5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау



бет1/9
Дата25.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#127024
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

5 Тәжірибелік сабақ. Жүрек-өкпе реанимация іс-шарасын орындау реттілігін робот-тренажермен машықтау.

https://youtu.be/9b_mT5LMJdM



Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шұғыл жағдайлар медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде шұғыл іс-шаралар жүргізуді талап етеді. Бұл жағдайлар шоктың дамуына, жедел қан жоғалтуға, тыныс алудың бұзылуына, қан айналымының бұзылуына, комаға алып келуі мүмкін.
Бейбіт уақыттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарынан кенеттен ауырып қалған және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде медициналық мекемеге дейінгі барабар іс-шараларды жүргізуге аса маңызды орын беріледі. Отандық және шетелдік мамандардың мәліметтері бойынша, төтенше жағда (йлар салдарынан зардап шеккен пациенттер мен зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға дейінгі кезеңде уақтылы және тиімді көмек көрсету жағдайында құтқарылуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде шұғыл медициналық көмек көрсетудің заманауи принциптері ауруханаға дейінгі кезеңде зардап шеккендерге көмек көрсетудің әмбебап схемасы қабылданған.
Бұл схеманың негізгі кезеңдері:
1. Шұғыл жағдайлар туындаған кезде өмірді қолдау бойынша шұғыл іс-шаралардың дереу басталуы.
2. Оқиға орнына білікті мамандардың қысқа мерзімде келуін ұйымдастыру, пациентті стационарға тасымалдау кезінде шұғыл медициналық көмектің жекелеген іс-шараларын орындау.
Білікті медициналық персоналы бар және қажетті жабдықтармен жарақтандырылған бейінді емдеу мекемесіне барынша жылдам емдеуге жатқызу.
Шұғыл жағдайлар туындаған кезде жүргізілуі қажет іс-шаралар
Шұғыл көмек көрсету кезінде ең маңыздысы уақыт факторы болып табылады. Зардап шеккендер мен пациенттерді емдеудің ең жақсы нәтижелеріне шұғыл жағдай туындаған сәттен бастап білікті көмек көрсету уақытына дейінгі кезең 1 сағаттан аспаған жағдайда қол жеткізіледі.
Пациенттің жағдай ауырлығын алдын ала бағалау кейінгі іс-қимылдар кезінде үрейден құтылуға мүмкіндік береді, экстремалды жағдайларда барынша салмақты және ұтымды шешімдер қабылдауға, сондай-ақ зардап шегушіні қауіпті аймақтан шұғыл эвакуациялау бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Осыдан кейін, тез арада жәбірленушінің өліміне әкелуі мүмкін,өмірге қауіпті жағдайлардың белгілерін анықтауға кірісу керек:
- клиникалық өлім;
- коматозды жай-күй;
- артериялық қан кету;
- мойын жарақаттары;
- кеуде қуысының жарақаттары.
Шұғыл жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсететін адам төмендегі көрсетілген алгоритмді мүмкіндігінше нақты орындауы қажет.
Шұғыл жағдайда көмек көрсету тәртібі
Шұғыл жағдай туындаған кезде алғашқы көмек көрсету
Алғашқы көмек көрсетудің 4 негізгі қағидасы бар, олар:
1. Оқиға орнын тексеру.
2. Көмек көрсету кезінде қауіпсіздікке көз жеткізу.
3.Зардап шегушіні алғашқы тексеру және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы көмек көрсету.
4. Дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақыру.
Зардап шегушіні екінші рет тексеру және қажет болған жағдайда басқа да зақымдануларды, ауруларды анықтау кезінде көмек көрсету.
Зардап шеккендерге көмек көрсетер алдында анықтаңыз:
- оқиға орнына қауіп төніп тұрма;
- не болды;
- зардап шеккендердің саны;
- жақын арада көмек көрсете алатын адам барма жоқпа.
Қан кету
Қанкетудітоқтатуәдістері:
- саусақпен басу немесе қысу.
- тығызтаңғыш қою
- аяқ немесе қолды максималдыбүгу.
- жгутты салу.
- жарақат жеріне тампон қою.
Жгутты қолдану барлық басқа шаралар күтілетін нәтиже бермеген жағдайда ғана қолдану керек.
Жгут салу қағидалары:
Жгут жарақаттан 2-3 см аралығында кимнің үстіне немесе бинт байланған жерге қойылады;
Жгут қан тоқтаған кезге дейін тартылады;
Жгутты жылы уақыт кезеңінде 1 сағаттан асырмай және суық мезгілде 0,5 сағаттан асырмай салады;
Жгут қойылған уақыт міндетті түрде адамның денесіне немесе бөлек қағазға жазылу керек.
Сынықтар
Шұғыл дәрігерге дейінгі көмек:
- тыныс алу жолдарының, тыныс алу және қан айналымының өткізгіштігін тексеру;
- табельдікқұралдармен иммобилизация жасау;
- асептикалық таңғыш;
- шокқа қарсы іс-шаралар;
- ЕПМ-не (емдеу-профилактикалық мекемелерге) тасымалдау.
Термиялық зақымданулар
Күйік
Шұғыл дәрігерге дейінгі көмек:
- жылу факторының әрекетін тоқтату;
- күйдірілген бетті сумен 10 минут бойы салқындату;
- күйік бетіне асептикалық таңғыш салу;
- жақын маңдағы ЕПМ-ге жеткізу.
Үсік шалу
Шұғыл дәрігерге дейінгі көмек:
салқындату әсерін тоқтатыңыз;
ылғал киімді шешкеннен кейін зардап шегушіні жылы жауып, ыстық сусын беру;
аяқ-қолды жылу ұстау;
зардап шегушіні жақын маңдағы ЕПМ-ге жеткізу.
Электр жарақатына алғашқы көмек:
Жарақаттанушыны тоққа түскен көзден қауіпсіз ажырату;
зардап шегушіні реанимациялық іс-шараларды жүргізуге дайындау;
жабық жүрек массажымен қатар ӨЖЖ жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет