алып,  қаншалықты еліне адал азамат болғандығын 

айтты.


Болашақ  ұрпақтың    бақыты  үшін  күрескен  батырымыздың  еңбегін  ел  жақсылары 

елеп бірнеше нысандар мен көшелерге Батыр есімін  бергеніне қуанамыз.  Айта кетсек, 

А. Хұсайынов атындағы  Бөкей Ордасы  ауданына қарасты Мұратсай мектебі, Жалпақтал 

аймағындағы    «Жұлдыз»  мектебі    және  аталмыш  ауылдарда  көшелер    де  бар.  Ер 

есімі-ел  есінде.  Болашаққа  бақытты  ғұмыр  сыйлап,  өз  жанын  құрбан  қылған  мұндай 

бабаларымыздың  қасиетті  рухы-әрдайым  ұлтын  қорғап  жүрері  хақ.  А.Хұсайыновтың 

еңбек  жолымен  шара  барысында  оқушылардың  барлығы  дерлік  танысты.  Мектептің 

тәрбие  ісі  жөніндегі  меңгерушісі  Амирова  Жанар  Құрманбайқызы  мұндай    шаралар  

мамыр айына дейін әртүрлі апталықтармен жалғасын табатындығын жеткізді.

гүлжанат АМАНгЕЛДИЕВА

 К.Мендалиев ЖОББМ-нің  машықкері

Казталов ауданы


№5 (213)    17.03.2015 ж.

4

Ардагерлерге тағзым

Мен өз арғы атамды 

мақтан тұтамын

Осыдан 70 жыл соғыс жеңіспен аяқталып, бейбітшілік 

орнады.  Бұл  соғысқа  көптеген  қазақстандықтар  да 

қатысты.  Атамның  айтуынша  солардың  ішінде  менің 

арғы атам – Меңдіғали Нұрымовта болыпты. Атам 1895 

жылы  Күйгенкөл  ауылында  дүниеге  келген.  Соғысқа 

дейін  ұста  болып  жұмыс  жасаған,1941  жылы  қараша 

айында  соғысқа  аттаныпты.  Сталинград  –  Дубовск 

станциясы арасында теміржол салуда болған,сол кезде 

жұмыста  жүргенде  бомба  жарылып,  госпитальда  3 

ай  емделіп,  қайтадан  соғысқа  аттаныпты.1943  жылы 

ауыр  жараланып  ауылға  оралады.  Ауылға  оралған 

соң  ұсталық  жұмысын  жалғастырыпты.  Ерен  еңбегінің 

арқасында    көптеген  мақтау  қағаздарымен  марапатталыпты.  1963  жылы 

қыркүйек айында дүниеден өткен екен. Жолдасы Шәрипа екеуі 3 ұл, 3 қыз 

тәрбиелеп  өсіріпті.  Оның  біреуі  менің  атам  -    Меңдіғалиев  Жұматай.  Көп 

жылдар  бойы  фототілші,  механизатор,  тракторист  –  комбайыншы  болып 

жұмыс жасады. №2 фермада меңгеруші, завхоз болып жұмыс жасады, қазір 

-зейнеткер.  Өз  немерелерінің  қызығын  қызықтап,  ақылшы  болып  отырған 

бақытты ата.

Соншама жылдар  өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.  Өйткені 

сұрапыл  соғыста  жауынгерлер  Жеңіс  сағатын  минуттап  күтіп,сол  қасиетті 

жолда  қаншама  боздақтар  қыршыннан  қиылды,  қаншама  отбасы  ойран 

болды.  Демек  аталарымыздың  бақытты  өмір  үшін  төккен  терлері,  аққан 

қандары бекер кетпеді. Сенімдері мен үміттері ақталды. Олардың оқ пен от 

ортасындағы ерлігін жас ұрпақ ешқашан да ұмытуға тиіс емес.

      Бүгінгі бейбіт заманда бүлдіршіндерге  алаңсыз бақытты балалық 

шақ сыйлаған,  ардагер  аталарымызды мақтан тұтып, олардың еңбектерін 

ешқашан ұмытпайық дегім келеді.

