Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздің көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.
2.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады .
3. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. 4. Мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер синонимдер деп аталады.
5. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай? 2.Омонимдердің қандай түрлері бар?
3.Синонимдер дегеніміз не және олардың қандай жасалу жолдары бар?
4.Антонимдер дегеніміз не және антоним болатын сөз таптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
№4 дәріс тақырыбы: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.
1.Лексикалық табу құбылысының өзіндік сипаты.
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары
3.Эвфемизм, олардың пайда болу жолдары.
4.Дисфемизм құбылысы.
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
Дисфемизм құбылысы эвфемизмге қарама –қарсы құбылыс.Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |