5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау


Сынықтардың түрлері, белгілері, сынықтың асқыну себептері



бет4/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сынықтардың түрлері, белгілері, сынықтың асқыну себептері. Сынық – сүйектің зақымдануы. Сынық травмалық және патологиялық болып, екіге бөлінеді. Травмалық сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механикалық зақым алуы (соққыдан құлап қалудан, оқтың жарақаттануынан және т.б.), ал патологиялық сынық көбінесе болмашы ғана жеңіл жарақаттың асқынуы немесе сүйек тканінің өзінен-өзі ауырып өзгеріске түсуі салдарынан (остеолиелит, ісік әне т.б.) болады.
Сынықтың белгілері: қатты ауырады, аяқ-қолды қозғалтпайды, зақымданған аяқ-қолдың қозғалысы мен формасы өзгереді. Кейде сүйек сынықтары сырқырайды, қоршаған жұмсақ талышқытар қанталайды және ісінеді. Қабырғаның сынуына тән белгі терең тыныс алғанда және жөтелгенде ауырады.
Сынықтар жабық және ашық сынық болып бөлінеді ( 21 - сурет). Сынық ашық сынғанда терінің бүтіндігі бұзылмайды, ашық сынғанда оның төңірегінде жара болады.
Сүйектер сынғанда қан келетін майда қан тамырлары олардың жағынан өтетін жүйке түтікшелері жиі зақымданады. Қан тамырлары мен жүйке түтікшелері адам жарақаттанған бойда немесе кейіннен оны немқұрайлы ұқыпсыз ұстап көтергендіктен сынған сүйектердің өткір жарықтары оларды жаралудың салдарынан зақымданады.
Бүлінген еттердің арасынан сүйек шығып тұрады, жарадан қан ағады. Ол жараға сырттан микробтар түсуі мүмкін. Сөйтіп оны ластайды. Содан барып жара қабынады, кейбір жағдайда сүйектер қабынып остеомилит деген ауруға ұшырайды. Мұндай аралар тез жазылмайды.

21 – сурет. Ашық және жабық сынықтар.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен кезде ең алдымен дененің сынған мүшесін мүлдем қимылдатпау жағынан қарастыру керек. Егер ашық сынықта қан кетсе онда аққан қанды дереу тоқтату керек, сосын жараға бактериясыздандырылған таңғыш салып, ауырғанын басатын дәрі берген жөн.
Балалардағы негізгі сынықтар. Балалардың сүйектерінің сынуының біраз айырмашылықтары бар. Балалардың сүйектері ересектердікіне қарағанда жіңішке әрі кішкене, оның үстіне майысқақ келеді. Сондықтан балалар ересектерден гөрі жиі құласада да сүйектері сирек сынады. Балаларда сүйектің үстіңгі қабатында сынатыны жиі байқалады. Балалардың, сүйек сынықтарының болмау себебі, сүйектердің жұмсақтығы, жұмсақ тканьдердің өте жақсы дамығанынан әне де минералды тұздардың аздығынан, балаларда сүйек құрылыма сүйек асты яғни тығыз құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет