2)сауат ашу кезіндегі көрнекі құралдар.
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік.. Ол – бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан, оқытудың мұғалімдер жұртшылығының құрметіне бөленген дәстүрлі де тұрақты әдісі. Шынында да, бастауыш сыныптарда көрнекілік құралдарсыз бірде-бір сабақ өткізілмейді деуге болады. Өйткені, оқытудың мұндай құралдары оқушылардың қабылдау ерекшелігіне өте-мөте сай келеді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық модельдер, жеке заттардың суреттері мен сюжеттік суреттер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар
– сабақ сапасын жандандырудың басты құралдарына жатады. Көрнекі құралдар, әрине, өзінен-өзі істің нәтижелі болуын қамтамасыз етпейді, мәселенің тетігі оларды орынды пайдалануда. Соған байланысты көрнекі құрал түрлерін орынсыз қолданып, сабақты ауырлатпау, оған берілген уақытты босқа жібермеу жағы мұқият ойластырылуы керек. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс
жүргізу дәрежесіне байланысты.
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал – «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағында түрлі тақырыптарға салынатын суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Бұл суреттер бір жағынан, лингвистикалық мақсат көздесе,
екінші жағынан, балалардың мектепке дейінгі үйренген сөздік қорын пайдалану арқылы тілдерінің даму деңгейін байқау үшін берілген. Әліппеден әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картиналар, әңгімелер, жұмбақтар т.б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті саналады.
3)шағын жинақталған бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділіктерін дамыту жолдары.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыруы үшін, өздігінен ізденіп, қажетті әдебиеттерді оқып, бақылау, тәжірибе жасап, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алу, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес
Достарыңызбен бөлісу: |