Дәрісті қорытындылау:
1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.
2. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. 3.Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың негізгі ұйтқысы.
4.Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы туралы не білесің?
4. Туынды сөздерді тудыру тәсілдеріне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4. Аханов К.Тіл білімі негіздері. А., 2002.
№6 дәріс тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары.
1. Тілдің сөздік құрамының толығып, үнемі даму үстінде болуы.
2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары.
3.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны.
4. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а)жалпы түркілік сөздер, ә)қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б)қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: а) монғол тілінен ауысқан сөздер, сонымен бірге монғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер бар екені, оның тарихи себептеріне қысқаша шолу, ә)араб, парсы, тілдерінен кірген сөздер, олар-дың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Араб, парсы, сөздерінен лексика-семантикалық топтары, тұлғалық және семантикалық өзгерістерге ұшырап отыруы, бірқатарының қазақ тіліне сіңісіп, игеріліп кету себептері, б) орыс тілінен және ол арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер, олардың ауысу кезеңдері, лексика-семантикалық топтары, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отыруы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні (түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту).
Достарыңызбен бөлісу: |