Айшагүл ЖҰМАТЕВА

Ө.Сахипов атындағыЖББ орта мектебінің

4-сынып оқушысы, 

Күйгенкөл ауылы,.Жәнібек ауданы

Мой дедушка верно 

служил своему Отечеству

День  Победы  –  один  из  самых  важных 

казахстанских праздников. Ежегодно, 9 мая мы 

празднуем  Великую  Победу  Великого  народа. 

9  мая,  бывшие  государства  Советского  союза, 

забыв  обо  всех  разногласиях,  вспоминают, 

что  мы  единый  народ.  Этот  праздник  касается 

каждого  жителя  страны,  он  объединяет 

поколения и заставляет каждого почувствовать 

себя частью чего-то важного.

     К сожалению, с каждым годом ветеранов 

Великой  Отечественной  войны  становится  все 

меньше, и скоро следущее поколение учащихся  

смогут  узнать  о  подвиге  поколения  наших 

дедушек и бабушек только из наших рассказов и 

уроков истории. В то же время, с развитием интернета появилось 

больше  возможностей  воссоздать  и  сохранить  историю  этого 

всенародного  подвига.Хочу  прежде  всего  выразить  огромную 

благодарность  организаторам  конкурса.  Готовили  свои 

конкурсные  материалы с большой   ответственностью  к памяти  

ветеранов  ВОВ.

Мой дедушка Байгабылов Гусман родился в 22 апреля  1924 

года в поселке Лбищенск. Когда он ушел на войну, ему было всего 

17 лет. В самый тяжелый период Великой Отечественной Войны 

в  августе  1942  года  он  становиться  курсантом  Ленинградского 

училища.  Но,  совсем  не  долго  продолжалась  учеба  и  в  тот  же 

год  моего  дедушку  отправляют  в  самое  пекло  войны  в  3-й 

Белорусский  фронт,  в  котором  он  прошел  до  конца  Великой 

Отечественной войны. Встретил эту радостную новость весной 

в немецком городе Кенингсберге.

Великая  Отечественная  Война  не  закончилась  победным 

маршем  1945г.  Для  моего  дедушки,  как  и  для  многих  других 

таких же солдат она продолжалась на полях Манджурии против 

активно сопротивляющейся японской армии.

Дедушка уже в мирное время с болью в сердце вспоминает 

о своих товарищах обнополчанцах, которые остались на полях 

сражениях в чужих странах.

В 1942 году в месте с ним забрали на фронт 143 односельчан 

чапаевцев, и в 1947 году их вернулось 

всего 12 человек...

Послевоенные 

годы 

Гусман 


Байгабулов  верно  служил  своему 

Отечеству,  проработав  в  органах 

Министарства 

внутренних 

дел 

практический  30  лет.  И  везде,  как  в 



собственной  жизни,  мой  дед  остается 

честным  и  глубоко  порядочным 

человеком,  для  которого  Кодекс  чести 

и  нравственные  ценности,  остаются 

всегда важны.

О  больших  сражениях,  горьких 

потерях и радостных событиях говорят 

ордена и медали моего боевого дедушки. Я очень сильно горжусь 

им, и память о войне будет жить со мной, и вечная память, всем, 

кто защищал Родину.



ЖУСУП АЙНАгУЛь

Ученица 9 класса, СОШ №1.

С. Чапаево, Акжаикского района, 

Учитель: Анесова Айнат Бахтыгалиевна



АТАМНЫҢ АЙТҚАН әҢгІМЕСІ

 

Атамның  айтуы  бойынша  1941-1945 



жылғы    соғыстың  аяқталуының  70  жылдығына 

арналған    100-ге  жуық    әртүрлі    шаралар  

жоспарланып    отыр.    Осы    ардагерлерге  

байланысты    біздің    қалада    «Ардагерлер  

саябағы» ашылды. 

 

Бәрі білгендей соғыс деген өте қиын. 



Соғысқа ер адамдар мен әйел адамдар қатысты. 

Бірақ  елдің  женуіне,  соғыстың  аяқталуына  әр 

адам  өз  үлесін  қосты.  Бұл  Ұлы  Отан  соғысы 

болып таңылды. Қазіргі ардагерлер, біздің, жаңа 

ұрпақтың аспаны ашық, дүние жүзінде тек бақыт 

болғаның біз үшін қаның төккен.

 

Сол себепті біз отансүйгіш, патриот болу қажетпіз. Сондықтан  біз олардың 



жасаған ерлігін ешқашанда ұмытпау керекпіз.

