5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет28/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Үшінші кезең - инновациялық іс-әрекет технологияларын меңгеру. Оқытушылар авторлық бағдарламаларды құру әдістемесімен, ЖОО-дағы тәжірибелік жұмыс кезеңдерімен танысады, авторлық бағдарламаларды құруға қатысады (ұжымдық және жеке), жаңашылдықтың ары қарай дамуын, оны ендірудегі қиындықтарды талдап, болжам жасайды, жеке пәндерді оқытуда ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жобалайды.
Төртінші кезең – педагогикалық үдеріске жаңаны ендіру бойынша тәжірибелік аймақта практикалық жұмыс жүргізу, түзету жұмыстарын, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін бақылау, кәсіби іс-әрекетке өзіндік талдау жұмыстарын жүргізу. Бұл кезеңде оқытушының инновациялық ұстанымы қалыптасады. Аталған кезеңдерді нақтылау міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер мен операциялар технологиясы болып табылады.
Жоғары оқу орындарының өзгергіш ортасында көшбасшы болып қалу өте қиын және сондықтан оған үнемі ортаның сыртқы факторларына икемді бейімделу және өз әрекетін үнемі білім беру технологиясына бағыттап отыру, оқу қорын жетілдіріп, үздіксіз даму бағытын ұстану қажет.Білімді, ғылымды және өндірісті біріктірудің шетелдік тәжірибесі инновациялық дамудың орталығы болып табылатын шетел университеттері бұл тұрғыда орасан зор жетістіктер көрсетіп отыр.Университет білім мен ғылым орталығы ретінде ең алдымен білімді, мақсатқа талпынғыш, жетістікке жететін адамды қалыптастыруға қатысады, олар жаңа эканомиканың жұмыс күшін құрайды. Тек жоғары білікті маман ғана аймақтың, елдің және әлемнің дамуына септігін тигізе алады. Университеттер осындай тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді, жыл сайын мыңдаған бакалавр, магистрлер, докторларды дайындап, жергілікті мамандардың біліктілігін арттырады, олардың көп бөлігі басқа қалалардан, елдерден келген, оқудан соң көпшілігі елдеріне қайтады. Алайда олардың бір бөлігі университет орналасқан аймақта қалып жұмысқа жалданып, өз бизнесін ұйымдастырады не мемлекеттік қызметке барады. Аталмыш мәселе көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектерінде зерттелген:
Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бойынша бірнеше ғылыми бағыттар бар. Олар:

  • Оқытушының жалпы педагогикалық біліктілігі мен кәсіби сапасын қалыптастыру;

  • Педагогтың психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру;

  • ЖОО оқытушыларының шығармашылық ізденісін ұйымдастырып, ғылымды тәжірибеге енгізу;

  • Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру;

  • Педагогикалық инновация және оны меңгеруге дайындау;

  • Оқытушыларды ақпараттық-педагогикалық технологияны қолдана білуге дайындау;

  • Оқытушылардың инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың жекелеген бағыттары;

  • Болашақ оқытушыны жоғары білімнен кейінгі білім беру үдерісінде инновациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға дайындау.

Оқытушының инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруға қолданылатын әдіснамалық тұғырларды іздестіру мен анықтау барысында біз ТМД және Қазақстан ғалымдары құраған осы саладағы білімді басшылыққа алдық. Жетілдіріліп жатқан мәселеге қатысты әдіснамалық тұғыр педагогикалық үдерісті педагогтың іс-әрекет объектісі ретінде жүзеге асыруды белсендіру мақсатында ізделіп отырған сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушының педагогикалық іс-әрекетін ғылыми негізделген басшылыққа алынған норма ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, басты бағыттаушылары іс-әрекеттік, аксиологиялық, синергетикалық және инновациялық тұғырлар болып табылады. Біздің көзқарасымызша, инновациялық тұғыр жаңа өзгермелі қоғамға бағытталған білім беру парадигмасына ауысу жағдайындағы оқытушының инновациялық іс-әрекетінің теориясы мен тәжірибесін түсінуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік гуманитарлық танымның әдістері мен ұстанымдарын тереңдете және жетілдіре отырып, жаңа әдіснамалық құралдар мен тұғырларды іздестіріп, олардың біреуін ғана шыңдай түсу керек. Біз оқытушының инновациялық іс-әрекетінке даярлығын қалыптастыру мәселесін жетілдіруге қажетті педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырларын анықтау, бұл тұғырлардың педагогика мен мәдениеттануда қолдану шеңберін анықтау мәселелерін зерттеген ғалымдардың ұстанымдарын талдадық.
Біздің пікірімізше, индивид, жекелік және тұлға түсініктерінің қатынасы, жеке тұлғалықтың құрылымын талдауға бағытталған қазақстандық философтардың (И.И. Резвицкий, Д.Н. Нұрманбетова және т.б.) зерттеулерінің нәтижесін басшылыққа алуымыз керек. Іс-әрекет әдіснамалық ұстаным ретінде (іс-әрекет ұстанымы), материя қимылы түрінің, адамның өмір сүру тәсілінің ерекшелігін анықтауға қызмет етеді, яғни, адам әлемге бейімделіп қана қоймай, өзінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес әлемді өзгертеді, өз әлемін құрады.
Іс-әрекеттің философиялық теориясын меңгеру педагогикалық инновациялық іс-әрекет мазмұны мен мәдениетін құрастыруға көшуге мүмкіндік береді.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин, А.В. Лоренсов, В.П. Кваша, В.Я. Ляудис, Қ.Қ. Қабдықайыров, С.Н. Лактионова және т.б. қарастырған.
Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үдерісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің қалыптасуы: өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетімен; жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігімен; жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен; педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен; педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықпен белсенді күресумен сипатталады.
Инновациялық іс-әрекет мәселесін түрлі тұғырлардан қарастыру 80-жылдардың соңында жүзеге асты. Ең алдымен оның мәні, өлшемдері және тәжірибесі қарастырылды (В.И. Бондарь, В.А. Кан-Калик, Т.В. Кудрявцев, Ю.Н. Кулюткин, В.П. Пархоменко, Н.В. Кухарев, Я.С. Турбовской, Ф.Ш. Терегулов, Л.М. Фридман және т.б.). Оның түрлері анықталды:

  1. рационализаторлық тәжірибе (білім алушылармен жұмыс істеудің формалары мен әдістерін біріктіру және толықтыру);

  2. новаторлық тәжірибе (педагогикалық еңбектің тиімділігін айтарлықтай арттыратын жаңа жұмыс түрлері мен әдістерін құру);

  3. инновациялық тәжірибе ғылымдағы жаңа идеялар, жаңа мазмұн, жаңа формалар мен әдістер мазмұндық байланысын жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекет – қазіргі жоғары мектептің даму жолының бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру саласынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.
Болашақ оқытушының инновациялық даярлығын қалыптастыруды әр магистрантқа қатысты дербес бағдарламамен жүзеге асыру қажет. Нақты мұғалімге, шығармашылықпен жұмыс істейтін инноватор мұғалімге жасаған дербес жеке бағдарламадан көпшілікке, педагогикалық ұжымға арналған бағдарламаны жасауға көшуге болады, яғни, жалқыдан жалпыға өту принципін басшылыққа алған жөн.
Оқытушының инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру теориясы мен практикасында ғалым М.В. Кларин зерттеулерінің орны ерекше. Ғалымдардың зерттеулері бойынша инновациялық іс-әрекет диагностикасы үш кезеңде өтеді (11 - сурет).
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде педагог инновациялық педагогикалық үдерісті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үдеріске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет