5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет8/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   274
Кіріспе сабақ
Оқу мақсаты
Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу.
Тірек сөздер
дәуір
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. - Алматы: Атамұра, 2010.
Оқулық: Кіріспе сабақ
7-8-бет.
Зерттеу сұрағы:
Қазақстанның ежелгі та-
рихында не оқытылады?
Сабаққа дайындық
Сабақ басталғанға дейін тарих туралы пікірлер жа-
зылған 9 кеспеқағаз дайындаңыз. Кеспеқағаздарға 
жазылатын сөздер: 1. Біз өткен тарихты білмесек, бү-
гінгіні де біле алмаймыз. 2. Тарихтан адамдар сабақ 
алады. 3. Тарих тек оқулық емес, адамдардың өткен 
өмірі. 4. Тарих адамдарға сабақ бере алмайды, олар 
бәрібір қателіктер жібереді. 5. Алға қарай жүру үшін 
тарихқа көз жүгіртіп отыру керек. 6. Тарих адамдар-
ды айыптайды. 7. Тарих шындықты бұрмаламайды. 
8. Тарих – бос сөздер жинағы. 9. Тарих қайталанады. 
Ватманға уақыт сызығын салып, сынып қабырғасына 
іліп қойыңыз, тас, қола, темір дәуірлері хронологиясы 
мен сол дәуірдегі адамдар өмірін бейнелейтін сурет-
тер жабыстырылған кестені дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Қазақстан тарихы – әлемдік тарихтың бір бөлігі. 
Қазақстанның ежелгі тарихындағы кезеңдердің хро-
нологиясы басқа елдердегі ежелгі дүние кезеңдерінің 
хронологиясымен сәйкес келеді. Яғни, адамзаттың 
дамуы – жер бетінің барлық аймақтарында біркелкі 
жүрген үдеріс. Ежелгі тарих адамзаттың ең ұзақ ке-
зеңдерін қамтиды. Ол адамзаттың жер бетінде пай-
да болуын, алғашқы қауымдық қоғам мен рулық 
қауымның қалыптасуын, қола дәуіріндегі тайпалық 
құрылыс, темір дәуіріндегі тайпалық одақтар туралы 
мәліметтерді қарастырады. Ежелгі Қазақстан тарихы 
үш кезеңге бөлінеді. Тас дәуірі – уақыты бойынша 
ең ұзақ кезең. Адамзаттың дамуы бұл кезеңде өте 
баяу болды. Оны қола дәуірі алмастырды. Қола ең-
бек құралдарының темір құралдармен ауысуы темір 
дәуірінің басталғанын көрсетеді. 
Тас дәуірі тарауында оқушылар алғашқы адамдар-
дың антропологиялық жағынан даму эволюциясымен 
танысады. Алғашқы адамдар өздеріне қажетті еңбек 
құралдарын тастан жасады. Олар терімшілікпен және 
аңшылықпен айналысты. Адамдар тобыры руға ай-
налды. Қола дәуірінде Еуразия даласында андронов 
тайпалары өмір сүрді. Олар еңбек құралдарын дамы-
та отырып, мал шаруашылығы және егіншілікпен қа-
тар кен өндіруді, мыс пен қалайыны қоса балқытып, 
қоланы алуды меңгерді. Оларда тоқымашылық пен 
тері өңдеу кәсіпшілігі дамып, жүннен, теріден киім-
дер тікті. Сазбалшықты күйдіріп, қыш ыдыстар жасау 
кеңінен дамыды.
Қола дәуірінің соңында рулық құрылыс ыдырап, 
жеке отбасылық шаруашылықтар бөлініп шықты. Ру-
лық құрылыстың ыдырауынан мүлік теңсіздігі пайда 
болды.
Ерте темір дәуірі б.з.д. VIII ғасырдан бастап б.з.д. 
III ғасырға дейін 500 жылға созылды. Ал кейінгі темір 
дәуірі б.з.д. III ғасырдың басынан б.з. VI ғасыр ара-
лығын қамтиды. Оқушылар бұл тарауда тайпалық 
одақтар – сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, сарматтардың та-
рихымен танысады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс 
және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ 
тайпалық одағына, ал батыс аудандардағы тайпалар 
сармат тайпалық бірлестігіне бірікті. Археологиялық 
деректер бұл тайпалық бірлестіктердің мемлекеттік 
басқару жүйесі, экономикалық, қоғамдық қатынаста-
ры қалыптасқанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет