№5 дәріс. Таным және шығармашылық Жоспар



бет8/10
Дата29.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#77211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 дәріс.Таным және шығармашылық (1)

Абсолютті ақиқат.

  • Абсолютті ақиқат.
  • Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін пішінді айтамыз. Мұндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақиқат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады.

"Мәңгілік" ақиқат.

  • "Мәңгілік" ақиқат.
  • "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.

Салыстырмалы ақиқат.

  • Салыстырмалы ақиқат.
  • Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлық объективті мазмұнымен аяқталмағандығы, толық емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі дәлдеуді қажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтқанда, салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толық емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылықтары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатқа кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады.

Ақиқат өлшемдері.

Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі заңдылықтарын қарастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасын қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат өлшемі" деп, әдетте, бір-қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың өлшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:

  • ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;
  • құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай өлшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет