13 желтоқсан 2016 жыл
6
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Сенбі. Күздің жылымшы күні. «LADA
Priora» маркалы сұр көлік желмен
жарыса жүйткіп келеді. Уақыт екінтіге
таяп қалған. Шұңқыры мол айдау жол
санаға түрлі ой салатындай. Алды-
мыздан жал-құйрығы таралған сұлу
сәйгүліктер кезікті. Керемет көрініс.
Текті жануарлар біріне-бірі еркеле-
гендей, кербез қалыппен дәл алды-
мыздан кесіп өтті. Тұлпарларды күн
сайын көріп жүрсек те, сұлулығына
тамсана қарап, көзімізбен сүйсіне
ұзатып салдық. Біраздан кейін отар-
отар қой, табындап сиыр кезігіп,
дәулеті тасыған ауыл кейпі сона-
дайдан-ақ көз ұшына ілікті. Сайын
дала төсі берекенің бастауы сынды
сезіліп, жайбарақат тірлік тұнығына
тарта берді. Бұл жолсапардың бас-
ты бағыты – Бисен ауылына да келіп
кірдік. Заманауи үлгіде салынған
еңселі баспаналар кей жерлестердің
бақуатты тірлігінен хабар берген-
дей. Қаймағы бұзылмаған округте
әкімдік тізгінін 20 жылдан аса абы-
роймен ұстап келе жатқан Қайырсапа
Саматовтың берекелі шаңырағында
өрбіген әңгімеміз өз арнасымен ағып
жүре берді.
Ұшы-қиыры жоқ жазық дала, кей-
де соқпағы көп сүрлеу әр адамның
пешенесіне бұйырар тағдыр жолы
іспетті. «Шыққан жерің емес, бара
жатқан бағытың маңызды» деген-
дей, осынау қас пен көзді ашып-
жұмғандай көрінетін ғұмыр баста-
уы әр пендеде әр қилы өрілері хақ.
«Ұлылық – қарапайымдылықта»
сөзінің мәнін терең түсініп жүрміз бе
деп ойлайсың, кей сәт кісілігі биік
жандарды кездестіргенде...
Иә, Сапар (ауылдастары оны
осылай атайды) Саматұлы шағын
ауылдың тізгінін қолына алғанда
елдегі жүдеу тірлік еңсені езген
шақ-тұғын. Жаппай жекешеленді-
ру етек алып, кеңшар таратылып,
жұртшылық сеңдей соғылысқан
уақыт. Сонда қолында ештеңесі жоқ
әкімдік орынтағында отырып, өзіне
үміт артып келген ауылдастарына
көмек қолын соза алмағанына іштей
қиналатын-ды.
...Бұл 1994 жыл еді. Ауданды Лавр
Рашидұлы Хайретдинов басқарып
тұрған-ды. Физика пәнінің білікті
маманы әрі осынау білім ұясының
директоры болған оның беделі де
жоғары еді. Осы кезде оған әкімдік
қызмет ұсынылды. Алғашқыда ол ер-
тоқымын ала қашқан. Қара басы үшін
емес, халық сенімінен шығудың үлкен
жауапкершілік жүктейтінін түйсігімен
түсінгендіктен. Дегенмен, аудан бас-
Әкім бол, халқыңа жақын бол!
Ел сүйенер азамат
шысы арнайы келіп, ауылдың қадірлі
ақсақалдары Хамит Айтасов, өзге де
сөзі өтетін ниеттестер қолқа салып
жүріп, ақыры осы әкімдіктің тізгінін
қолына тапсырғаны кеше ғана секілді
еді. Аттай жиырма жыл сырғып өте
шығыпты-ау...
Жалпы, Сапар Саматұлының
қызметтік сатыда еңбегі орын-
ды
бағаланған.
Қарағанды
педагогикалық университетін бітіріп
келгеніне үш жыл болғаннан кейін
директордың оқу ісі жөніндегі орын-
басары, бір жылдан соң, мектеп
басшысы лауазымына көтерілген.
Жаңалықтарға құлағы түрік жүретін
жас өзін жаңа қырынан таныта білді.
Негізі кейіпкеріміз бала кезінен су-
рет салуға әуес-ті. Сынып жетекшісі
Қадер Қапаров оның қабілетін ерте
танып, үнемі талпындырып жүреді
екен. Сол ұстазының қолқалауымен,
суретші боламын деген бала арма-
ны оны педагогикалық институттың
көркем графика факультетіне алып
келгенімен, конкурстың көп болуы се-
бепті физика мамандығын таңдапты.
Бүгінде ойлап отырса, осынау жа-
уапты қызметке кіріскенде еңбекақы
мен зейнетақылар кешіктіріліп, жап-
пай жұмыссыздық етек алған кез-
тұғын. Бөлінген қаржы басына жетсе,
аяғындағыларға жетпей қалатын.
Ашынған халық ауыл әкімдігінің
табалдырығын тоздыратын. Сапар
Саматұлы алдымен комиссия құрып,
аудандық қаржы бөлімінің басшысы
Назгүл Жабасова екеуі көпшілікті
сабырлы болуға шақырып, түсіндіру
жұмыстарын жүргізетін. Көше-көшеге
де жауапты адамдар белгіленген-ді.
Әлеуметтік көмек бөлу кезінде де
қатты қиналысты сезінді. Мал басы,
тіпті, тауыққа дейін есепке алынды.
Әр ауылдасының жағдайын тыңдап,
сөзімен дем беріп отырды. Олар
да әкім қолында ештеңе жоқтығын
түсініп, үнсіз бас шұлғитын. Иесіз
қалған ғимараттар бұзылып жатты.
Ауыл ажары кетіп, көше-көшелерде
қирап, құлаған үйінділер пайда бол-
ды. Совхоз кеңсесінің жанында азық-
түлік сақтайтын қойма бар еді. Соны
«құрылыс жұмысына қажет»- деп,
иеленгісі келгендер болғанымен, әкім
оны ешкімге де бермей, бұздырмай
алып қалған. Кейін сол ескі орын
2001 жылы халықтың көмегімен
мешітке лайықталып, жөнделді. Бұл
ғимараттың талан-таражға салынуы-
на жол бермегені сол сәт көңіліне
қуаныш ұялатты. Сонымен бірге,
ауыл клубының қасында жатқан
сөрелерді қазіргі базар маңына апа-
рып, халықтың саудамен айналысуы-
на жағдай жасады.
Сол кезеңде мектеп мұғалімдері
де бес-алты ай еңбекақыларын
ала алмай жүрген шақта ол Ер-
мек, Бақытжан, Абай сынды іскер
азаматтармен келісіп, халыққа бір
тонна астық үлестіргені де есінде.
Әділетсіздік орын алмағасын, «құда
да тыныш, құдағай да тыныш» болып
мұнда ешқандай түсініспеушілік етек
жаймаған екен.
Бірде облыс әкімінің орынба-
сары Абат Есенғалиев бастаған
делегация
іссапармен
келеді.
Құлағы түрік жүретін халық кеңсе
маңына
шоғырланып
қалыпты.
Ауылдастарының не сұрайтыны тағы
мәлім. Мектепке бас сұғып шыққан
олар жиналып тұрғандарды көріп:
«Бұлар неғылған адамдар?»- деп
сұрайды. Ашынған халық қисынсыз
бірдеңе айтып қалама деп қобалжып
тұрған әкім мән-жайды түсіндіреді.
Сонда облыстан келген өкілдер
көпшілікті әкім кабинетіне кіргізіп, бәрі
өтпелі қиындық екенін ұғындырып,
төзімді болуға, мойымауға шақырады.
Жас әкімге де қолдау білдіріп, рухтан-
дырып кетеді. Сонда бар ауыртпалық
өзіне түсіп жүрген ауыл басшысы
недәуір жеңілденіп сала беріпті. Бұл
да көңіл түкпірінде қалған естелік.
Сол бір кезеңде әр адамның ба-
бын тауып, олардың алдында қадір-
қасиетін түсірмеген кейіпкеріміздің
өзі де шаңырағы шалқыған үлкен
әулеттің перзенті. Өнегелі жанұяда
жарық дүние есігін ашып, тәрбиелі
ортада өсті. Әкесі Самат марқұм
сұрапыл соғыс кесапатын көрген са-
бырлы жан-ды. Қойма меңгерушісі
болып істеген. Еңбекқор, аздап өлең
жазатын ақынжанды адам деседі,
анасы Ұмсынай болса, тым тәуір да-
уысы бар, басқосуларда ән салатын
әрі көпке аталы сөзбен тоқтау айта
білетін кейуана болыпты. Ол кісінің
тағы бір ерекше қасиеті ісмерлігі.
«Өзінің тігін мәшинасымен мектеп-
ке баратын біздерге сәтен матадан
киім тігіп беретін»,- деп еске алады
бүгінде әкім ұлы.
Иә, осынау жылдар ішінде әкім
қызметінде әр түрлі жағдайларға
кезікті. 1998 жыл. Қаһарлы қыс
мезгілі. Бір жалғызбасты әйелдің
үйінде отыны таусылып, қара суықта
бүрсеңдеген оған мектептен күніне
бір-екі шелек көмір бергізгенін
ұмытпайды. Ондайлар аз болмаған
да. «Көктерек» ауылынан келген төрт
қызы бар жесір әйел баспанасыз, өте
ауыр жағдайда тірлік кешіпті. Солар-
ды бастапқыда құлайын деп тұрған
үйге орналастырған ол кейін аудандық
коммуналдық шаруашылық басшысы
Амангелді Сұлтанғалиевпен келісіп,
тас соқтырып, екі бөлмелі баспана
салып беруі нағыз адамшылық емес
пе?! Сол үйдің бір бөлмесінде ауыл
фельдшерін, екіншісіне қыздарды
орналастырған. Бүгінде олардың
әрқайсысы өз жолдарын тауып,
қиын-қыстау кезеңде кісілік танытқан
ағаларының сенімдерін ақтады.
Сондай-ақ, Есқайрат Өтепқалиев,
Жанқуат
Нұршалиев,
Ибрайым
Дүйсеков, Қуаныш Есеев, Хисмет
Мөкешев, Хамит Айтасов, Хайрол-
ла Сабыров, Жеңіс Бисенбаев, өзге
де ағаларының шарапатын есінен
шығарған емес.
Бисен ауылында кейінгі жылдары
әлеуметтік нысандар жаңарып, жаңа
дәрігерлік амбулатория да салынған.
Әрі 2011 жылы бисендіктер көгілдір
отынға қол жеткізсе, 2013 жылы
ауыз су азабын тартып жүрген
жиекқұмдықтар бұл қиындықтан
біржола құтылған. Иесіз қалған
саябақтар да жөнделіп, қоршалып,
ауыл келбеті көркейе түскен. Айта
кетелік, ана жылдары Жиекқұм об-
лыс бойынша «Үздік ауыл» атанып,
500000 теңгелік жүлдені иеленіпті.
Іскер басшы сол қаржыны шашау
шығармай, ауылдағы спорт за-
лын жөндетуге ұйытқы болған. Ал,
бертінде облыс бойынша осындай
байқауда жамбылдықтар үздіктер
қатарынан табылып, екінші орынға
табан тірепті. Сол бір жетістіктің
нәтижесінде саябақтарға тал-терек
егіліп, Бисен ауылының көшелеріне
елу жарық нүктесі орнатылған. Көптің
игілігі үшін атқарылған ерен еңбек
тиісінше бағаланып, ауыл әкімі 2007
жылы ҚР Президентінің «Құрмет»
грамотасымен
марапатталған.
Қиын-қыстау кездерде елін алға
сүйрей білген азаматтың сол өтпелі
уақыттың уысында кетпей, әр істің
шешімін табу жолындағы іскерлік
қабілеті ескеріліп, ҚР Тәуелсіздігінің
20 жылдық мерекелік медалін ие-
ленгенін де айта кетелік. 2010 жылы
оның есімі «Лучшие люди Казахста-
на» атты энциклопедияға да енгізіл-
ген.
Сапар Саматұлы бір кездерде
өзіне жөн көрсеткен ағаларының
жақсылықтарын ұмытқан емес. Со-
нау бір жылдары (ол кезде мұғалім)
үй мәселесі шешілмей жүрген
шақта көршілес Жәнібек ауданының
Ұзынкөл ауылындағы орта мек-
тептен шақырту алады. Баспана
мәселесі де шешілетін болған соң,
енді көшу жайын ойластырып жүрген
бір күндері оны телефонға «Бисен»
совхозының директоры Есентай аға
Нұрлыбаев шақырады. Жағдайына
қаныққан ол «Сапар, сен жақсы
мамансың, ешқайда кетпейсің»-
деп, баспана мәселесін өзі табанда
шешіп беріпті. «Ауылды басқарып
отырған білдей басшы ғой, жұмысы
бастан асып жатса да, мен сияқты
жас маманға көңіл бөліп, қолынан
келген көмегін ұсынуы нағыз кісілік
емес пе!?»-дейді өткен күнге ой жі-
берген ол.
Отбасында сүйікті жары Балзия
апай да жоғары білімді тарих пәнінің
маманы. Қолы епті, шебер мұғалім көп
жылдардан бері технология пәнінен
сабақ беруде. Әртүрлі қолөнер
бұйымдарын жалықпай жастарға
үйретіп келе жатқан ұлағатты
ұстаздың ізінен ерген шәкірттері де
бір төбе. Бұл шаңырақтан тәлім-
тәрбие алған ұл-қызы да ата-ана
сеніміне кілеуке түсірген емес.
...Ауыл ішіндегі еңселі баспаналар-
ды жанай өтіп, санаға түрлі ой түйіп,
бағытымызды аудан орталығына
қайта бұрдық. Күзгі күннің қабағы
қатуланып, қою бұлт аспанды тор-
лай түскен. «Жаңбыр жауып кетер,
жолға шығайық»,-деп алаңдаушылық
танытқан
фотограф
әрі
көлік
жүргізушісі Дастан екеуміз аумалы-
төкпелі табиғат-ананың құйқылжыған
мінезін түсінбей, кедірлі-бұдырлы
жолдарды кешіп келеміз. Көңіл тоқ.
Санада аядай ауылдың ажарлы кел-
беті мен елдігін жоғары көтерген ел
сүйенер азамат бейнесі.
Гүлнар ҚАДЫРОВА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
Бисен ауылы.
Ауыл бейнесі
13 желтоқсан 2016 жыл
7
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Ұстаз – әр оқушының жүрегіне
жылылық себетін аяулы тұлға,
әрқайсымыздың
жандүниемізге
шапағат сыйлайтын жан. Осынау
ұлағаттылардың алдын көріп, білім
алып, өмір-теңізіне құлаш ұрған кез-
келген шәкірт мұғалімін мақтан тұтары
хақ. Біз де М.Бегалиева атындағы
орта мектептің тарих пәнінің І санат-
ты мұғалімі Нұрғуат Жомартовпен
мақтана аламыз. Биылғы оқу жылын-
да ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған мультимедиялық жобалар
байқауында ол дайындаған құрама
команда ауданда да, облыста да І
орынға ие болды. «Мен Тәуелсіздік
құрдасымын» аталымына олар мек-
теп түлегі Сәрсенғалиев Нартай
Аралбайұлының бүгінгі жетістіктерін
арқау етті. Көпшілікке таныстыра
кетелік, журналист Н.Сәрсенғалиев
КТК
телеарнасының
белді
қызметкерлерінің бірі, жерлестері-
не ғана емес, республикаға таныла
бастаған жүргізуші. Сонымен қатар ол
Қазақстан Журналистер одағына 19
жасында қабылданған алғашқы тілші.
Бірнеше бағдарламалардың авторы
атанған жерлесіміз бүгінде «Алматы
апталығы» сараптамалық хабарының
бас редакторы.
Аталмыш байқау қорытындысында
ұстазымыз Нұрғуат Рамазанұлы ар-
найы дипломмен және бағалы сыйлық-
пен марапатталды. Мамандығының
майталманына әрдайым биіктерден
көрініп, шәкірттеріңіздің жетістіктері-
мен шаттана беріңіз дейміз.
Арна АСЫЛБЕКҚЫЗЫ,
11-сынып оқушысы.
* * *
Қазталов ауданында өткен пау-
эрлифтингтен жасөспірімдер мен
қыздар арасында аудан біріншілігіне
қазталовтықтармен қатар Жаңақала,
Бөкей ордасы командалары қатысты.
70-ке тарта спортшы бақтарын
сынаған бұл додада ордалық бапкер
Р.Қожағалиевтің
тәрбиеленушілері
6 салмақ дәрежесінде жүлдегерлер
сапынан табылды. Тарқатып айтсақ,
40 келіде Ақжан Жоламан, 48 келі-
де Ұлмекен Сағидоллақызы жеңіс
тұғырынан көрінсе, 36 келіде Әдемі
Хамит, +64 келіде Алтынбек Айғали ІІ,
56 келіде Темірлан Жеңісов, 64 келі-
де Анарбек Ақмолдин ІІІ орындарды
еншіленді. Осылайша, бөкейліктер
командалық есепте жүлделі ІІ орын-
ды иемденді.
* * *
Қазталов ауданының Жалпақтал
ауылында самбо күресінен Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген
жаттықтырушысы Қаметов Нұрлан
Қажиақпарұлының жүлдесіне арнал-
ған қазақ күресінен 2003-2005 ж.т.
жасөспірімдер арасында облыстық
турнир өтті. Онда Зеленов, Жаңақала,
Ақжайық, Бөкей ордасы аудандары
командалары (120-ға тарта жас па-
луан) бақ сынасты. Біздің палуан-
дарымыз да құр алақан қайтпады.
Медет Мақсот пен Жәңгір Ескендіров
ІІІ орыннан көрініп, қола медальмен
қоса 2000 теңге, Елдар Сатқанов
финалдық белдесуде жаңақалалық
палуанға жол беріп, күміс медальмен
қоса 3000 теңге ақшалай сыйлыққа ие
болды.
* * *
Хан ордасы ауылында волейболдан
аудан біріншілігі оздырылды. БЖСМ-
нің филиалдары өзара жарысқан
бұл шараның ашылу салтанатында
аудандық
балалар-жасөспірімдер
спорт
мектебінің
директоры,
Қазақстан Республикасының құрметті
спорт қызметкері Д.Семилиди мен
Жәңгір хан атындағы орта мектеп ди-
ректоры О.Түсіпқалиев құттықтау сөз
айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты да қызықты өткен
біріншіліктің «А» тобында Хан ор-
дасы (бапкері Ж.Бекеев), Сайқын
(М.Таңатов), Ұялы (Ж.Шәкіров), «Б»
тобында Бисен (А.Кәукешев) мен
Мұратсай (Н.Жахатов) филиалы ко-
мандалары ойнады. Финалдық ойын-
да мұратсайлықтар ханордалықтардан
2:0 есебімен басым түсіп, алтын ме-
даль мен ауыспалы кубогті иеленді.
3 орын сайқындықтарға бұйырды.
Ойын барысында ең үздік ойыншы-
лар анықталып, мұратсайлықтар
Нұрсұлтан Қайыпов «Ең үздік ша-
буылшы», Бекұлан Каспи «Ең үздік
байланыстырушы», ордалықтар Ал-
тынбек Алмадиев «Ең үздік тосқауыл
қоюшы», Әлем Есмұхан «Ең үздік ли-
беро ойыншы», сайқындық Шыңғыс
Маторов «Ең үздік қорғаушы», бисен-
дік Еркебұлан Пахман мен ұялылық
Темірлан Кенжеғалиев «Ең үздік
ойыншы» аталымдарын иеленді.
Айта кету керек, бұл қолжеткен
табыстар
жас
спортшылардың
Тәуелсіздік күніне тартуы болды.
Н.САРИЕВ,
БЖСМ директорының
оқу-ісі жөніндегі
орынбасары.
* * *
М.Мәметова атындағы орта мектеп
базасында Бөкей ордасы тарихи му-
зей кешенінің экскурсия жүргізушісі
Алмагүл Забесова 9-11 сынып
оқушылары арасында аудандық «ХХІ
ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойы-
нын ұйымдастырды. Оған алтылыққа
мүше А.Құсайынов (Ермұрат Ербола-
тов, Ильяс Рашидов), Т.Масин (Асы-
лжан Тілеққабылов), Б.Жәнекешев
(Ернас Қабашев), Ш.Жексенбаев
(Үкілімай Халықова) және М.Бегалиева
(Заманбек Мэлісұлы) атындағы орта
мектептердің шәкірттері қатысты.
Байқаудың бәйге, блиц-сұрақ, көкпар
сынды 6 кезеңінің сұрақтары негізінен
туған жеріміз, өлкетану, Тәуелсіздік,
мемлекеттік рәміздер жайында еді.
Әр кезең сайын қазылар әлсіз де-
ген 1 қатысушыны ойыннан шығарып
отырды.
Құрамында аудандық білім беру
бөлімінің әдіскері А.Ғайсина, жастар
ресурстық орталығының басшысы
И.Құрмашев, Бөкей ордасы тарихи
музей кешенінің бөлім меңгерушісі
Б.Дәулетова бар төрешілер алқасы
ең көп ұпай жинаған жәнекешевтік
Ернас Қабашевты жеңімпаз деп та-
ныды. Екінші орынды құсайыновтық
Ермұрат
Ерболатов
еншілесе,
үздік үштікті масиндік Асылжан
Тілекқабылов түйіндеді. Жүлдегерлер
шағын сыйлықтар және алғыс хатпен
марапатталды.
Г.ТЕМІРБОЛАТОВА,
педагог-ұйымдастырушы.
* * *
Қазіргі таңда қоғам алдына
қойылып отырған басты мақсаттардың
бірі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі
жаңартып, дүниежүзілік деңгейге
сәйкес келетін, жастарға сапалы
білім беруге жағдай жасайтын, жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру.
Сол ұрпақтың болашағы – ұстаздарға
үлкен міндет жүктеп отыр. Ол үшін
мұғалім кәсіби біліктілігін үнемі арт-
тырып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолдана
білу керек.
«Жаңартылған білім мазмұнына
көшу: алғашқы қадамдар мен
түйткілді сұрақтар» тақырыбында
М-С.Бабажанов
атындағы
орта
мектеп базасында 1 сынып же-
текшілері,
бастауыш
сынып
мұғалімдері мен жаңартылған білім
беру мазмұны бойынша курстан
өткен пән мұғалімдері қатысымен
тәжірибе алмасу семинар-кеңесі
ұйымдастырылды.
Түске дейін аталмыш мектептің І
санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі
А.Ғайсина 1 сыныпта «My family»,
І санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі
Ж.Сұлтанова 3 сыныпта «Краски осе-
ни» атты ашық сабақтарын өткізді. Ке-
лесі кезеңде ІІІ деңгейлік бағдарламасы
бойынша сертификатталған І санатты
1 сынып мұғалімі Г.Сариева «Ше-
берлік сабағын» және мектебіміздің
бастауыш
сынып
жетекшілері
әдебиеттік
оқу
пәні
бойынша
Кәукен
Кенжетаевтың
«Өнердің
сайыпқыраны» тақырыбында ықшам
сабағын өткізсе, өзін-өзі тану пәні
мұғалімі М.Момынова «Ата-аналар-
мен жұмыс жаңа мазмұнда қалай
жүргізіледі?» тақырыбындағы іс-
тәжірибесін ортаға салды.
Күннің екінші жартысында мек-
теп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасарлары
А.Қадымова,
Р.Жахатов «Білім беру мазмұнын
жаңарту шеңберінде оқушылардың
жетістіктерін критериалды бағалау»,
«Жиынтық бағалауды қалай жүзеге
асырамыз?»
тақырыбында
өз
әріптестерімен ой бөлісті. Дөңгелек
үстелге жиналғандар да пікір білдіріп,
тәжірибе алмасты.
А.ӘБДІРЕШЕВА,
бастауыш сынып мұғалімі.
* * *
М.Бегалиева атындағы орта мек-
тепте қосымша білім беру педа-
гогі Светлана Шәңгерейқызының
ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ел
тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Алдымен желтоқсан құрбандары
бір минут үнсіздікпен еске алынып,
«Желтоқсан» әні шырқалды. Қазақ
жастарының өр рухын паш еткен
бейнероликті көрген қатысушылар
көздеріне жас алды. Ұлт намысын
ту қылған қаракөздеріміздің ел үшін
алаңға шығып, қаһарлы желтоқсан
айында қантөгіс құрбаны болғандары
жайында әңгіме тиегі ағытылды.
«Алтын алқа» иегері, алты ұл,
екі қыз өсіріп, әрқайсысын отау ғып
шығарған Бақытқаным Есқалиева
ананың ақ батасы шәкірттерге күш
сыйлағандай болды. Тәуелсіздікке
арналған мәдени шара «Біз Отанның
ұлымыз» атты әнмен аяқталды.
Шынар ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ,
10 «а» сынып оқушысы.
Егемендіктің
25
жылдығына
арналған «25 жұлдызды күн» акциясы
аясында «Ер Төстік» бөбекжайында
әдіскер
Н.Зайноллинаның
ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздікке
менің тартуым» атты көрме оз-
дырылды.
Бөбекжай
директоры
А.Мамаева шақырулы қонақтар мен
ата-аналарды, бүлдіршіндерді ме-
рейтоймен құттықтаса, аудандық
балалар кітапханасының кітапхана-
шысы А.Ерешева кітап көрмесімен
таныстырды. Жиналғандар бөбекжай
тәрбиеленушілерінің өз тәрбиешілері
және
ата-аналарымен
бірлесіп
дайындаған сурет, тоқыма, т.б.
қолөнер бұйымдарын қызыға тама-
шалады.
Көрменің
шарты
бойынша
әр топ тәрбиешілері ұсынған
бұйымдарының,
суреттерінің
қалай жасалғандығын түсіндіруі
керек-ті. «Айналайын» тобының
(тәрбиешілері
М.Қожантаева,
Н.Сүйінішева)
тұмарлары,
Ел-
басы жайлы жасаған буклеті,
«Ақбота»
тобы
(тәрбиешілері
А.Сыйхова,
А.Төлеуғалиева)
тәрбиеленушілерінің
қиялынан
туындаған
суреттер,
ата-
аналарының көмегімен жасалған
ток көзіне қосылғанда жарқырайтын
бәйтерек
макеті,
«Айгөлек»
тобының (тәрбиешілері А.Құрман,
Н.Отарбаева)
ұлттық
нақышта
жасаған тұмарлары, «Болашақ»
тобының
(Г.Құттығалиева,
М.Өтешева)
қарақұмық,
күріш
дәндерінен
жасаған
суреттері,
тоқыма бұйымдары, сонымен қатар
«Балбөбек» тобының (А.Мусина,
А.Хамзина)
тәрбиеленушілерінің
ата-аналарының көмегімен пеноп-
ласттан жасаған бейбітшілік пен
келісімнің символына айналған
шаңырақ, пирамида макеттері ерек-
ше тартымды екенін айта кеткеніміз
лазым. Көрме соңында қатысушы
топтар түрлі номинациялармен ма-
рапатталды.
Шара
мұғалімдер
кәсіподағы
аудандық
ұйымының
(төрағасы
М.Алтаяқов) демеушілігімен бөбекжай
педагогтері
арасындағы
«Дені
сау маман – бақытты адам» атты
эстафеталық командалық ойынға
жалғасты.
А.ҒАЙСИНА,
аудандық білім
бөлімінің әдіскері.
Бөбекжайдағы көрме
Бүлдіршіндер тартуы
Болашақ қамы бүгіннен
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Егемен еліміздің ерен мере-
кесі Тәуелсіздікке де санаулы күн
қалды. Кеше ғана Тұңғыш Прези-
дентіміз күнін атап өттік. Ол мере-
кені Қазақстан Парламентінің сена-
ты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы
қарсаңында, дәлірек айтсақ, 2011
жылы 14 желтоқсанда белгілеп, ар-
найы заң қабылдаған-ды. «Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президен-
ті – Елбасы туралы» Конституциялық
және «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары туралы»
Заңдарға өзгерістердің дәл осы күні
енгізілуі жай ғана сәйкестік емес.
1991 жылғы 1 желтоқсанда
бүкілхалықтық
сайлауда
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Пре-
зиденті болып сайланды. Сөйтіп,
ғасырлар бойы халқымыздың
асыл арманы болып келген егемен
Қазақстанды құру жөніндегі ата-
бабаларымыздың тарихи аманаты
орындалды. Бірауыздан Мемлекет
басшысы болып сайланған Тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанды жарқын болашаққа
батыл
бастады.
Президенттің
2012 жылдың 14 желтоқсандағы
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Мәдениет
– ұлттың бет-бейнесі, рухани бол-
мысы, жаны, ақыл-ойы, параса-
ты. Өркениетті ұлт, ең алдымен,
тарихы мен ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің
алтын қорына қосқан үлкенді-
кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп,
тек өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады»
деп атап көрсеткеніндей, адамзат
тарихының күретамыры – мәдениет,
ал, мәдениеттің күретамыры –
адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекеті
дүниеге
әкелген
материалдық
құндылықтар. Қай халықтың болма-
сын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек
болмыс-бітімін даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты белгі
– мәдениет.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы жиырма
бес жыл уақыт ішінде Республиканың
ең батысында орналасқан Бөкей
ордасында екі мәрте болды. 1990
жылы алғаш осынау қасиетті Ордаға
табан тіреген кезде-ақ бұл жердің
тарихының, мәдениетінің ерекше
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері қатарында абыройлы еңбек
етіп жүрген жерлестеріміз баршылық.
Солардың бірі – майор Әбілқайыров
Тельман Сағадатұлы (суретте). На-
рын құмының Хан ордасы ауылында
дүниеге келген ол бұл күнде Елорда-
мыз Астананың түбіндегі авиаполктің
ұшу орталығындағы бір бөлімді
басқарады.
Туған мекеніне қоңсы қонған
әскери әуе күштері бөлімінің
ұшақтары күн сайын көк аспанды
тілгілеп, кейде ауылдың үстімен
жербауырлай ұшып келіп, биікке тік
көтеріліп кететін. Осыны қызықтаған
ауылдың
қарадомалақтары
«өскенде мен де осылайша ұшақты
тізгіндеп, биіктерге самғасам-ау»
деп армандайтын. Тельманның
бала қиялына аудан басшыларының
іргедегі әскери сынақ полигоны бас-
шыларымен әскери әуе күштерінің
Ахтубадағы бастауыш мектебіне
жергілікті жастардан оқушылар жі-
беру жөніндегі келісімі қанат бітір-
ді. Тоғызыншы сыныптан соң сонда
оқуға түсті. Арнайы мектептен кейін
Краснодар әскери авиациялық учи-
лищесін бітіріп, ұзақ жыл Балқаш
қаласында қызмет етті. Шені де,
қызметі де сатылап өсті. 2003 жылы
шаңырақ көтерген оның 3 баласы
бар.
Ер – ел қорғаны
Зеңгір көктің күзетшісі
Тельман – ордалық Сағадат
Әбілқайырұлы
мен
Қабира
Құлбайқызының екінші перзенті.
Ағасы Арман зейнетке шыққан ата-
анасының қолында. Қарындастары
Фатима, Баян, Земфира бәрі де
жоғары білімді. Алғашқы екеуі
Ақтау қаласында тұрмыста, кен-
же қарындасы Орал қаласында,
облыстық
денсаулық
сақтау
басқармасында.
– Менің әскери борышымды За-
байкалье округінде өтегенім, Қаби-
раның Волжск медучилищесінде
оқығаны болмаса, алысқа ұзақ шық-
паған біздер көп нәрсенің мәнісін
біле бермейміз ғой. Қарындастарына
бағыт-бағдар сілтеп, оқуларына
жәрдемдескен
де
Тельманның
өзі,- дейді әкесі Сағадат ұлына
ризашылықпен. – Былтыр Астанаға
ауысты. Немерелерім де сөйлесіп
тұрады. Бас қаланы мақтайды, бізді
шақырады. Бұйырса, бара жатармыз
да.
Қарапайым
ауыл
баласының
авиация инженері ретінде ұшу
орталығының басшылары сапын-
да жүруі бір жағынан оның қабілет-
қарымының арқасы болса, екінші-
ден, Тәуелсіздіктің жемісі. Ол кезеңге
дейін қанша ұланымыз шетқақпай
көріп, тасада қалды. Еңбектері
лайықты дәрежеде бағаланбады. Өз
қолымызды өз аузымызға жеткізген
Егемендігімізді баянды етіп, Мәңгілік
Ел болуға жазсын. Тельмандай
зеңгір көктің күзетшілері қырағылық
танытып, еліміз тыныш, жұртымыз
аман болғай!
К.ҒАЙСИН.
Туған өлке тарихынан
Елбасы келген елеулі күндер
екендігіне мән берген-ді. Уақыттың
тығыздығына қарамастан тарихи,
мәдени, архитектуралық нысандар-
ды жаяу аралап, оларды мемле-
кеттік қорғауға алып, жөндеу, қайта
қалпына келтіру мәселесін жауапты
адамдарға жүктеген болатын. Ол
сөз жүзінде қалмай, қолға алынды
да. Елбасының Орда жеріне келген
алғаш сапарынан бастап өлкеміздің
мәдени мұрасына көңіл бөліне
бастады. Хан сарайының шығыс
флигелі, дәрігер Сергачев үйі, пе-
дтехникум ғимараттары музейдің
қарамағына берілді.
Қазақ үшін 7 саны қасиетті болса,
араға 7 жыл салып Елбасы 1997 жылы
екінші мәрте құм Нарынға ат басын
бұрып, қазақтың соңғы хандарының
бірі Жәңгірдің кесенесін салтанатты
түрде ашты. Президентіміздің бас-
тамасымен 2004 жылы 13 қаңтарда
қабылданған «2004-2006 жылдарға
арналған «Мәдени мұра» мемле-
кеттік бағдарламасына» Бөкей ор-
дасы тарихи-музей кешені де енді.
Күтімсіз қалған ғимараттар қалпына
келтіріліп, жаңарту жұмыстары
жүргізілді. Мысалы, қыздар учи-
лищесі ғимараты, Хан сарайының
батыс флигелі мен орталық бөлігі
тұрғызылды және кешеннің ау-
ласы абаттандырылды. Сөйтіп,
Президентіміздің қолдауымен му-
зейіміз Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасына
қарайтын «Бөкей ордасы та-
рихи-музей кешені» мемлекет-
тік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорнына айналды.
Ел тәуелсіздігін алғаннан бас-
тап, өз қызметін жаңа бағытқа
бұрып, жиырма бес жылда талай
табыстар мен зор жетістіктерге қол
жеткізген Бөкей ордасы тарихи-му-
зей кешенінің ұлт мұрасын сақтап-
насихаттаудағы қызметі келешекте
де өз жалғасын таба бермек.
Ғайса МАХИМОВ,
кешен директоры,
аудандық мәслихат
депутаты.
Достарыңызбен бөлісу: |