Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Бүгінгі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1. Көмектес септік жалғауы: Қалам-мен, доп-пен т.б.
5. -ов, -ев, -ин: Хасенов-тің, Мейірбаев-тің, Майлин-нің т.б.
6 Басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-бақ, би-шара т.б. Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер,үй-де-гі-лер-іміз.