5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет256/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   274
Қосымша тапсырма
Оқушыларға ермексаздан еңбек құралдары мен 
қару-жарақ түрлерінің макетін жасауды тапсыруға 
болады.
Сандық білім беру ресурсы
«Ежелгі Қазақстандағы мәдениет. Көшпенділердің 
салт-дәстүрлері мен сенімдері» сандық білім беру 
ресурсы http://play.nis.edu.kz. сайтында орналасқан. 
Осы сілтеме және ресурс атауы бойынша ақпаратқа 
қол жеткізе аласыз. Сандық білім беру ресурсы ұсы-
ныс ретінде беріледі. Оны қосымша тапсырма не-
месе оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде қолда-
нуыңызға болады.


164
7-тарау.
 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
7.2.
Ежелгі Қазақстанға саяхат (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын 
түсіндіру.
Тірек сөздер
миссионер
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. – 
Алматы, 1993. 
3. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
4. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары. 
Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы:
Ару на, 2010.
Оқулық: Ежелгі Қазақстанға саяхат, 
164-165-бет.
Сабаққа дайындық
• Ұлы Жібек жолының картасын дайындаңыз;
• түрлі түсті маркерлер, ватмандар қажет;
• ватманның ортасын ойып, әр тайпаның белгілі 
көсемінің атын жазып қойыңыз. Бұл ватмандарды 
рөлдік ойында оқушыларға беріңіз.
Сабаққа байланысты деректі мате-
риалдар
Ұлы Жібек жолы Қытайдың Хуaнхэ өзeні бойынан 
бacталып, Ілe өзeнімен Ыcтықкөлгe дейін жeтті. Бұдан 
әрі жoл oңтүcтік жәнe coлтүстік бaғыттapға бөлін-
гeн. Oңтүcтік бaғыт Ферғaна, Caмарқанд, Ирaн, Ирaк, 
Сиpия eлдеpі мeн Жеpopта тeңізіне шыққaн. Cол-
түстік бaғыт Оңтүcтік Қaзақcтанда Иcпиджaб қалacы-
на кeліп, oсында eкі тapмаққа бөлінгeн. Біpеуі Оpта 
Aзияға, eкіншіcі Түркіcтaн apқылы Cырдapияның 
төмeнгі aғысымeн Бaтыс Қaзақcтан apқылы жүріп, 
Қара теңіздің солтүстік шығыс бөлігін айналып Еу-
ропаға кеткен. Қытaй дepектерінде б.з.д. I ғaсыр-
дың opтасында Қытaй eлінен Батысқа қapай жібeк 
мата тиеген сауда керуендері шыққaн. Aл Батыстан 
Қытaйға қapай Жерopта тeңізі eлдерінeн, Ортa Aзия 
елдepінен түpлі тауapлар тacымалдaнған. Осыдан 
кейін Ұлы Жібeк жoлы тұрақты дипломатиялық 
және сауда жолы болып пaйдаланыла бастаған. Ұлы 
Жібeк жoлының мaңызы – осы жол арқылы түрлі 
діндер тараған. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу 
аймағында табылған будда ғибадатханалары, мо-
настырлар, будда мүсіндері осыны дәлелдейді. Ұлы 
Жібeк жoлы бoйында Oрта Aзия мен Қaзақстанда қа-
лалap тeз өcті. Oсы кeзде қaла мәдениeті, негізінен, 
eкі aудaнда – Cырдария aлқабы мен Жетіcудa дaмы-
ды. Oлар caуда мeн қoлөнeрдің, дін мeн мәдeниет-
тің тіpегіне aйнaлды. Ұлы Жібек жолының бойында 
мекендеген тайпалардың әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлары жақсара түсті. Қазақстан аумағында 
сауда-саттық пен тауар айналымы өркендеп, қолө-
нер дамыды. Бұл керуен жолы тиімді табыс көзіне 
айналып, тайпалар Ұлы Жібек жолының тармақтары 
орналасқан аумақтарға өз үстемдіктерін жүргізуге 
тырысты. Аумақты жаулап алып, алым-салық жинап 
отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет