«Себет» әдісі (ауызша әртүрлі сұрақтарға жауап беріңіз).
•
Теріс эмоциялар дегенді қалай түсінесіз?
•
Аурулардың пайда болуының факторлары қандай?
•
Денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары қандай?
Теріс
эмоциялар -олар белгілі бір физиологиялық реакциялармен жүретін,
наразылықтың қарқынды психикалық әрекетімен саналы тәжірибе. Мысалы,
қорқыныш эмоциясы ыңғайсыздықты сезінеді және тершеңдік немесе тахикардия
сияқты реакциялармен жүреді.
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық
факторлары:
«Психологиялық астары бар аурулар» ерлерде, егде жастағы адамдарда жиі
кездеседі. Балалар мен жастар көп ауыра бермейді. Егде жастағы адамдар
денсаулығына байланысты мәселелер мен аурулардан аулақ болуға тырысуы
керек. Кейбір егде жастағы адамдар денсаулығын күтуді тоқтатады,
денсаулығымен айналыспайды, жиі ауырады.
3.
Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.
Салауатты өмір салты (СӨС)- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға
және нығайтуға
бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салты өмір сүру
барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-
55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын
ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Салауатты өмір салты - адам үшін аса
маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір
бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам
денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі
ғана деп қарау
ағаттық, жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге
дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
5.
«Т» кестесі.
1:Аурулардың пайда болуына әкелетін жағдайлар?
Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды
төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:1) концерогендер (латын тілінен
аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады.
Қазіргі
уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне
бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін
сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер,
асбест және т.б. жатады;2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру)
– хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин,
кейбір вирустар және т.б. жатады;3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras,
teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың
пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып
кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ
пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен
қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен
аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін
заттар.
2:Денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары?
Денсаулыққа әсер ететін көптеген факторлар бар (сыртқы - қоршаған ортаға әсер
ететін факторлар, және ішкі типологиялық сипаттамаларға байланысты).
1.
Денсаулыққа
немесе ауруға бейім факторлар; 2. Когнитивті факторлар және адамның
сипаттамалары. 3.
Әлеуметтік орта факторлары; 4.
Демографиялық факторлар;