Интуиция — қарастыру, көру, аңдау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті. Интуитивті білім: заттың мәнін ұғыну. Жаңа замандағы философияда интуиция таным қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылды. Кант, Шеллинг философиясында елеулі орын алды. Олар интуицияны интеллектуалды аңдау деп білді. Бергсон интуицияны талдаудың нәтижесін іштей көре білу, сезіну деп қарастырады. Лосский интуицияның 3 түрін қарастырады:
1)Сезімтал – сезім мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатын ой толғау, ;
2)Интеллектуалды – идеялар әлемі жатады;
3) Мистикалық – түсініксіз алдын ала ескертулер. оған заттардың материалдық қасиеттері жатады .
Американдық психотерапевт Эрик Берннің пайымдауынша, интуиция деген адамдардың қайнар көзі белгісіз кездейсоқ келген білімі. Ол білім қалай, қайдан келді, дұрыс па, бұрыс па, оны адам білмейді. Интуицияның адам өмірінде атқаратын рөлі өте зор. Өкінішке орай, бүгінгі пенделер қисынды (логика) ойлауға иек артамыз деп ішкі үн арқылы келетін білім көзі – интуициядан алшақтап кетті. Керісінше, ақыл-ойы жетілмеген деп санайтын жан-жануарларда интуиция өте жақсы дамыған.

Американдық психолог Марша Эмори бірнеше жыл интуициясы жақсы дамыған адамдарды бақылаған болатын. Нәтижесінде ол мынадай қызықты жайттарды анықтады. Жай адамдармен интуициясы жақсы адамдарды салыстырғанда, олар: 7 есе аз ауырады, жарақаттармен, ауруларымен 5 есе аз түседі (ауруханаға), 2 есе аз көлік апатына ұшырайды.