5 СӨж XV- xvii т казак әдеби тілінің лексика грамматикалык ерекшеліктері



Дата16.12.2023
өлшемі70,78 Kb.
#140058
Байланысты:
СӨЖ 5. Ағадилқызы Үмітай (копия)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


5 СӨЖ
XV- XVII т.казак әдеби тілінің лексика
грамматикалык
ерекшеліктері

6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы


4-курс, 402 топ

Орындаған: Ағадилқызы Ү.


Қабылдаған: Қобланова А.

2023 жыл


XV-XVII ғасырлардағы әдебиет үлгілері 2-3 түрлі жанрда кездеседі. Оның бірі – дидактикалық толғау, яғни ақыл-кеңес, насихат, екіншісі – арнау толғау, олар нақтылы бір адамға не бір оқиғаға арналады, үшіншісі – портрет өлеңдер, яғни белгілі бір оқиғаның, батырдың портретін жасайды. Сөйтіп, XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілерге, бір жағынан, ақын-жыраулардың туындылары, екінші жағынан билер мен шешендердің сөздері, үшінші жағынан ауыз әдебиетінің лиро-эпостық, батырлық жырлары жатады. А. Байтұрсынұлы эпостық жырларды «Ертегі жыр» деп атап, ауыз әдебиеті үлгілерінен бөліп, мұнда жазба әдебиет белгілері бар екенін көрсетеді18. Ондағы бірінші дәлелі – олардың тарихилығы, онда тарихта болған оқиғалар мен тарихи тұлғалардың кездесетіні, халықтың рухының көрінетіндігі, сондай-ақ олардың көп өзгеріске түспейтіндігі. Ал өлеңмен айтылуына келгенде, ол кезең үшін жазып таратудан гөрі ауызша айту және оны өлең қылып жаттау арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу тиімді болған. Аталған дәуірлердегі ақын-жыраулардан өлең-жырлары ішінара сақталып, бізге өз аттарынан жеткені – XV ғасырдан Қазтуған мен Асан қайғы, XVI ғасырдан Доспамбет пен Шалкиіз (Шалгез), XVII ғасырдан Жиембет пен Марғасқа т.б. өлең-жырларының тақырыбы мен идеясы сақталып, мазмұны біршама дұрыс жеткенімен, олардың тіліндегі кейбір жеке сөздер мен фразалар біралуан грамматикалық тұлға-тәсілдер өзгеріп, соңғы дәуірлерге жуықтап жеткенін көреміз. Дегенмен, олардың тілінде «көненің көзіндей» өткен дәуірлерді елестететін лексика-фразеологиялық тіркестер, грамматикалық тұлға-тәсілдер кездеседі.
Шешендік-дидактикалық толғауларда ой түйіндерін білдіру үшін көбінесе аналогияға барады. Мәселен, Асан қайғы «Әр нәрсенің қадірін бастан кешкен білер» деген «философияны» айту үшін қырда жүрген дуадақтың су қадірін білмейтінін, көлде жүрген қоңыр қаздың қыр қадірін білмейтінін, тағы сол сияқтыларды келтіреді. Мұндай аналогияға табиғат құбылыстары, жан-жануарлар, аң-құс, төрт түлік мал атаулары пайдаланылады. Жыраулар тілінде көп кездесетін лексиканың бір түрі – қоғамның әлеуметтік құрылысы мен жауынгерлік тақырыбына байланысты сөздер: жұрт, халық, хан, қарақшы, қызметші, құл, дұшпан, жау, ер, батыр, би, бай, жамандар, жақсылар сияқты әлеуметтік атаулар, садақ, қылшан, ала балта, қандыауыз, жебе, жезайыр сияқты қару-жарақ атаулары жиі ұшырайды. Сол сияқты жақсылық, жамандық, әділдік, нәпсі, жан, дәулет, бақыт, пейіл, ақыл, сыпайылық сияқты абстракты ұғым атаулары кездеседі. Бұл дәуір шығармалары тілінде образ жасауда сөздерді эпитетпен келтіру үрдісі басым (ақ орда, сары ала ту, егеулі найза, жапалақ ұшпас жасыл тау, саздауға біткен сары ағаш). Сөздердің генетикалық қабаттары жағынан қарастырғанда, негізгі қабаты қазақтың төл сөздері, содан кейін араб және парсы сөздері екенін байқаймыз. Бұл дәуірдегі ақын-жыраулар шығармаларынан мысал ретінде мына бір шумақтарды келтіре кетейік. XV ғ. Асан қайғы Сәбитұлының айтқаны дейтін:
Қарындасын жамандап
Өзіңе туған табылмас
Адам әзіз айтар деп
Көңіліңді салмағыл ... деген жолдарда қазіргі тілімізден бөлектенетіндей жөнді ештеңе таппаймыз. Болмаса XVI ғ. басына жататын Шалкиіз Тіленшіұлынан алынған мына жолдарда:
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар
Көп сандықтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар
Көрінгеннің бәрін кісі демеңіз
Көпе күндіз тал түсте (көпе көріне)
Тараңдап түзге кетер кісі бар дегенде кейбір көне сөздер қылаң береді. Тілдік жағынан біраз өзгешелеу келетін әдеби тіл ескерткіштері – шежіре аталатын әдебиеттер. Бұлар көп болған болуы керек, бірақ көпшілігі жиналмаған, сақталмаған. Сондықтан біздің қолымыздағының көнесі – XVI ғ. Қадырғали Жалаиридің шежіресі. Қадырғали – Тәуекел ханның жиені. Қасым қаласының ханы болған Ораз-Мұхаммедтің әрі тәрбиешісі, әрі биі болған. Орыс патшасы Б.Годунов тұсында қолға түсіп, Мәскеу түбінде тұрып қалған. Шығарма сол кезде яғни 1600 жыл шамасында жазылған (1854 ж. Березин бастырған, тілі туралы бірінші сөз қозғаған Шоқан). Шежіре дәстүрлі көне түркі әдеби тілінде жазылған, дегенмен автор ана тілінің элементтерін молынан кіргізіп отырған. Тілі шағатай ескерткіштеріне қарағанда, әлдеқайда түсінікті. Бір мысал: «Жаһан ічінде дүнияның бұрычын кездім мен көб кітабларды оқұб һәм білдім мен әділ уа инсаф хабарын хәм көрдім». Сөз жоқ, қазіргі әдеби тілімізбен бірдей деуге тағы болмайды, одан белгілі ерекшеліктері бар. Фонетика–орфография саласында қазіргі с, ж, у, дыбыстары келетін сөздерде ш, й, ғ, г әріптері жазылған (баш, беш, иол, иоқ, тағ, бағ). Сөз соңында езулік ы, і дыбыстары келетін жерге еріндік ұ, ү жазылған (артұқ, отыз), үндестік заңы сақтала бермейді. Грамматикада ілік, табыс септіктерінің н дыбысынан басталатын варианты (артұқ, орұсның) орын алған, келер шақ есімше ар жұрнағымен қатар ұр/үр қосымшасы арқылы да жасалған, есімшенің мыш формасы, барған соң орнына барғач, мен көмектес септігі қосымшасы бірлән, білән, бірлә арқылы берілген, есімшенің тын (баратын) жұрнағы тұрған сөзімен келіп отырады. Бұл ерекшеліктер одан кейінгі, тіпті XІX ғ. екінші жартысындағы ескерткіштерде де кездеседі. Екінші бір шежіре – Әбілғазы Баһадұрханның «Түркі шежіресі» атты кітабы. Автор Хиуаның ханы (1603-1664). Өмірінің соңғы жылдары жазып, аяқтай алмаған, баласы Ануш аяқтаған. Бұны XVIIІ ғ. бас кезінде швед офицері Тобыл қаласынан тауып, немісше, французша, 1726 жылы орысшаға Репозиторий КарГУ 50 аударылған. Алғаш 1825 жылы Қазанда Румянцев бастырып шығарды. Мұның тілі «Жамиғат тауарихтан» да түсінікті, мұнда да жоғарыдағы ерекшеліктер сақталынады. Оны байқау үшін мына үзікті келтірейік: «Ел халқы иұрыттан көңіліні суытды кетейік демекден ғайри сөзні айтмады бір кеткен тобының артындан қудыра кіші ибердүм аны қайтарұб алұб келкенче екі үч бөлекі кетді...» 19 . Шежіреде кездесетін көптеген фразеологизмдер қазіргі қазақ тілінде көп өзгеріссіз (мағыналық, құрылымдық) сақталған. Мәселен, аяғына жығылу, қамын жеу, үміт үзу, ажалы жеткен, таң қалу, бас ұру, аузы ала болу, жүрегі жарылу, ант беру, өш алу, көз тігу т.т. Қорыта айтқанда, бұл екі шежіре XVІ-XVII ғ.ғ қазақ әдеби тілінің жайын танытатын тілдік материал болып табылады.
XVIIІ ғасырдағы әдеби тіл лексикасының негізі – қазақтың төл сөздері. Екінші қабатын құрайтындар – араб-парсы сөздері. Орыс сөздері жоққа тән, өте сирек. Қазақтың төл лексикасын құрайтын элементтердің ішінде көбірек қолданып, едәуір тұрақталған саласы – жауынгерлік лексика. Бұлардың ішінде қару жарақ, жаугершілік киім-кешек атаулары мен ел қорғау, батырлық қасиеттерге байланысты жеке сөздер – бір сала. Мысалы: сауыт, оқ, найза, кіреуке, шығыршық (сауыттың көзі), дабыл, дулыға, берен, жебе, күдері, мылтық, қол, батыр, байтақ, бүлу, азамат, жаулық, елдік, біту. Мұндағы көптеген атаулардың тұрақты эпитеттері бар, мысалы: қоңыраулы найза, берен сауыт, болат найза, кіреуке тон, көк дабыл т.т. жауынгершілікке байланысты сөз тіркестері дамып тұрақталады. Жаулық сағыну, жер тұлдану (жау әскеріне толу), батыр шыққан даңқынан, найзасының ұшына жау мінгізу. Ал бұлардағы ежелгі дұшпан, қоңыраулы найза қолға алу, күдеріден бау тағу, қол қашыру, темір жұмсап, оқ ату, қалмақты қуып қашыру тәрізді тіркестер фольклор қорынан ауысқан деуге болады. Жауынгерлік лексика-фразеологизмдердің бір қатары бұл күнде архаизмге жатады. ХVІІІ ғ. қазақ даласында әскери техника баяғы орта ғасырлық дәуірлердегі күйінде болғандықтан, қаружарақ, киім-кешек атаулары сол көне қалпында сақталған. Мысалы, кіреуке сауыт, күдері бау, қоңыраулы найза, дулыға, дабыл (барабан), жебе. Жауынгерлікке байланысты архаизмдердің бірі – бүлу етістігі. Бұқарада: Кіші қара қалмақ бүлерде Еңсесі биік, кең сарай Мортық болар бүлген соң. Бұл етістік күні кешеге дейін қолданылған. Мұны біз ХІХ ғ. ақындардың барлығынан дерлік, Ыбырай, Абайлардан да табамыз. Ол «жеңілу, бүліну, ойраны шығу» мағынасын береді. Бүлу етістігі – қазақ тілінде ертеден, ауыз әдебиетінен келе жатқан сөз: «Бүлген елден бүлдіргі алма» (мақал). Осы айтқаным болмаса, тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елің бүледі (Қамбар). «Әскер» мағынасындағы қол сөзі де ХVІІІ ғ. осы ұғымды білдіруде жиі қолданылған сөз, әскер, армия, солдат сөздері әлі жоқ. Сондай архаизмдердің бірі – байтақ сөзі, бұл – ел деген мағынаны береді.
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгембай (Жанкісі).
Байтаққа бөліп береді,
Батсалық сүрсәна;
Байтағымсың ішінде
Он сан елім ноғайлы деген жолдардан байтақ сөзін кездестіреміз (С.Сейфуллин, Батырлар жыры жинағы). Қазірде бұл сөз байтақ ел, байтақ жұрт тәрізді плеоназм жолымен жасалған тіркесте ғана қолданылады, сондай-ақ ұлан байтақ жер сияқты тіркесте де келе береді. Ертеректе, тіпті ХVІІІ ғ. бұл сөздің жеке қолданылғанын байқадық. ХVІІІ ғ. әдебиеті өкілдерінде қазақ қауымының әлеуметтік жағдайына байланысты сөздер де бұл тұстағы лексиканың бір тобын құрайды. Бұл кездегі әлеуметтік топтардың атаулары: хан, қараша, батыр, бек, қосын, құл, күң, кедей, жарлы, байғұс, молда, ақсүйек, қара. Мұндағы хан сөзі сол кезде өмір сүріп тұрған билік иесін білдірсе, соған қарама-қарсы әлеуметтік топ қара, қараша, қараша халық деген атаулармен берілген. Қара сөзі, тегінде, ақсүйек титулы жүрген жерде соған антитип ретінде жиірек қолданылған: Ақ сүйекті қор тұтқан Қараны онан зор тұтқан (Бұхар) Ал қалған жағдайда көбінесе бұл кезде қараша варианты актив термин болған, бұл – хан сөзінің антитипі:
Ханның жақсы болмағы
Қарашаның елдігі
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан (Бұхар).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет