*5-билет 1 үндестік заңы, буын үндестігі, сингорманизм


)өлеңдерді оқыту әдістемесі, тәрбиелік мәні



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі24,12 Kb.
#13916
1   2   3   4   5   6   7
2)өлеңдерді оқыту әдістемесі, тәрбиелік мәні

Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары


енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-
мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.
Оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты
жаңартып отырса құба-құп. Ол үшін ең алдымен дұрыс мәнерлеп оқуға көп көңіл
бөлу керек. Оқушылардың білім алуы - ең алдымен мәтінді қабылдау болып
табылады. Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың,
оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор,
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы,
эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана
ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай "Өлең сөздің патшасы,
сөз сарайы" деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан
сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз
шығады.
Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сөзбен
жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді
ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.
Бастауыш сынып оқушыларына берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді.
Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-
күйіне, асқақ ойының мағынасын білдіреді.
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл
әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауырлау деген бейнелі сөздер мен
сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.
2) Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады.
Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
3) Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны
дұрыстап оқиды.
4) Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп,
ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
5) Өлеңді 2ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы
жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке
оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет