5
№ 38 (1342)
20 қыркүйек,
сенбі,
2014 жыл
Шыңғырлау аудандық қоғамдық - саяси газеті
Серпін
Бүгінгі нөмірде:
2
Газет 1938 жылдан
шығып келеді
Человек и закон
3
4
Солдат сөмкесі
Үлгілі отағасы -
ұлағатты ұстаз
Развивать средний бизнес
– главная задача дня
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес
ШЕШІМ ЕТЕМІн:
аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы 2014 жылдың 22 қыркүйек күні
Шыңғырлау аудандық әкімдік мәжіліс залында сағат 11
00
ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
1. Шыңғырлау ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Сессия төрағасы Т.қАлиЕв
Шыңғырлау аудандық мәслихат сессия
төрағасының ШЕШІМІ
№ 27 2014 жыл 15 қыркүйек
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясын шақыру туралы
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінде «Балаға
мейірім сыйла!» тақырыбымен «Мектепке жол» акциясы
кең көлемде аталып өтті. Шараға ауылымыздың жеке
кәсіпкерлері атсалысып, өз демеушіліктерін көрсетті.
Бақтыбаева Бақыт аманбайқызы аз қамтылған
отбасының 19 баласына, 1 қамқорлықтағы балаға
(қырық мың теңгеге) киім-кешектер, аяқ киімдер, мектеп сөмкелерін
алып берсе, а.Исламбеков, М.Қабидуллиева оқушыларға оқу құралдарын
табыстады.
Бұл акциядан ауылымыздың мәдениет үйінің қызметкерлері а.Имашева,
а.Сұлтанғалиев, М.Бижанова да қалыс қалмай демеушілік жасады.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,-дегендей
қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебіздерін аямай, қолдан
келген жәрдемдерін ұсынып, достық пейілдерін танытқан демеушілерімізге
ризашылығымызды білдіреміз.
С.қоЖАМқұловА,
Тасмола орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жақсылық жасауға асығайық
Біздің мектепте «Мектепке жол»
акциясы жылма-жыл өткізіледі.
Биыл да сол дәстүр бойынша
жалғасын тауып, аталмыш шара
аясында бірінші сыныпқа баратын
бүлдіршіндерге арналған «Бірінші
сыныпқа-бірінші рет» атты мерекелік
шара ұйымдастырылды.
Игілікті шара мектеп директоры
Б.Махметовтың мектеп табалдыры-
ғын аттағалы отырған бүлдіршіндерге
арнаған құттықтау сөзімен ашылып,
мектеп оқушыларының концерттік
бағдарламасымен жалғасын тапты.
Сондай-ақ 1-сыныпқа баратын 9
бүлдіршінге демеушілер атынан
Ш.Тукашева және ащысай селолық
округінің әйелдер кеңесінің мүшесі
Г. Бисембаева құттықтау сөз сөйлеп,
мектеп құралдары сыйға табысталды.
Сонымен қатар, мектебіміздегі көп
балалы және аз қамтылған отбасы
балаларына мектеп ұжымы мен
ауыл азаматтары қолдау көрсетіп,
демеушілік жасады.
Мектептің көптеген шараларына
қолдау көрсетіп, қолдан келген
жәрдемдерін ұсынып, достық
пейілдерін танытқан демеушілеріміз
мектеп ұжымына және Г.Бисембаева,
Г.Махметова, М.Иманалиева, Ш.Тука-
шева, О.Лесова апайларымызға өз
ризашылығымызды білдіріп, алғыс
айтамыз.
М.МыРЗАхАнқыЗы,
Амангелді негізгі мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Амангелділік оқушылар алғысы
-Шыңғырлау орман шаруашылығы
мекемесі 1937 жылы құрылған. Өзінің
қарамағына Шыңғырлау, Сырым,
Қаратөбе аудандарын біріктіреді.
Жалпы жер алқабы -27112 гектарды
құраса, орманды алқабы - 8211 га.
Үстіміздегі жылы Шыңғырлау
аудандық орман және жануарларды
қорғау мемлекеттік мекемесі жос-
парланған жұмыстарын түгелімен
атқарды. Жиырма бес гектар жерге
ағаш отырғызылып, Шыңғырлау село-
лық округі жолдарының жағаларына
да 25 гектар жерге тал шіліктері
отырғызылды.
Әртүрлі ағаш түрлерінің сорттары
өсіріліп, тұрғындарға 100-200 теңге
бағасымен сатылды. Екпе ағаштардың
боярышник, томарикс, сары акация,
қарақат, көктерек түрлеріне сұраныс
көп болды.
Біздің
жұмысымыздың
басты
бағытының бірі - өрт сөндіру жұ-
мыстары. Бұл жұмысты атқару
мақсатында 1200 км ағаш егілген
жер жолақтарына күтім жасалынып,
өрт сөндіруге арналған 4 км
жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұның сыртында үгіт-насихат жүргізу
мақсатында парақшалар таратылып,
осы тақырыпқа арналған паннолар
барлық селолық округтерге ілінді.
Орманды сақтаудың тағы бір жұмыс
түрі - уақытылы химиялық өңдеу
жұмыстарын жүргізу, карантиндер
белгілеу болып табылады. Биылғы
жылы 2360 га жерді мақсатты өңдеу
жұмыстары атқарылды.
Жұмысымыз
нәтижелі
болып,
сапасының артуына «Жасыл ел» еңбек
отрядтарының көмегі айтарлықтай.
Орман көмекшілері ағаштардың
тұқымын жинап, оларды сұрыптау
жұмыстарын жүргізді.
Жалпы осы жұмыспен 50 студент
қамтылды. Биылғы егілген тал -
шіліктердің шығымы 80 пайызды
құрады, ал өспей қалған орындарға
күзде тағы да ағаш отырғызылу
жоспарлануда.
Мереке қарсаңында ардагерлеріміз
-Б.Төленбаев, Г.Семенова, Г.Сай-
«Нұр Отан» партиясының ғимаратында облыстық «Орал өңірі» газетінің
редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов пен тәжірибелі журналист
Еламан Әйпішев оқырмандармен кездесті. Кездесуді кіріспе сөзбен аудандық
Ішкі саясат бөлімінің басшысы анар Садықова ашты. алғашқы сөз алған
Сырымбек Жәрдемұлы жиналғандарға облыстық газеттердегі жұмыстар
жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Газет тарихы жөніндегі жаңалықтарға
тоқталып, оқырмандарды ашық әңгімеге шақырды. Жерлестеріміз облыстан
келген қонақтарға өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде
сұрақтарын қойып отырды.
Пікірлерін ортаға салып, сауал-сұрақтарын қоюшыларға тиянақты
жауаптар берілді. Оқырман қауымды көп мәселе толғантады. Сараптамалық
материалдармен қатар, өлке тарихы, еңбек ардагерлері туралы көбірек
жазылса деген ұсыныстар жасалды. ардагерлер С.Самиев, Т.Жантасов,
а.Үмбеталиевтер сөз сөйлеп, газет жұмысына серпіліс, табысты еңбек тіледі.
Сөз кезегінде өз пікірлерін ортаға салған Қаршыға Елемесов та айтылған
жайларды қолдап, облыстық газеттің жауапты қызметкерлеріне ауданымыз
жөнінде көбірек қалам тербеулеріне ұсыныс білдірді.
Мәселелердің ұсақ-түйегі жоқ. айтылған ой-пікірлерге облыстық
газет қызметкерлері толығымен жауап беріп, газеттердің сапасын көтеру,
материалдардың қызғылықты, оқылымы болуы жұртшылықтың өзіне де
қатысты екенін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Адақ ТАнАБАй
Оқырманмен ой бөлісті
Қазақстанда отбасы күнін той-
лау - отбасы, адамгершілік, рухтан-
дырушылық қасиеттің нығаюына,
жауапты зайыптылықтың маңыз-
дылығын танып-білуге үлес қосу
болып табылса, биылдан бастап
бұл мереке қыркүйек айының
екiнші жексенбісі деп белгіленгелі
мектебімізде бірнеше іс-шаралар
ұйымдастырылды.
Ең
алдымен
аудандық білім беру бөлімнің
дайындаған «Отбасы – бақыт мекені»
атты апталық жоспарымен танысып,
өз жұмысымызға бағыт-бағдар алып,
енді міне мерекелік шараларымызды
да ұйымдастырудамыз. Ең алдымен
мектебімізде «Бірінші сынып
оқушыларының ата – аналарына
психологиялық көмек» акциясы
ұйымдастырылды. Берері мен үйретері
көп, мағлұматтармен толықтырылған
акцияны 1 – сынып оқушыларының
алғашқы ұстазы Гүлмира Каженова
өткізді. Танымыды да тәлімді шарада
ата – аналармен психологиялық
тренингтер, «Сіз қандай ата –
анасыз?» атты тест өткізілді. Бұл
шараға б отбасы келіп қатысып,
берілген
тапсырмаларды
үлкен
қызығушылықпен орындап отырды.
Сонымен қатар, шара кезінде ата –
аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар
қойылып, өзара пікір алмасылды.
Қызықты да қызғылықты сабақ
кезінде, балаға дер кезінде көмек
беріп, баланы тындағанда ынтамен
«Отбасы – бақыт мекені»
апталығы
отан – отбасынан басталады дегендей, біз отанымызды, елімізді
жанымыздай сүюге және тәуелсіз қазақстанымыздың тұғыры
берік, болашағы баянды болуына жан - жақты атсалысуымыз қажет.
отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден - бір орта, ол – отбасы.
отбасы- шағын мемлекет деп текке айтылмаған.
тыңдаудың нәтижесінде болашақта
түрлі
қиындықтардың
пайда
болмауына
септігін
тигізетінін
Гүлмира ақмадиқызы ата-аналарға ой
салып, тәрбиені дұрыс жолға қоюды
ұсынды.
Сонымен қатар, мектебімізде 5-11
сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие
бастауы» тақырыбында тәрбиелік мәні
бар, отбасындағы жарасымдылық
қарым-қатынасты нығайту мақсатын-
дағы тәрбие сағаттары да өткізілді.
Отбасы мерекесіне арналған шаралар
жоспары бойынша «Әкем, анам және
мен» спорттық эстафеталық ойындар
мен ұлттық ойындар да қызықты
және тартысты ұйымдастырылды.
Оған қатысқан барлық ата-аналар да
оқушыларда өздерінің бойларындағы
спортқа деген қызығушылығын көрсе-
те біліп, отбасы бірлігін, ұйымшыл-
дық, жауапкершілік сезімдерін тағы
бір сыннан өткізіп, одан әрі жанұя
бірлігін нығайтқандай әсерде болды.
Жарыс кезінде оқушыларда ата-
аналарынан қалыспай, жеңіске деген
құлшыныстарын білдіріп отырды.
Денсаулықты нығайтып, адам
бойындағы күш-жігерге серпіліс
беретін осындай спорттық жарыс-
тардың барлығымызға да қажет
екендігін жете түсінген жарысқа
қатысушылар,- осы жарыстар тағы да
жалғасын тапса,- деген тілектерін де
айтып жатты.
ал аудандық білім бөлімі берген
жоспарға сәйкес, «Менің отбасым-
ның қайырымды дәстүрлері» атты
іс-шараны мектебіміздің әлеуметтік
педагогі Салтанат Қылышева өз
дәрежесінде өткізді. Ұлтымыздың
салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы дәріптелген,
оқушылардың сұрақтарына тұщымды
жауаптар берілген бұл шараға селоның
көпбалалы, аз қамтылған отбасылары,
ата-аналары арнайы шақырылды.
Жарқын, әрі мәні мен маңыздылығы
жағынан құнды материалдармен
толықтырылған мереке соңында
ата-аналарға арналып концерттік
бағдарлама да оздырылды.
Жанұя, отбасы - мемлекеттің ірге-
тасы. ал қоғамдағы әр отбасының
босағасы берік, мерейі үстем болмай
мемлекеттің мықты болуы мүмкін
емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың
2030-жылдарға арналған стратегиялық
бағдарламасындағы негізгі бағыт-
тарының бірі - отбасы болып саналады.
Отбасы – адам баласының өсіп -
өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын
бесігі. Сондықтан, өз жанұяларыңды
құрметтеуді, сыйлауды, мақтан тұтуды
естен шығармайық деген іргелі сөзбен
аяқталған шара көптің есінде әлі біраз
жүрері анық.
қ.БАйМухАновА,
А.Тихоненко атындағы
оЖББ мектебінің тәрбие ісі
жөнінідегі орынбасары
фетдинов, Е.Есенғазиев, Е. Ишеке-
новтерді атап өткіміз келеді.
Бірге жұмыс атқарып жүрген а. Бис-
манов, а. Головнев, С. Кушекбаев,
Б.Көшелеков, С.алмағанбетов, В.Ла-
новойлардың табысты істері мақтауға
лайық. Сонымен қатар Г.Утебаевты,
а.ақбалиевті,
М.Завгородныйды,
К.Ерғалиеваны, М.Батталовты атап
өтуге болады.
аталмыш саланың қызметкерлерін
мерекелерімен құттықтап, ашық
аспан, табысты еңбек тілейміз.
н.САДықов,
орман шаруашылығы
мекемесінің басшысы
Орманды сақтайық, өскінді баптайық
Қыркүйектің қоңыр күзі жайма-шуақтығымен ерекшеленіп тұр.
Жасыл жапырағы желбіреген ағаштардың сары түске жамылуына
да санаулы күндер қалғандай. Орманшылар күні қарсаңында аудандық
орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Нұрлан Исқақұлы
Садықовпен кездесудің сәті түсті. Мекеме басшысының ой-пікірін
өздеріңізге ұсындық.
21 қыркүйек - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні
2
ҚОғаМ
Серпін
№ 38 (1342). 20 қыркүйек 2014 жыл
Иә, тіл - халықтың басты қасиетті
байлығы болса, байлығымызды
келешек ұрпаққа қалдыру, оның
қасиетін білу мақсатында Қазақ-
стан Республикасының Президенті
1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827
Жарлығымен
жыл
сайынғы
қыркүйектің үшінші жексенбісін
«Қазақстан халықтарының тілдері
күні» деп жариялаған болатын.
атаулы мерекеге орай Батыс
Қазақстан облысының жергілікті
әскери
басқару
органдарында
2014 жылғы тамыздың 20-нан
қыркүйектің 20-на дейін «Тіл-
татулық тірегі» атты айлық өтуде.
Жуырда аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінде «ана тілім-
ардағым» атты іс-шара өткізілді.
Оған қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің жеке құрамы белсене
Ана тілді ардақтаған шара
Жуырда аудандық сот ғимара-
тында «қазақ тілі – мемлекетіміздің
түп қазығы» атты дөңгелек үстел
оздырылды. Тәлімі мен тәрбиесі
мол тағылымды отырысты кеңсе
меңгерушісі Ш.Тұңғатарова жүргізсе,
мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімінің бас
маманы С.Бисенғалиева, БаҚ өкілдері
мен сот ұжымының қызметкерлері
С.Қабиев, а.Төлеуішова, Р.Вагапова
өз пікірлерін ортаға салып, белсен-
ділікпен қатысты. Бүгінгі басқосудың
мақсаты – еліміздегі тіл саясатының
дамуына тек қағаз түрінде ғана
атсалысып қоймай, осындай мәнді
де мағыналы шаралар арқылы ой
бөлісіп, бірлесе отырып жақсы нәтиже
көрсету.
-ата-бабамыздың ғасырлар бойы
аңсаған
арманы
жүзеге
асып,
тәуелсіздікке қолымыз жетті.Тіліміз
бен дініміз, діліміздің қадір-қасиетін
түсініп, бүгінгі таңда тек өзіміз емес,
өзге ұлт өкілдерінің жетік меңгеріп,
қазақ тілінде сөйлеп жүргенін
күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз.
Сонымен қатар, қазақ тілі заң шығару,
іс қағаздарын жүргізу, ғылым мен
білім, заманауи ақпарат тілі болып
отыр. Бұл игілікті шаралардың жүзеге
асырылып, егеменді еліміздің көк
аспаны аясында тату-тәтті, бейбіт
өмір кешуіміздің басты себебі Елбасы
Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының
арқасы деп білемін,-деді өзінің
баяндамасында а.Төлеуішова.
«Кеңсе тілі қазақша болмай, іс
оңалмайды»,-деп С.Сейфуллин кеңес
дәуірінде айтып өткендей, бізді
бүгін сот қызметкерлерінің шығыс
құжаттарының жүз пайыз қазақ-
шаланғаны және де ана тіліміздің
өркендеп өрлеуіне қарбалас қызмет-
теріне қарамастан уақыт тауып, үнемі
көңіл бөлуі қуантады.
Гауһар ӘлІБЕК
қазақ тілі - мемлекетіміздің
түп қазығы
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. ол әрбір адамның
бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әр елдің
мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұрасы.
Мектебімізде отбасы күні
мерекесіне орай «Отбасы–бақыт
мекенім» атты апталықтың аясында
үлгілі отбасымен кездесу кеші өтті.
«адамға ең бірінші білім емес
рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас
жауы. Ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі», - деген
екен Әл - Фараби. Ұлы ғұлама
айтқандай отбасы – тәлім мен
тәрбиенің, үлгі мен өнегенің,
мейірімділік пен адамгершіліктің
ордасы. Осы қағиданың негізінде
мектебімізде біраз жылдар бойы
қызмет атқарған, ұлағатты ұстаз,
шаңырағының қазынасы, діңгегі
болып отырған атамыз Қанатов
Құмар Танашұлымен кездесу өтті.
Құмар Танашұлы 1936 жылы
Батыс
Қазақстан
облысы,
Шыңғырлау ауданы, Ново -
Петровка
ауылында
дүниеге
келген. алматыдағы С.Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік
университеті, физика факультетінің
ядролық бөліміне оқуға түседі.
Бірақ денсаулығына байланысты
оқуын аяқтай алмай, 4- курстың ІІ
жартысынан Орал қаласына қайта
келіп, оқуын а.Пушкин атындағы
Орал педогогикалық институтында
жалғастырады. Еңбек жолын 1961
жылы Шыңғырлау ауданының
Лубен ауылындағы а.Тихоненко
атындағы мектептен бастаған.
Мектебімізде физика пәнінен сабақ
берген. Білікті ұстаз қоғамдық
жұмысқа да белсене араласқан. Осы
жылдар ішінде ол мектеп комсомол
Үлгілі отағасы,
ұлағатты ұстаз
комитетінің секретары, кәсіподақ
комитетінің председателі, оқу ісінің
меңгерушісі міндеттерін атқарған.
Кездесу барысында атамыз өзінің
жүріп өткен жолдарынан сыр
шертті. Балалардың сұрақтарына
тұшымды жауап беріп, өнегелі
отбасының үлгісі ретінде өз отбасын
таныстырды. Құмар ата:-«Құдай
қосқан қосағым жанымда, бала-
ларым болса барлығы бірдей оқу
бітіріп, өз бастарына үй болды.
Немерелерім бірі жоғары оқу
орнында білім алса, бірі мектеп
қабырғасында
оқып
жатыр.
«Барлығы да өмірде өз орындарын
тауып, еңбек етіп, тек қана жақсы
хабарларымен қуантып отырады.
Олардың әрібір игілікті істері,
жақсы тәртіптері мен үшін үлкен бір
жетістік. Олар үшін сүйініп, қуанып
отырамын, жалпы мен бақытты
атамын. Сіздер де үлгілі оқушы
болып, ата-аналарыңды сыйлаң-
дар», -деді.
Бұл кеште қонағымызға арнап
сынып оқушылары сазды сәлемдеме
ретінде «Жан ана» әнін әуелетіп
шырқаса, бишілер тобы «Қара
жорға» биін мың бұрала биледі.
Кездесудің
соңында
атамыз
балаларға ақ батасын берді. Бұл
кездесу кеші балаларға үлкен әсер
қалдырды.
А. САйыновА,
А.Тихоненко атындағы орта
жалпы білім беретін мектебінің
мұғалімі
Жуырда
облыстық
білім
басқармасының
ұйымдастыруымен
«ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен»
тақырыбы шеңберінде «Мектеп
табалдырығынан ғылымға» атты
көрме-байқауы оздырылды.Оған біздің
балалармен мектептен тыс жұмыс
орталығының үйірме жетекшілері
өз оқушыларын қатыстырды.Бұл
көрме-байқау оқушылардың ғылыми-
техникалық
шығармашылығының
инновациялық дамуын ынталандыру,
жобалық, зерттеушілік, құрастыру-
шылық және өнертапқыштық деңгейін
арттыру мақсатында өткен болатын.
Бірнеше аудан сынға түскен
байқауда жас өнертапқыштарымыз
«Экология және табиғаттың тиім-
ділігі» аталымы бойынша Шыңғырлау
орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Б.Кереев, (жетекшісі Р.Таужанов)
III орын алса, «Робототехника және
ақпараттық технологиялар» аталымы
бойынша Шилі орта мектебінің 7-
сынып оқушысы Т.Байғалиев те
(жетекшісі М.Жұмағалиев) III орынға
ие болып, облыстық білім бөлімінің
басқарма басшысы а.Мыңбаеваның
атынан дипломмен және бағалы
сыйлықтармен марапатталып қайтты.
алдағы күнде де бұл жас
өнертапқыштарымыздың
шығар-
машылық ізденістері арта түсіп, әлі де
талай биіктерден көрінсін дейміз.
А.ищанова,
Аудандық балалармен мектептен
тыс жұмыс орталығының әдіскері
Жуырда республикалық « Бір ел-
бір кітап» акциясы аясында аудандық
орталық балалар кітапханасының
ұйымдастыруымен Сайын Мұрат-
бековтың шығармашылығына арнал-
ған кітапханалық флеш-моб Шилі орта
мектебінің жанындағы интернатында
өткізілді.
Балаларға « Бір ел - бір кітап
акциясы», «Сайын Мұратбеков» деп
жазылған шарлар және де жазушының
«Жусан иісі» атты кітабының
суреті, жазушының портреті және
тағы да басқа естелік сыйлықтары
үлестірілді.
Шара барысында балаларға
жалпы акция туралы айтылып,
С.Мұратбековтың өмірі мен шығар-
машылығына тоқталды. 7 «б»
сынып оқушысы М.Жалғасбаева
«Жусан иісі» шығармасынан үзінді
оқып,балалар кітапханашылар сұрақ-
тарына тұщымды жауап қайтарып,
өздерінің жазушы шығармашылығына
деген қызығушылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, балаларға бүгінгі
шараға
арқау
болып
отырған
кейіпкер С.Мұратбековтың өмірі мен
шығармашылығы туралы қос тілдегі
жадынама таратылды. Кеш соңында
белсене қатысқан балаларға кітапхана
атынан шағын сыйлықтар табыс
етілді.