Асылхан ЕСЕНгУБЕКОВ 

№2 ЖББОМ-нің 5»ә» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

МИРА БУДИРОВА 

7 «А» класс



  г. Аксай

Өнегелі өмір иесі

Менің  туып  өскен  ауылымда  өскелең  ұрпаққа  үлгі 

боларлық адамдар көп–ақ.

Солардың  бірі  менің  әжем  –  Қама  Қуанышқалиева. 

Әжем қайтыс болса да,оның өз өмірінен шерткен әңгімелері 

менің есімде жатталып қалды. Ол неміс басқыншы-ларымен 

болған соғыс жылдарында бар жоғы жиырма жаста болған 

екен.  Кішкен-тайынан  еңбекке  араласып,ауылда  қалған 

қариялар,балалар, аналармен бірлесіп тынбай еңбек еткен.

Ел басына күн туғанда қырда шөп шауып,мал бағып,сиыр 

сауып  сауыншы  болса,  үйге  келгенде  де  қарап  отырмай 

майданда жүрген сарбаз-дарға арнап шұлықтар тоқып күні-

түні бел жазбай еңбектеніп  жеңістің жақында-уына өз үлесін 

қосқан  адам.Әжемнің  өткен  өмірі,өнегелі  еңбегі  ,адамдық  

қасиеті бізге үлгі.  Мен әжемді мақтан етем.



Айару ӨТЕМІС

ЖББ Ұзынкөл орта мектебінің 

4-сынып оқушысы

   Ұзынкөл ауылы,Жәнібек ауданы



Мен атамды мақтан етемін

Өскелең  ұрпақтың  жарқын  болашағы  үшін  қанда  майданда  ажалмен  бетпе-бет  кездесіп,қаруын  қанға 

малған  жаумен  шайқаста  ержүрек  ерлігі  үшін  екі    «Даңқ»,үш  «Қызыл  жұлдыз»,  үш  «Ерлігі»т.б  мемлекеттік 

наградалармен марапатталған, КСРО Мемлкеттік сыйлығының лауреаты менің атам Ибат Құбашевтың есімін 

бірі білсе бірі біле бермейді. Ибат құбашев 1920 жылы 5 қазанда Жаңқала ауданында дүниеге келген. Он екі 

жасқа толғанда ата-анасы қайтыс болып №500 Совхоз деп аталатын Қазақстанның 40 жылдығы атындағы 

шаруашылықта тұратын бауырлас апасы Нәсидің қолында өседі.

1939 жылы азаматтық борышын өтеу үшін Армия қатарына аттанады.Содан 1941 жылы Ұлы Отан соғысы 

басталып, майданға кетеді. Ленинград маңындағы 45-ші мотоатқыштар ротасында жаумен шайқасады.Соғыс 

барысында алты рет жараланғанына қарамастан, әскери сапқа қайта оралып, Жапон милитаристеріне қарсы 

күресті  жалғастырады.  1946  жылы  22  мамырда  Отан  алдындағы  қасиетті  борышы  өтеп,  елге  аман-есен 

оралды.


1951 жылы аға шопан болып тағайындалып ,бұл жұмыста қол үзбестен 33 жыл еңбек етеді.1976 жылы 

«Еңбек  Қызыл  Ту»орденімен  марапатталып,1979  жылы  Мемлекет  сыйлығының  иегері  атанады.  Қазақстан 

облысы  бойынша  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атағын  алған  екі  азамат,  оның  бірі-Жұбан 

Молдағалиев болса,екіншісі менің атам - Ибат  Құбашев.

Майданда  ерлік  көрсетіп,  еңбекте  зор  табыстарға  қол  жеткізген  атамды  мен  әрқашан  мақтан  тұтамын.

Осындай елім деп еңіреп өткен ерлер есімінің көлеңкеде қалуы,біз үшін, яғни келер ұрпақ үшін –үлкен сын.

Ең болмағанда,туған мекеніндегі мектепке, көшеге есімі берілмеуі қынжылтады.Батырларымыздың ерлігі мен 

еңбегін бағалап, ел есінде ұстаған жағдайда ғана келер ұрпаққа мұра болар, ұлтымыздың данышпандылығын, 

абыройын асқақтата білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет