Күнтізбелік-тақырыптық жоспар информатика (факультатив)



бет1/2
Дата25.09.2023
өлшемі28,37 Kb.
#110140
  1   2
Байланысты:
Факультатив КТП


«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»
Б.О.Қаулы № Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп-интернат
ӘБ жетекшісі Төреханова Б.Т. Бекболатқызы Г. директоры Өмірханов Е.Н.
___________________ ___________________ __________________
"____" _____________ "____" _____________ "____" _____________


КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


ИНФОРМАТИКА (факультатив)
Python тілінде бағдарламалау курсы
Информатика пәні мұғалімі: Әбділдә Айжан Сейсенбайқызы
Сынып: 11
Апталық сағат саны: 1
Жылдық сағат саны: 34
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ



БAҒДAPЛAМA
элективті курс
Python тілінде бағдарламалау
11 сынып оқушылapынa apнaлғaн aптaсынa 1 сaғат бapлығы 34 сaғaт


Құрастырған: Әбділдә А.С. Aбай атындағы РММИ информатика пәнінің мұғaлімі


Түсінік хaт


Python программалау тілінде оқушы бағдарлама құру арқылы аналитикалық ойлауға, логиканы дамытуға, күрделі мәселелердің шешімін табуға үйренеді. Бағдарламаларды сауатты түрде жаза білу, өз бетінше құра білу оқушылардың өзіндік ізденуі мен логикалық ойлауын одан әрі дамытады, кез-келген ситуациялық жағдайдан шыға білуге бағыттайды


Бағдарламаның мақсаты:
Python программалау тілінде бағдарлама құру әдістерін үйрету;
Күрделі командаларды орындай алуға, бағдарламаны талдай білуге бағыттау;
Оқушылардың логикалық ойлау, іздену және шығармашылық қабілетін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
Python ортасында бағдарламалар құруға, компьютерде орындап шешімін табуға;
Python-мен бірге келетін IDLE ортасымен танысып жұмыс жасауға;
Оқушыларды өз бетінше бағдарламалық жасақтама жасауға үйренеді.
Оқушылар бағдарлама құра отырып, қарапайымнан күрделі сатысы бойынша жылжып, өздерінің шығармашылығын шыңдайды.
Оқытудың негізгі формасы ретінде практикалық жұмыстар алынады. Қалыпты жұмыс жасау үшін әрбір оқушыға жеке дербес компьютер және Python ортасы қажет.
Электронды оқулықтың теориялық материалдары оқушылардың өз бетінше оқып үйренуіне және практикалық тапсырмаларды орындауына көмекші құрал ретінде қолданылады.
Бұл оқулық үйірмеге қатысатын оқушылардың қабылдауы әр түрлі болғандықтан сабақты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Күтілетін нәтиже
Үйірме барысында оқушылар төмендегі білімді алады:
Python ортасында құрылған программаны талдай алады, түсінеді;
Python ортасында бағдарлама құра алады;
Python ортасында бағдарлама құрып, компьютерде орындап, нәтижесін алуды үйренеді;
Әр түрлі есептерді бағдарлама құру арқылы шеше алады;
Өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға дағдыланады.
Қорытынды
Оқушылардың бағдарлама материалдарын қандай дәрежеде меңгергендігін анықтау үшін практикалық тапсырмаларды әр тақырып соңында орындату керек. Бағдарламаны аяқтаған кезде сайыстар, олимпиадалар, білім конференцияларын ұйымдастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет