Мақсат болжау – бұл қазiргi заман өркениетiнде жасап жаңартушы қабiлетке ие осы дəуiр жеке адамының қажеттi даму деңгейiн қамтамасыз ететiн объектив, əлеуметтiк-психологиялық жəне мəдени жағдайларды түсiну; бұл сондай адамның жалпы идеал бейнесiн мейлiнше нақтылайтын сөз жүйесiн iздестiру; бұл тəрбие мақсатын қабылдауға мүмкiндiк беретiн шарттар ретiнде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мəнiне жəне даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.
Тəрбие мақсаты мен тəрбие мiндеттерi Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуiнiң бiр-бiрiне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, əрi жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының əртүрлiлiгi.
Арман - елестiң немесе қиялдың субъектiге берер бiршама қанағаттану сезiмi. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бiрақ онан келетiн қанағаттану тек iшкi қабылдаудан емес, сол бейненi iс-əрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъектi белсендi əрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нəтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нəтиже тек iштей қызығу үшiн емес, нақты жетiстiк үшiн қажет.
Арман субъекттiң енжарлығынан келiп шығады, əркетсiздiкке байланысты, ал мақсат - iс-əрекет, белсендi қызметтiң бастау көзi. Бiрақ өзiмiз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниемiздегiдей – бұл екi шектi құбылыс – арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман – мақсат түзу үшiн негiз, арман – мақсаттарды қайта қарас-тырып, үйлестiрiп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегiнде жаңа мақсатқа жетелейтiн жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудiң жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшiн талай мiндеттердi iске асыру қажеттiлiктерi туындайды.Мiндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бiр саты, орындалуы қажет нəтиженiң бiр бөлiгi, осы бөлiк өзiнiң iс-əрекеттiк бiтiмiн таппаса, жалпы нəтиже де жоқ. Мiндет мақсаттың өзiн құрайтын элементтерге бөлiнуiнен пайда болады. Кейiн сол элементтердiң бəрi бiрiгiп, iс-əрекеттiң жалпы нəтижесiн алуға жұмсалады. Iс-əрекеттiң барысын-да субъект, əдетте, мақсат ___________жөнiнде ойламайды, оның есiнде тек мiндеттерi, өз iс-əрекетiн сол мiндеттердiң кезегiмен шешiлуi деп бiледi.
Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына əкеледi, ендеше,мiндеттер де тактикалық бағдар ретiнде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға лəззат берер бақ бергiсi келдi (жалпы мақсат). Бiрақ нақты iстердi (мiндеттердi) орындау күйбеңiмен жүрiп, тиiстi орынға гүл егудi ұмытты, соның салдарынан бақ лəззат беру сипатынан айрылды,яғни негiзгi мақсат iске аспады, сонымен атқарылған мiндеттер (атызды дайындау, суғару, күтiм жасау – бəрi де) босқа кеттi.
Мақсат болжау – мақсат пен мiндеттердiң өзара байланысын тану нəтижесi.
Мiндет - мақсаттың бiр бөлiгi, құрылым бiрлiгi. Мiндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделiктi адамгершiлiкке баули отырып, қоғам азаматын тəрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиiс, өмiрде адамның тұлғалық мазмұнын оның əр секунд, минут, сағаттағы белсендi тiршiлiгi қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кəсiптiк еңбектiң ажырамас бөлiгi ретiнде мақсат болжау мұғалiмнiң, жоғары оқу орны
оқытушысының қызметiнiң құрамды бөлiгi. Осыдан, ертең ұстаздық iске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет құрылымындағы мақсат болжаудың мəнi мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды əртүрлi негiзде сараптауды жете түсiнiп, игеруi мiндеттi.
Əрбiр мiндет өзiнiң орындалу сəтiнде субъект үшiн нақты бiр мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегiнде төменiрек деңгейдегi жаңа мiндеттердi жүзеге əкеледi. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздiксiз мiндетке, мiндеттiң мақсатқа өзгерiсi мен ауысу аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тəжiрибеде түсiнiспестiк орын алып келе жатыр:ненi мақсат, ненi мiндет деп танимыз?
Егер тəрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтiң қадам сайын алға қойып,əр сəт сайын шешiп отыратын əрекеттiнiң бəрi – мiндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог бiр мiндет бағытында жұмыс iстеп, ойлай бастағаннан, дəл осы мiндет-мақсат мазмұнына ие болып, өзiне қажеттi ендiгi мiндеттерге ие болады.
Мiне, осыдан педагогикалық сөздiкте ''Тəрбиенiң мақсаты мен мiндетi'', ''Тəрбиенiң мақсаттары мен мiндеттерi'' тiркестерiн жиi кездестiремiз. Бұлардың бiрiн таңдауымыз белгiлi мақсаттың жалпы бағдарына байланысты да, бiр жағдайдың өзiнде де мақсаттық мəнге де, мiндеттiк мəнге де ие бола беретiнiнен. Мысалы, мұғалiм сабақты дайындауда нақты сабақ''мақсатын'' белгiлейдi, ал ендi осы мақсаттың өзi жалпы тəрбие мақсатының мiндетi болып шыға келедi. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесi аталған көп ''мiндеттiң'' орындалу құралына айналады: мəдени, саясат бойынша жасау қабiлетiн қалыптастыру, адам бола бiлу қабiлетiн жетiлдiру, əлеуметтiк қатынастарға араласа алу қабiлетiн түзу, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, өмiрлiк бағыт қалыптастырып, өз тiршiлiгiнiң мазмұнын реттей алу қабiлетiн орнықтыру; тұрмыстық мiндеттерге дайындау: өмiрлiк еңбекке дайындық, отбасылық өмiрге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткiзуге дайындау, өзiн шығармашылықпен баулуға дайындау.