5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау


Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі



бет7/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі. Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (25,а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (25,б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (25,а сурет) бинтті желке арқылы (26-сурет) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (26,б суретте) көрсетілгендей қойылады.

а) б)
Сурет-26. Басқа «ауыздық» тәріздес таңғыш орау.

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (27а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.
Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

а) мұрынға б) маңдайға в) иекке


Сурет-27. Сақпан тәріздес таңғыш
6 Тәжірибелік сабақ. Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау.

ТЖ кезіндегі халықты қорғау, бұл алдында ТЖ жағымсыз әсерінен жол бермеу немесе оның әсерінің деңгейін неғұрлым көбірек әлсірету мақсатын қойған іс-шаралар жиынтығы. ТЖ кезіндегі халықты қорғаудың тиімділігіне ТЖ кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін саналы түрде ескергенде және құралдар мен әдістердің барлығын жақсы қолданғанда ғана қол жеткізілуі мүмкін.


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері жүзеге асыру белгісі бойынша шартты түрде үш топқа бөлінеді.
Күнібұрынғы даярлық қатерлі және зиянды жәйіттерден халықты қорғайтын (ұжымдық және дара) құралдарды жинақтап және оларды қолдануға әзір ұстап, сонымен қатар қауіпті жерден эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға даяр тұруды қарастырады.
Сараланған амал қорғаныс іс-шараларының сипаты мен көлемі қауіпті және зиянды жәйттердің көздерінің түрлері мен жергілікті жағдайға байланысты белгіленеді.
Шаралар кешендігі ТЖ-ның салдарларынан халықты қорғаудың құралдары мен әдістерін тиімді қолданудан (олардың қазіргі техникалық-әлеуметтік ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларының жүзеге асырылуымен үйлестірілген) тұрады.
Халықты қорғаудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:
- Қалада тоқтатпай жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қала сыртындағы аумаққа таратып орналастыру, сонымен қатар осы қалалардан халықты эвакуациялау;
- Қорғаныс құрылыстарына паналату;
- Жеке қорғау құралдарын және медициналық сақтандыру құралдарын қолдану.
Осы аталғандардан басқа халықты қорғану әдістеріне жалпылама міндетті оқыту ұйымдастырылады және өткізіледі. Сондай-ақ келесідегідей жағдайлар қарастырылады: АҚ дабылы бойынша құлақтандыру; азық-түлікті, жер асты су көздеріндегі сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылыстарын радиоактивтік, уландырғыш заттармен және бактереологиялық барлау; жұмысшыларды, қызметкерлерді және объектілердің өндірістік қызметін қорғаудың тәртібін орнату; дозиметрлік және зертханалық (химиялық, бактереологиялық) бақылау. Өртке қарсы, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық сақтандыру шаралары, зардап ошақтарында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары, адамдарды санитарлық тазалықтан өткізу, техникаларды, аяқ-киімдерді, аумақты және құрылыстарды залалсыздандыру жоспарланады.
Бұл тарауда қарсыластың жаппай қырып-жою қаруларынан және басқада шабуыл құралдарынан халықты қорғаудың тек қана негізгі әдістері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет