Технология сабағында оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта түрлі әдістерді қолдану. Технология сабағында “Тамақ әзірлеу технологиясы” бөлімін топтық оқыту технологиясын кіріктіре отырып тұлғаның танымдық іс - әрекетін қалыптастыру қарастырылды. Курстық жұмысымның мақсат-міндеттеріне негізделе отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған теориялық мәліметтерді талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келген болатынбыз.