Мақсаты – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.
Тәрбиенің мақсаты – нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты — жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тәрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізін-дегі қазіргі анықтамалары.
Әлемдік және ұлттық мәдеииет — тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.
Педагог құзыреттілігінің мақсатты үдеріске әсері.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, жалпыадамзаттылық құлдылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.
Студенттердің талдау сұрақтары:
Құндылық қатынастар тәрбие процесінің мазмұны ретінде.
Адам құндылық ретінде.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тәрбие мазмұны.
Адам тұлғасын жетілдірудегі өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі.
Дәріс 5 Педагогика тарихындағы ой – пікірлердегі тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір талас ежелгі дәуірдің өзінде – ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, өз өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру Сократтың шәкірті Платон ақыл – ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлердің тап – тілектеріне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты жан рақым – ақыл – ес пен ерік – жігерді дамыту деп білді.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие 3 мақсатқа жетуге бағытталуы қажет:өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл - ой тәрбиесі) және құдайға сыйыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты джентелмендерді «өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адамды» қалыптастыру.Ж.Ж.руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт – ұстанымынан айныған емес.
И.Г.Пестолоццидің тәрбие мақсаты, адамның табиға күш- қуаты мен қабілеттілігін дамытуға неізделді, сонымен қатар, бұл даму жан жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуін қажеттілігіне тоқталса. Ал И.Ф.Гербарттың ойынша тәрбие мақсаты рақымды адамды қалыптастыруға қалыптасқан қарым – қатнастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарға мақсатын А.Дистервег «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» деп анықтаған.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсң\інді. Әрине, бұл ұстаным – тәрбиенің негізгі мақсаты бірақ , тәрбиенің мақсаты бір жақты қарастырып, күнделікті тәжрибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелеоі алға қойғае мақсаттан біршама ерекшеленеуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал – демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көз қарастарын әлемге ұсынды. ХІХ ғ. 40- жылдарында В.Г.Белинский крепоснойлық права мен патшалық саяхатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И.Герцен тәрбие мақсаты – қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. «біз ақыл – ойдың дамуына таным мен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды» - деп, К.Д.Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиеннің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерін бірлікті қарастыру өзекті мәселелердің бірі екендігіне ерекше мән берген.
Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты – ол педагогикалықпроцесс пен қоғамның қажетілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылардың оқу іс әрекетінің мақсатының нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты – бұл қоғамнынң бет бұрысына қандай мұратына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсат – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат – тәрьиемен жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде арақатнасты болады., жүйесі мен оның копоненттеріне тәелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты міндеттерінің жүйесі.
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбенің мақсаты далпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалқ құндылықтарды, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әралуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа обьективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты – тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше одан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму заңдылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатнасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертімен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының қоғамдық – экономикалық қатнас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс – әрекеттердің нәтижелерін оқушылардың тәрьиеге ьой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізгі әрбәр индивидтің дамуы табиғаттың адамға гигиеналық тұрғыдан берген әлеумет мүмкіншілігін дамытуымен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш – қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл – сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс – әректке қолданудың амал күні – бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым – қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеуқоғаммен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліп отырады.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттырады.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді)соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Нәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс – әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қаоап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл – ой, адамгершілік, еңбек , эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжрибені игеруі саналы – ұтымды іс – әрекетіне, одан шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологиялық байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позицияларға, құнды бағыттырға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпыл етті. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мртив – қажеттілік – қызығушылық – мақсат.
Қарым – қатнастардың мақсаты қоғамдық іргелі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Педагогтiң кəсiби қызметi адамның барша iс-əрекетiндегiдей мақсат қоюдан басталады.
Педагогтiң балалармен жүргiзiп жатқан iсiнде мақсат болмаса, ол iстi кəсiпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны əншейiн бiр əрекет, тəрбиелiк процеспен ешбiр байланысы жоқ, жəй белсендiлiк деп түсiну керек.
Мақсатты сезiну əрқандай iс-əрекетке қуат бередi. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшiне қанат берiп, оны өрiстете түседi. Мақсатқа жету адам бағытының негiзi болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.
Тəрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзектi категориясы. Оны нақтылау, жобалау,дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.Кейде педагог балалармен оқу-тəрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бiрақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған iсiнде қаншалықты сарсаңға түсiп, оңды-солды ұрынғанын, нəтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бiр-ақ түсiнедi. Егер түсiнсе!
Шынында да, күнделiктi мектептегi педагогикалық тəрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешiлуде, кейде ол мəселе тiптi естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тəрбие'', яғни жол-жөнекей тəлiм етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтiң кəсiби қызметiнiң өнiмi жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкiншiлiктерi iске қосылмайды, ал кəсiптiк iскер не iстерiн бiлмей, ақырында түңiледi, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейдi.Тəрбиелiк iстiң мұндай келеңсiз жағдайларының объективтi себептерi мақсаттың əлеуметтiк-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсiне бiлу қажет.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын əрекеттiң нəтижесi туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себептi пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан – ол объективтi құбылыс. Мысалы, өмiрiнде домбыра ұстап, үнiне зер салмаған педагог балаға музыкалық тəрбие беруi мүмкiн емес т.б. Мақсат объективтi себептерден бастау алумен бiрге субъективтiк те категория, себебi ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, əр нақты тұлғаның сана-сезiмдiк ерекшелiктерiнiң көрiнiсiн бередi. Ертедегi латындар айтқандай: ''Екi адам зат жөнiнде бiр əңгiме айтуы мүмкiн, бiрақ бiрiнiң əңгiмесi екiншiсiне ұқсамас''. Бiр мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзiн əртүрлi баламада түсiнедi, себебi олардың əрқайсысы кəсiби əрекеттiң нəтижесiнде өз сана деңгейiнен баға бередi. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы – тəрбиелi адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкiндiгiнше нұсқасын анықтау – байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етедi.
Адам өзiне ықпал етушi объективтi жəне субъективтi əсерлердiң нəтижесiнде өмiр бойы қалыптасады. Бiрақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейiнгi, мектептiк, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейi мен сапаларын нақты көрсететiн өзiнiң уақыттық шектерiне ие болғандықтан, əр саты аяғындағы тəрбиелiк нəтижелер жөнiнде сөз қозғауы мүмкiн, өсiп келе жатқан ұрпақты тəрбиелеу мақсаты – кең əлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгi-лейтiн педагогикалық саясаттың басты құрылым бiрлiгi. Жарияланатын тəрбиелiк мақсаттардың экономикалық, құқықтық жəне ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттiң мiндетi. Былайша айтқанда, құқық негiзiнде бекiген тəрбие мақсатының iске асуына қоғамның бар мүмкiндiктерi бағытталуы қажет, əлбетте, бұған да тиiстi бақылау қажет. Тəрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?Өсiп келе жатқан ұрпақты тəрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттiлiгiне (цивилизованность), оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкiндiгiне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын жəне нақты жағдайларды үйлестiрiп отыратын мекемелерiне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың əртүрлi көрiнiске енуiне тəуелсiз, оның iске асып отыруын қамтамасыз етедi. Мақсат əрекетi адамның саналық (идеялық) өнiмi болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгерiске түседi, себебi ол үздiксiз ауыспалы дүниемен, сонымен бiрге өзгерiстегi тұлғамен де əрекеттiк-қозғалмалы байланыста болады. Тəжiрибе, бiлiм, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бiрақ құбылмалы сана иесi – субъект сол байлыққа жету жолында өзiнiң де өзгерiп жатқанын байқай бермейдi, не оған тiптi мəн бермейдi. Мысалы, педагог ''кеше'' де, ''бүгiн'' де өзiн бiр мақсат ұстағандай сезiнедi, ал сырттан қарағанға, оның кəсiби педагогикалық iсiнде өзгерiстердiң болғаны айдан анық байқалады. өмiрдiң өтпелi-ауыспалылығы мақсаттың да бiр қалыпта өзгерiссiз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелi қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрiнедi. Себебi,баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруi қас қағымдай, сондықтан өсiп келе жатқан жеке адамның əлеуметтiк-психологиялық жаңа құрылымдары бiр мақсаттың ысырылып, орнына екiншiсiнiң қойылуы табиғи талаптар дамуының нəтижесi болып есептеледi. Ал, соңғы нəтиженi көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерiстер байланыстылығын сақтап, ''тəрбиелi адамның'' жеке образын баламаластырып қарауға, айқындауға мүмкiндiк бередi.
Момын да, айдағанға көнгiш бастауыш сынып оқушысы да, тынымсыз, беймаза жасөспiрiмде, менменсiнген ''данагөй'' жоғары сынып шəкiртi де – бəрi де мұғалiм бастаған бiр даму жолын басып өтедi, əңгiме сол жолдың кең болып, күтiлген жеке адамдық əртүрлiлiктi сыйғыза алуында. Осы мысалда көптеген əр жас деңгейiне бай-ланысты күтiлген нəтиже – нақты мақсатқа байланысты 6 жастағы балаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында жетiлетiн нəтижесi– жалпы мақсат өнiмi.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтiнiн көрсетедi. Мақсатты, көр-кемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетiн жұлдызбен теңестiрген жөн. Мақсаттың бiтуi – рухани не заттай жойылу деген сөз. Мақсат өзiн белгiлейтiн субъект - адаммен бiрге дамып отырады, себебi ол сол субъектiде жасалады, сондықтан да субъектiнiң өрлеуiмен мақсат та жоғарылай бастайды. өссем деген кəсiпкерге тəн қасиет: көңiл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кəсiп иесi - мəңгi тыныштықтағы өлi жан. Мiне дамудың бiр көрiнiсi. Жеткiзбес мақсат - мақсат болып қала беру үшiн, оған жетем дегендi шарш атып,шалдықтырмас үшiн, шексiз мақсатқа жетудiң қиындығынан адам бас тартып, бос арманшылдардың қатары толыспас үшiн, мақсат жалпы сипатқа ие болуы керек, сонда ғана ол iлгерiлеген сайын ұлғайып, iс-əрекетке бағыт-бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бiр кiсi кiрiп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бiрақ көптi көрген бiр көршiсi келiп:
''Бөлмелерiңдi былай жаса'' – деп ақыл бердi: мақсат туды – бөлме өзгердi, екiншi көршi тұрып''Айна, есiктерiңдi олай ет''- деп ақыл айтты. Мақсат өзгердi – айна, есiктер көрiк алды. Үшiншiсi келiп: ''Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл''- деп жəне бiр кеңес қосты: сəндi шатыр шықты.
Ақыр аяғында кiсiнiң жалпы мақсаты – баспана да бiттi, бiрақ əншейiн баспана емес, көз тойдырар үй болды. үй салушының мақсатқа орай жоспары мен əдiсi негiзiнен сақталды, бiрақ ол жасаған өнiм бастапқы күтiлген нəтижеден айрықша болып шықты, оның себебi – мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркiндiктiң болуынан туындады. Iскер мақсат аймағында əрекет еттi, бiрақ осы аймақ тар болғанда оның шеберлiкке жетуi күмəндi болар едi.
Сонымен, мақсат - өз қызметiн атқару үшiн жалпы сипатқа ие болуы тиiс. Сонда ғана тəрбие мақсатының жалпы тəрбие процесiне байланысты орны нақ көрiнедi: мақсат – бастау көзi, педагогтiң кəсiби қызметiнiң бiрiншi элементi. Схема түрiнде бұл былайша сипатталады. Тəрбие мақсаты ® Тəрбие процесi ® Тəрбие нəтижесi
Бұдан туындайтын ой – мақсат тəрбие процесiнiң мазмұнын айқандайды, мақсат тəрбие нəтижесiне негiз болады, мақсат - педагогтiң кəсiби iс-əрекетiнiң баға-өлшемi, мақсат – педагог санасының үздiксiз айналымда жүретiн ой объектiсi. Бұған қосымша, тəрбие жүйесi толығымен мақсатқа тəуелдi, оған орай өз мəн-мағынасына ие болады.
Сонымен, педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы: