5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет254/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   274
Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар жыл бойы ежелгі Қазақстан тарихымен 
танысқан болатын. Бұл сабақта оқушылар алған 
білімдерін еске түсіріп, ойларын жинақтап қорытын-
дылайды. Берілген тапсырмаларды топтасып және 
жеке орындап, өз белсенділіктерін барынша таныта-
ды. Өз ойын немесе көзқарасын жеткізе алу дағдысы 
қалыптасады. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін дерек-
көздер мен суреттерді пайдаланып, тапсырмаларды 
орындайды.
1-тапсырма
Бұл тапсырманы орындау үшін сынып оқушыла-
рын шағын топтарға бөліңіз. Оқулықта берілген су-
рет бойынша еңбек құралдары мен қару-жарақтарды 
анықтап, олардың дамуын постерге жазуды тапсы-
рыңыз. Оқушыларға алдын ала дайындалған арнайы 
критерийлерді ұсыныңыз. Мысалы,
• еңбек құралдарын анықтау;
• қару-жарақ түрлерін сипаттау;
• әр кезеңдегі адамдардың антропологиялық 
тұрғыда өзгеруін түсіндіру; 
• еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерінің 
дамуын анықтау.
Әр топ критерий бойынша дәлелдемелерін 
постерге жазып, тапсырманы қортындылау үшін 
мынадай сұраққа жауап беруі тиіс: «Еңбек құрал-
дары мен қару-жарақ түрлерінің жетілдірілуі адам 
өміріне қалай әсер етті?» Бұл сұрақты сынып тақта-
сына жазып қойыңыз.
Жауаптары. 
Кезеңдердің бір-бірінен ерекшелі-
гі еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерінің да-
муы болып саналады. Ежелгі адамдар бастапқы 
кезде тастан жасалған құралдарды пайдаланды. 
Олар құрал жасауда жұмыр тастарды
 
пайдаланды. 
Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған.
Қоладан балта, пышақ, қанжар, шаппашот, жебенің 


7-тарау. 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
163
және найзаның ұштары жасалған. Темір дәуірінде 
қару-жарақтар мен еңбек құралдарының барлығы 
біртіндеп темірден жасалды. Түрлі металдарды иге-
ру арқылы адамдардың өмірі жақсарды. Көшпелілер 
жаңа жайылымдық жер үшін, жаңа жерлерді жаулап 
ала бастады. Көршілес елдермен сауда қарым-қаты-
насын орнатты.
2-тапсырма
Сынып оқушыларын топтарға бөліңіз. Оқушы-
лар оқулықтағы сурет бойынша, ежелгі адамдар-
дың кәсібі мен шаруашылық түрлерін еске түсіреді. 
«Өзіңді осыдан 7–5 мың жыл бұрын өмір сүрген адам 
ретінде елестетіп, егіншінің өмірін сипаттауды сұра-
ныңыз. Бұл тапсырманы рөлдік ойын арқылы көр-
сетуіне болады. Осылай барлық топ өз жұмыстарын 
қорғап шығады.
Жауаптары. 
Егінші: "Мен таңертең ерте тұрып, қо-
лыма кетпен алып, егістік алқабына барамын. Онда 
мен өсімдіктерді сұрыптап, жерге отырғызамын. 
Менің ата-бабаларым алғашқы кезде aғаш баcында 
өcіп тұpған жeміс-жидектepді тepіп, табиғаттың дай-
ын өнімдерімен қоректенген. Ал мен қазір жеміс-жи-
дектерді өзім егіп, артық өнім жинаймын. Артық 
өнімді ұста мен шеберге апарып, қажетті құрал-сай-
мандарға айырбастаймын. Менің жерімнің көлемі 
артқан сайын, өнімді де мол алатын боламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет