«Заряд алу» (сергіту сәті )А.Ж.Егізбаев бойынша
|
Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.
|
Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.
|
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.
|
ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру
|
18
|
«Бұзық телефон» ойыны(Сергіту сәті )
|
Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау.
|
Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді.
|
Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
|
ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру
|
19
|
«Бэкроним» әдісі
|
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту.
|
Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады.
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты
|
20
|
SMART-мақсаттар
|
Мақсат құруда нақты, өлшемді, қол жетімді, шынайылыққа негіздеу.
|
Нақты мақсатқа жете алады: SMART
|
Тақырыпқа «ақылды» мақсат қоя алады.
|
|
21
|
|