Мұғалім: Дуйсенбаева Камила Ермековна Сынып: 7«Ә» Тәрбие сағатының тақырыбы



Дата26.09.2024
өлшемі17,82 Kb.
#145797
Байланысты:
тәрбие сағаты


Мұғалім:Дуйсенбаева Камила Ермековна
Сынып: 7«Ә»
Тәрбие сағатының тақырыбы:Дос және достық
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың дос, достық ұғымын түсіну. достық қарым-қатынасын қалыптастыру, адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейтіледі және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Ұлы адамдардың ойлары, ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер,, жұптық-топтық жұмыс, әдіс-тәсілдері.
Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу.
Оқушылар адал, сабырлы, мейірімді сөздері арқылы үш топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту.
«Менің анкетам»
1. Аты-жөнім
2.Туған жылың,ай күні?
3.Жасың қаншада?
4. Кімнің құрдасысың?
5. Қандай тағамды, сусынды жақсы көресің?
6. Қандай гүлді және түсті ұнатасың?
7. Қандай жануарды жақсы көресің?
8. Бос уақытыңда немен айналысасың?
9.Достарың кімдер?
10. Досыңа айтар нақыл сөз

  1. 2-топ.'>Топпен жұмыс.

«Достық жарысы»
1-топ. Адал
2-топ. Сабырлы
3-топ. Мейірімді

1-топ. Тапсырмасы:
Берілген сөздерден тақырып қойып, мәтін құрастыру.
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, доскешірімді, төзімді, ақылды,сабырлы, кек сақтамау, ашықтық,бүкпесіздік, біз, оқушылар,еліміздің, болашақ.

2-топ.
Мақалдарды жалғастыру.
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ... ».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........теңген болғанша, жүз досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... ».
3-топ
Мақалдарды жалғастыру
1. «Досы ... , өзі де жақсы».
2. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
3. «Ақылсыз .... ақылды дұшпан ... ».
4. «Досың мың ....,
... біреу болса да көп».
5. « ... адам тамыры жоқ ... тең».
6. « ... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
...дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».

2 .Сыныптасыңа мінездеме жазу.
3. Қорытынды бөлім
Мұғалім сөзі: Ал балалар, мен сіздерге аңыз- әңгіме айтып берейін:
– Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
– Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, –депті. Қартжігітке: 
– Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, –депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіткелгенсоң, қарт: 
–Шырағым, жаманжігітемессің, –депті. 
– Қалайшаолайдейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
– «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, – депті. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». 
– Бүгінгі біздің еліміз бейбітшілік пен тату өмір сүруіміз міндетіміз.

Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Шекараны таспен емес, доспен қоршау керек» деген аталы сөзі бар.


– Сынып сағатымызды қорытындылай келе «достарым» әнін бірге айтайық.
Толтырады бір көңілдің отын достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріндер сендер қолықтан демеп, достарым.


Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңабірәуенбастадым,
Сендерге арнап, достарым!


Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін,
Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,
Биіктен сайлап орнын адал шын достың.


Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңабірәуенбастадым,
Сендерге арнап, достарым!


Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп,
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?
Соларға тағдыр өкінбей өтер ғұмыр бір.


Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанынды ұғар басқа кім?
Жаңабірәуенбастадым,
Сендерге арнап, достарым

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет