- «Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімін оқытудағы топтық оқыту әдісін айқындау;
- 5 сыныптағы «Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімі бойынша сабақтарды ұйымдастыруды құрастыру.
1 . Технология сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудың теориялық негізі
Танымдық іс – әрекетке жалпы сипаттама берілді;
Оқушылардың танымдық – іс әрекетін қалыптастыру жолдары;
Технология сабағында тамақ әзірлеу технологиясын оқытуды ұйымдастыру.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті.
Танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселені өмірде шешудің түрлі жолдарын төмендегіше бөліп көрсетуге болады:
- танымдық іс - әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы.
- танымдық іс - әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру іс-әрекеттің бағдарланушылық негізінен құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы.
- оқу іс - әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.
2 . «Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімін оқытудағы топтық оқыту әдісі
- Оқушылардың жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс-әрекеттеріне тоқталдым;
- Тамақ әзірлеу технологиясы бөлімі
- Тамақтану мәдениеті мен физиологиясын топтық әдісі арқылы оқытуды ұйымдастыру.
Топтық оқыту әдісі
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір - бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу - танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады. Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің маңызы ерекше. Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б.