5 Дәріс тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі


Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі57,87 Kb.
#116797
1   2   3   4
Байланысты:
daris 5

Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерінде кеңінен қолданылады. «әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым – қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру – мәдени элеметтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ, әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамдық маңызды салаларын білу, өндірістік өызметке қатысуы, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез – құлқы әлеуметтендіру объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте – бірте игерілуі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым – қатнасын рьттейді.
Ғылыми адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келеді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталады. Әлуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеументтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887ж) өзінің «Әлеуметтендіру теориясын» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғам адам өзінің тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін – өзі тәрбиелеу жағдайында, пдпм өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде жетуде өзінің бедел – сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнын сезінеді.
Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметті қарым – қатнасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б көрінеді. «адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқасубъектілермен бірдей жағдай тұрмайды, бірақ әркім – әрқайсысының жан жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойылған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен тобы шешімі ішкі сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсылықтық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлде қайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс – әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым – қатнаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікір, өз – өзіне баға беруі. Әлеуметтікбейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтермен, уәждік қажетсінумен реттеледі. Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелер әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым – қатнасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұсынады, ал әлеуметтендірудің өзін адамныңқоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға боалды (қоғам объективтікәсер, ал адам – оның объектісі). Бұл ұғым – пікірдің басында Э.Дюркгейм және Т.Парсонс тұрады. Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысыпқоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект - субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули және Д.Г.Мид ұсынады. Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатнаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды – кпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега – өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші – мегафактрлар (макро – үлкен) -ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бірелді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші – мезофакторлар (мезо – орташа)-тұрақтылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкентобын әлеуметтендіру жағдайы.
Микрофаторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – үйелмен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында іс – әрекет пен адамның мінез құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны;

  • ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны әлеуметтендіру;

  • жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері; отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым – қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез – құлық мәдениеттілігі, эстетикелық және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен қарым – қатынасы, орта және тәрбие. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс – әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.маркаянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелдеген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет – материалдық, рухани және сационормативті немесе адамгершілік мәдениет. «мәдениет» латын тілінен алғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы – рухты дәріптеп көтеру. Рим ороторы М.Р.Цицерон өзінің «Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзінің теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған. Э.Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығыретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өер, әдет – ғұрып, діншілдік деңгейінде зерделенген.

С.Б.Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының; биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген.
Оның ойынша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, коституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. Креьер мен Клакхон мәдениет табиғатын таңдайды, оны құрап тұрған элеметтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен қарым – қатнасы аясында, құндылықтармен және басқа адамдар мен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама берді. Ол мәдениетке материалдық әлем заттарын жатқызады.
Экономикалық тәрбиенің мақсаты – тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:

  • экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;

  • адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;

  • балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;

  • тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру;

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты – салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:

  • денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

  • табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;

  • дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

  • табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа);

  • ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

  • гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процесінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызыметкерлері баланың денсаулығын, психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, еңбекте, қоғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауда сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенеің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

  • эстетикалық білімдерді қалыптастыру;

  • эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;

  • ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;

  • шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;

  • эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;

  • адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;

  • өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық зандарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі,табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың : «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеу арқылы іске асады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлермен қатар жүргізіліп, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады. Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланысқан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділік тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік. Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның қоғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытудағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұтас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке «Мен» - дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спорттық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезде олардың жеке күнделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ол балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын ұызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. Қазіргі кезде мектептерде міндетті түрде өзін-өзі тану сабақтары еңгізілуде, өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жасғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін» - жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын кқзбен қарауды талап етеді. Неміс ақаны Ф.Логау былый деп тегін айтпаған:
«Өзіңмен өзін түскен күрес – ең қиын күрес,
өзіңді өзін жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеу адамнан рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамнын өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені,кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәриелеудің маңызды бөлігі - мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын , адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болуы мүмкін емес. Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне – өзі баға беру, өзін – өзі бұйыру, өзіне-өзіне құптау, өзін – өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін – өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін – өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамадармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?» - деген сұрақтарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпарттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне –өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекеттің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне –өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауымтап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырығын екі апта аралығында орындап жүрген адамада өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудың маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларды байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды» - деп бекер айтпаған. Тәрбиенең демократиялық жүйесі баланың, басқа адамадар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, оның өмірдегі орнын өзі анықтауы адамның өз- өзімен және оны қоршаған ортамен үйлесімділікте жүргізілуі қажет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет