5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет9/22
Дата07.09.2023
өлшемі89,29 Kb.
#106382
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Дәрісті қорытындылау:
1. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.
2. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған.
3. Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздердің дені әкімшілік,ел билеуге байланысты сөздер.
4. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.
Бақылау сұрақтары:
1. Кірме сөздер дегеніміз не?
2. Қазақ тілінің сөздік қорына араб-парсы тілдерінен қандай сөздер кірген?
3.Моңғол тілінен қазақ тіліне негізінен қай салаға қатысты сөздер ауысқан?
4.Қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің сыр-сипаты мен игерілу дәредесі қандай ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 2002.
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
5.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері. А.2008.83-91 б.б.

№8 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.


1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісіне байланысты түрлері.


2.Жалпыхалықтық лексика.
3.Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.Кәсіби терминология, кәсіби сөздер.

Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісі ( таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.


Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың әрбір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Мұны бір сөзбен айтқанда терминдер деп атайды. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
Кәсіби сөздер әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет