5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама



Дата14.12.2022
өлшемі20,03 Kb.
#57222
Байланысты:
5 сын Ата-ана сауалнама

5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама


Құрметті ата-ана, сізден сауалнама сұрақтарына ойланып, өз ойыңызды шынайы, ашық көрсетіп жауап беруіңізді сұраймыз. 




1. Сіздің ойыңызша мектепте оқушылардың сапалы білім алуы көбінесе неге байланысты?
А. Ата-аналардың баласының сабағын үнемі қадағалауына,
В. Мұғалімнің берген біліміне, қойған талабына,
С. Оқушының өзіне байланысты.
2. Сіз балаңыздың жақсы оқи алатынына сенесіз бе?
A. Иә.
B. Жоқ.
C. Кейде.
3. Мұғалімдердің балаңызбен қарым-қатынасы қандай болғанын қалайсыз?
А. Достық деңгейде,
В. Мұғалімнің талабы жоғары, қатал,
С. Жұмсақ, жайлы қарым-қатынаста.
4. Бастауыш сыныптағы сынып жетекшісімен және мұғалімдерімен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?
А. Бала туралы жиі пікір алмасу.
В. Тек ата-аналар жиналысында,
С. Сирек.


5. Балаңыздың бастауыш сыныптағы алған біліміне көңіліңіз тола ма?
А. Өте жақсы.
В. Жақсы.
С. Қанағаттанарлық.
6. Сіздің ойыңызша баланың бастауыш сыныпта алған білімін дамыту неге байланысты?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің біліктілігі мен біліміне,
В. Мұғалімнің балалармен тіл табысуына,
С. Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынаста болуына.
7. «Балам 5-сыныпқа көшкен соң сабақ үлгерімі төмендейді»,- деген ой сізді мазалай ма?
А. Иә, қалыпты, жиі кездесетін жағдай деп ойлаймын.
В. Жоқ, мен баламның біліміне сенемін.
С. Балалардың білімін арттыруға мұғалімдер бар күшін жұмсайды, деп ойлаймын.
8. Оқушылардың бастауыштан орта буынға өткен соң, білім сапасының төмендеуінің себебін қалай жорамалдайсыз?
А. Жоғары сынып мұғалімдерінің балалармен тіл табыса алмауынан,
В. Оқу материалдарының күрделенуінен,
С. Мұғалімнің білім мен біліктілігінің аздығы.
Д. Ата-аналардың қадағалауының аздығы.
9. Сіз балаңыздың жақсы білім алуы үшін не істейсіз?
А. Барлық құрал-жабдықтарын алып беремін, мұғалімге тапсырамын.
В. Мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, сабағын қадағалаймын.
С. Мен баламның жоғары білім алатынына сенемін, анда-санда қадағалап отырамын.
10. Сіз балаңыз жақсы білім алуы үшін, мектепте қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?
А. Мектептегі мұғалімдердің өзгеруі,
В. Ата-аналар мен мұғалімдердің дұрыс қарым-қатынаста болуына жағдай жасау.
С. Мұғалімдер мен оқушылардың достық, түсіністік қарым-қатынаста болуы.


Жауабыңызға рахмет!


Ата-ана: _________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет