Дидактикалық мақсатқа байланысты өздік жұмыстарды былайша топтастыруға болады:
Жаңа білімдерді игеру және оны одан әрі тереңдету.
Жаңа материалды бекіту мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
Өткен материалды қайталау және еске түсіру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
Білім, білік және дағдыларды қолдана білу мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын тексеру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар.
Сонымен бірге өздік жұмыстардың ауызша және жазбаша орындалатын, сыныптағы немесе үйдегі, жалпы сыныптық, топтық және жеке түрлері де қолданылады.
Оқу материалының мазмұнына, материалдың ерекшеліктеріне, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа да факторларға байланысты мұғалім оқу процесінде сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес өздік жұмыстардың түрлерін немесе олардың бірнешеуін тиімді қолданудың тиімді жолдарын жоспарлауы тиіс. Оқушыларға берілген әрбір өздік жұмыстың белгілі бір мақсаты болуы керек. Өздік жұмыс оқушыға түсінікті, қызықты, әрі оқушының қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Осыған байланысты оқушыға ұсынылатын өздік жұмыстар теориялық материалды да, практикалық жаттығуларды да және зерттеушілік сипатындағы тапсырмаларды да қамтуы тиіс. Өздік жұмыстар бірте-бірте күрделеніп, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталғаны дұрыс [3].
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мынандай талаптардың сақталғаны дұрыс:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуы тиіс;
3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4.Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |