5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау


Тасымалдау жақтауларының түрлері және иммобилизациялайтын қолда бар құралдар



бет6/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тасымалдау жақтауларының түрлері және иммобилизациялайтын қолда бар құралдар. Тасымалдау жақтаулары: санды таңуға арналған металдан жасалған баспалдақты және торлы жақтауларды пайдаланған кезде олардың біреуін немесе бірнешеуін қажетті ұзындықта таңдап алып, тиісті дене мүшесін (зақымданбаған) соделдейді және киімнің үстіне салады аяқ-қолдарды бинтпен орап бекітеді. Фанерден жасалған жақтаулар жеңіл мөлшерлерінің әртүрлі болуы мүмкін, олардан модуль жасауға болмайды, оларды пайдаланғанда, мақта төсеп аяқ-қолдарды бинтпен таңады.
Аяқтарға арналған Дитерихстің ( 24 - сурет) тасымалдау ақтау ағаштан дайындалады. Ол ұзындығы әртүрлі екі ылымалы жұқа тақтайшадан: фанерлі ұлтан мен бұрау таяқшасынан құралады. Сыртқы жұқа тақтайша ішкісінен ұзынырақ. Жақтауларды пайдаланған кезде ішкісі аралықтағысына тірелген кезде қажетті ұзындыққа жететіндей болып жылжу үшін, ал сыртқысы қолтық шұңқырына тірелгенде аяқ-қолдардан 3 см ұзынырақ болатындай етіп жылжытады. Аяқтың басына фанер ұлтан таңады. Жұқа екі таяқшаның төменгі екі ұшын ұлтаның сым темірлі тұтқасына қосып, соңынан сыртқы жұқа тақтайдың ұшын ішкі ұқа қосылған тақтайға таңады.

24-сурет. Сан мен балтырға жасалатын жақтау



Бас жарақаттары. Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы).
Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30-ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады.
Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айныйды, кейде құстырады.
Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.
Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану).
Ұйқы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты осы күйден дөрекі денені ауыртатын тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.
Талықсыған кезде сырқатқа сыртқы дүниенің әсері сезілмейді, ол орталық жүйке жүйесінің зақымдалу салдарынан болады мұның себептері әртүрлі. Олар бастапқы және қайталама болып жіктеледі. Бастапқы себептер орталық нерв жүйесінің зақымдалуына байланысты. Ал қайталама себеп орталық нерв жүйесінің зақымдалуы ішкі органдар мен жүйелер тарапынан болған қандай да бір аурудың салдары болып табылады.
Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қан жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.
Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.

а) б)
Сурет-25 Басқа «тақия» тәріздес таңғыш орау.

Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін.
Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2 мл аналгин және 1%-2 мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пенициллин тағайындайды. Басқа мұз салынған қуық қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет