Тəрбиенiң мақсаты мен тəрбиелiк кəсiби қызметiнiң мотивтерi Мақсат пен мотив адам iс-əрекетiнiң мəндiк бiрлiктерi. Мақсатсыз əрекет жоқ. Ал мотивсiз мақсат белсендiлiгi қарапайым əрекет шеңберiнен аспайды. Əрекетке итермелеушi ықпал - мақсат, ал сондай ықпалдық мотивтерде де бар. Мақсат пен мотив əрдайым бiрге, iс-əрекеттiң мазмұны мен сипатын анықтайтын құбылыстар. Мақсат -''субъект не iстеп жатыр?'' дегенге жауап. Мотив болса ___________''субъект мұны не үшiн iстеп жатқанын'',яғни ықпалдық себебiн ашады.
Субъект, жалпылама болса да, мақсат пен мотивтi айқындамағанша, iс-əрекетке бара алмайды. Мақсат болжастыру аймағында мотив екi себептiк маңызға ие. Бiрiншiден, мотив iс-əрекет сипатына əсер етедi: қуат, күш салу, адалдық, нəтиже жолында белсендiлiк деңгейi,субъектiң психологиялық қалпы. Екiншiден – мақсаттың мотивпен бiрлесуi, мотивпен орынауысуы. Мысалы, тұрмысын жақсарту ниетiмен жiгiт педагогикалық кəсiптi таңдады. Алдыңғы мақсат мотивпен ауысты, ендi оның мақсаты кəсiптiк шеберлiктi игеру болды, ал мақсатқа деген ұмтылысты əлеуметтiк бағыт мотивi қолдап-қуаттайды.
Педагогтiң тəрбие ұйымдастыруға байланысты кəсiби қызметiнiң мақсаты – тəрбие мақсатын анықтау, оны iске асыру. Ал осы педагогикалық iс-əрекеттiң мотивтерi неде?
Бұл тұрғыдан, педагогикалық мақсат мотивтерi келесiдей: 1. Қайшылығы көп, күрделi өмiрге енiп жатқан сəбидiң бақыты үшiн қамқорлық; 2. Балалық шақтың сəулелi өтуiне көмек беру жəне адамға деген инабатты қатынас. Мұндай сипаттағы мотивтер педагогке кəсiптiк жəне əлеуметтiк келеңсiздiктердi елей бермей, iзгi мақсатқа жетуге жол ашады.
Педагогикалық қызметке араласуға түрткi болатын қарапайым мотивтердi де жоққа шығаруға болмайды; мысалы, қаражат табудың көзi, демалыс уақыттарының ыңғайлығы, бүкiл өмiр бойы балалар мен жастар арасында жүрiп, өзiнiң де рухани кəрiлiкке берiлместiгiн сақтап қалу т.с.с. Бiрақ бұлардың бəрi де кəсiп таңдаған тəрбиешi-педагогтiң балаға деген қамқорлығы мен оны азаматтық кемелiне жеткiзуге байланысты ықлас-ынтасына күш-қуат бере алмайды.
Жоғары сезiмнен шыққан iзгi ниет тəрбиешiнiң кəсiби iсiнiң сипатына үлкен ықпал жасайды; осыдан мұғалiм-педагог қарадүрсiн əрекетке бармауға тырысады, баланы көптiң бiрi деп қарамай, онымен жеке тəрбие жұмысын өткiзуге ұмтылады. Балаға деген қамқорлық мұғалiмдi əлеуметтiк аласапыран кезеңдегi келдi-кеттi, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тəрбиесiне қосудан сақтайды.Сонымен, педагогтiң адами-имандылық бағыт-бағдары оның ұстанған мақсат, мотивтерiне ерекше сипат бередi де, бiр-бiрiмен iргелес жасап, педагог қызметiнде өзара байланысты болады.
Ал, осы педагогтiң мақсаты балаға белгiлi ме? Мектепке аяқ басқанда ертең ұлағатты азамат болып шығатынын ол сезiне ме?
Əлбетте, оның төңiрегiндегiлердiң бəрiнiң де əңгiмесi баланың келешекте адам болуы жөнiнде. Ал, оның өзi оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен əуре, өзiнiң тəрбиеленiп жатқанымен тiптi iсi жоқ, ол педагогтi өзiнiң жақсы досы, кеңесшiсi, қайырымды ұстаз-мұғалiм деп таниды. Педагог болса жасырын педагогикалық ''тақта'' ол мақсат белгiлеп, оны балаға жария етпестен, iске асырудың жолында болады.
Бала бақытына деген жанпидалықтан туындайтын мотив ''жасырын'' педагог бағытының жүзiне келуiне себiн тигiзедi; баланың тəрбиеленуi емес, жасауы қажет, бала өмiр лəззатына дайындалуға тиiс емес, ол лəззатқа бөленiп өсуi керек; бақытты болу үшiн бала педагогикалық басшылықты танып баруға тиiс емес, өмiрдiң əрбiр қасқағым сəтiн жоспарлаған дамудың элементтерiндей қабылдамай, өз өмiрiнiң болмысы деп бiлгенi жөн.
Есейе келе əр бала тəрбие мақсатын өзiндiк тəрбие мен өзiндiк дамудың мақсаты сипатында қабылдап, педагогтан тəрбие эстафетасын қолына алып, тəрбие субъектiсiне айналуы қажет.
Осыдан, педагог рөлi жаңа кейiпке енедi.
Балаға деген қамқорлық қазiргi заманның өте күрделi аймағында өз орнын иелеп,педагогтiң өз кəсiптiк деңгейiн көтеруiне, өз педагогикалық шеберлiгiне жаңа əдiстемелердi қосуына, мамандық белсендiлiгi мен рухының ұзақ жасауына күш-қуат бередi.
Педагогикалық қызметтiң имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын iс-əрекеттiң қажет септiгiне негiз болады. Педагог өзiнiң кəсiптiк мiндеттерiн орындай отырып,балалардың дене жəне рухани дамуына байланысты əрқандай жұмыстарды атқарып барады.Бiрақ бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуiне бағытталып, механикалық жаттықтырудан(дрессировка) аулақ болғаны əбден қажет.
Мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой – тұжырым арқылы болжау. Тәрбие – әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.