Ежегі грек философы- софист Протагор қоршаған орта құбылыстарын тану мүмкіндігін қарай отырып, ”бұл құбылыстар қалай көрінсе, солай болады” деген көз қарасты ұстанып, әр түрлі адамдардың білімдері де әр түрлі дей келіп,қоршаған орта құбылыстары мен заттарын дұрыс,айқын да нақты танып білу мүмкіндігін жоққа шығарады. Софистер мектебінің алдына қойған мақсаттары, кез келген логикалық пайымдауларға,парадокс-софизмдерге сүйене отырып кез келген тұжырымдарды негіздеу болып табылады.

Танымға қарсы алғашқы iлiмнiң бiрi - антика заманының скептицизмi. Олар көрiнген пiкiрге қарсы пiкiр табуға болады деп ақиқат бiлiмдi мойындамайды. Скептицизм(гр. skeptikos - қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) – объективтік шындықты танып білу мүмкіндігіне сенбейтін күдікке орын беретін философиялық концепция. Скептицизм - теориядан бас тартып, практикада мүмкiн болатын парасаттылыққа, әдет-ғұрыпқа сүйенедi. Бұл бағыт агностицизмге, нигилизмге алып келедi. Скептицизмнiң негiзiн қалаушылар Пиррон мен Тимон болды.
Жаңа дәуірдегі агностицизмнің көрнекті өкіліне Д.Юм мен И.Кант жатады. Юмның ойынша, ғылыми эксперименттер мен қарапайым тәжірибеде салдар себептен ажыратылатындықтан салдар себепте айқын көрінбейді. Осыдан кейін Юм себеп салдарлық байланыстардың болу мүмкіндігін дәлелдеу мүмкін емес деді,өйткені олар тәжірибеден келіп шықпайды және себептен салдарды логикалық тұрғыдан айқындау мүмкін емес екендігін айтты. Бірақ та субъективті себептілік бар яғни біздің әдет дағдыларымыз,бір құбылыстың басқамен байланысын біздің күтіп және осы байланысты түйсіктерімізде бейнеленуі. Осындай психикалық байланыстардың әр жағында Юмның ойынша біз тереңдеп ене алмаймыз. Юмға қарағанда И.Кант санадан тыс материалдық заттардың блатындығына күмән келтірмей,түсіндірді. Канттың ойынша,тек құбылыстар әлемі берілмейді. Канттың позициясы әрі қарай И.П.Мюллердің “физиологиялық идеализм” концепциясынан, Г.Гельигальцтың “мерогилфтер теориясы” немесе “символдар теориясынан” және К.Пирсонның көз қарастарынан өз жалғасын тапты.