5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет13/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Зерттеудің орны – министрлік және салыстырылатын елдердің білім беру мекемелері.
Зерттеудің нәтижесі – салыстырмалы педагогикалық зерттеудің барысында зерттеуші жасауға және талдауға, қорғауға ұсынған теориялық, болжамдық және практикалық ереже, қорытынды, нәтижелер мен ұсыныстар.
Зерттеудің нәтижесін түсіндіруде ескерілетін сипаттамалар: жаңалығы, шындығы, теориялық маңызы, практикалық мәні.
Жаңалық – теориялық маңызымен бірге мәселені жаңа жағдайда, эксперимент пен ғылыми ізденіс кезеңдерінде сипаттайтын сандық мәліметтерді қамтиды.
Анықтық – философиялық және логикалық–әдіснамалық зерттеулерде білім ретінде дәлелденген, даусыз негізделген және ақиқат ретінде қолданылатын термин.
Теориялық мәнділік – ұсынылған жүйе бойынша педагогтердің жұмысының нәтижелілігі анықталатын зерттеудің тұжырымдамасын жасау, құбылыс немесе үдерісті, білім беру жүйесінің құрылымын модельдеу, оның өлшемі мен көрсеткіштері, ізденістің нәтижесінде үдеріс пен құбылыстың даму үрдісі мен ерекшелігі көрсетіледі, көрсеткіштері (оқығаны, тәрбиеленгені, тәрбиеленушілердің әрекеті мен мінез-құлқының себебі және т. б.), жеке тұлғаның дамуына әсер ететін жағдайлар, сыртқы жағдайлар анықталады.
Практикалық мән. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің отандық тәжірибесінде өзгеруге тиісті жайлар: жаңа әдістер, тәсілдер, тәрбиелеудің жаңа жолдары мен құралдары, білім беру жүйесін басқаруда, кадрлар даярлау және т. б. болатын өзгерістер.
Салыстырмалы педагогика әдіснамасы – салыстырмалы педагогикада іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері мен ұстанымдарының жүйесі туралы ілім. Ә.Қ Құсайыновтың анықтауынша, салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер бағыттары: білімді басқару және реформалау; білім саласындағы саясат және жоспарлау; мектепке дейінгі тәрбие; бастауыш және орта білім; жоғары білім; педагогикалық кадрларды дайындау; білім мазмұны; бейресми (формалды емес) білім; ересектер білімі; білім жөніндегі статистика
Салыстырмалы педагогика саласындағы әртүрлі тарихи заманындағы және дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі білім мен тәрбиенің педагогикалық теориясы мен практикаларының даму беталысы мен заңдылығын, жағдайын зерделеуге бағытталған зерттеулер педагогика мен мектеп практикасының халықаралық тәжірибелерін тасымалдау шегі мен жолдарын, формаларын анықтайды, өз еліндегі білім мен тәрбиенің болашақ модельдерін болжайды.
Салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыра отырып, білім жүйесінің дамуын сипаттау кезінде әртүрлі ұтымды қайта құрумұрағаттық қайта құру сыни қайта құру сияқты конструкцияларды қолдануға болады. (В. В. Овчинников, А. О. Зоткин) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет