8
8
Талқылаңдар
Оқушыларға "Өткен тарихты білу не үшін қажет?"
деген сұрақты қойыңыз. Сынып оқушыларын топ-
қа бөліп, алдын ала дайындалған 9 кеспеқағазды
топтарға таратыңыз. Кеспеқағазда жазылған тарих
туралы пікірлермен танысып, оларды талқылауды
сұраңыз. Оқушыларға өздеріне ұнаған пікірлерді
жоғары қойып, керісінше ұнамаған тұжырымдарды
төменге орналастыруды ұсыныңыз. Әр топтан 1-2
оқушы талқылау нәтижесінде кеспеқағаздарды қалай
орналастырғанын әңгімелейді. Өздеріне ұнаған пікір-
лерді оқып, не үшін ұнағанын түсіндіреді. Төменде
орналастырылған пікірлердің неліктен ұнамағанын
айтады. Тапсырманы орындау барысында тарих тура-
лы көбірек ойланып, пікірлерді талдауда оқушылар-
дың бір-бірімен білім алмасуын қадағалаңыз. Қажет
болған жағдайда кейбір топтарға мынадай сұрақтар
қойыңыз: "Біз неге адамзаттың өткен замандағы
оқиғаларын білгіміз келеді? Қазақстан аумағында өт-
кен замандарда өмір сүрген адамдардың өмірі тура-
лы білу маңызды ма? Өткен замандағы оқиғалардың
қазіргі кезеңге әсері бар ма?"
Өзгерістерді сипаттаңдар
Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп,
оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраңыз.
Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі,
темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерісін анықтап, жа-
уаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсы-
на ілуі қажет екенін түсіндіріңіз.
Жауаптары.
Тас дәуірінде адамдардың еңбек
құралдары тастан жасалған. Олар аң аулаумен ай-
налысқан, отты қолдануды білген. Аң терілерін киім
ретінде жамылған. Қола дәуірінде адамдар өмірінде
көптеген өзгерістер орын алған. Олардың бет-әл-
петтері қазіргі адамдарға өте ұқсас. Қола дәуіріндегі
адамдардың киімдері матадан тоқылған жеңіл және
ыңғайлы. Олар баспаналар салуды білген, ыдыстар
жасай алған. Өздеріне қажет еңбек құралдарын жа-
саған. Темір дәуірінде әскери өнер дамыған. Олар
темір сауыттар киген. Адамдарды басқаратын биле-
ушілер болған. Атты әскер құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: