Еркіндік! Теңдік! Тәуелсіздік!
Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады
Апталық басылым
№50-51 (7033) 13 желтоқсан 2016 жыл
Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті
Орда жұлдызы
www.ordazhuldyzy.kz
-14
-14
-17
Жексенбі, 18.12.2016
-18
Сенбі, 17.12.2016
-14
-15
Жұма, 16.12.2016
-5
-8
Дүйсенбі, 19.12.2016
-18
-25
Бейсенбі, 15.12.2016
-20
-18
Сәрсенбі, 14.12.2016
-3
-3
Сейсенбі, 20.12.2016
Замандас келбеті
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ:
Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат : «Енді тәуелсіздікті қалай кемелден-
діреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз» деп ой-санасын қамшылауы керек.
ҚҰРМЕТТІ БӨКЕЙОРДАЛЫҚТАР!
Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күнімен және мерейлі 25
жылдық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ұлт тарихындағы, қазақ елі шежіресіндегі
ең ұлы күн. Желтоқсанның екпінімен келген Егемендіктің
біз үшін орны қашан да бөлек. Еуразия жүрегінде,
өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен
ұлыстың ортақ мекеніне айналған Ұлы Далада азат елдің
азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ деп білемін.
Осынау мерейлі мереке күні бөкейліктерге зор денсаулық,
отбастарына бақыт пен шаттық, еңбектеріне жеміс
тілей отырып, еліміздің одан әрі гүлденіп, көркеюіне сүбелі
үлестеріңізді қосып, әрдайым биіктен көріне берулеріңізге
тілектеспін.
Халқымыздың аңсап күткен азаттығы баянды бол-
сын!
Игі тілекпен: аудан әкімі Н.РАХЫМЖАНОВ.
Оған аудан әкімі Нұрлан Рахым-
жанов пен орынбасары Лариса
Қайырғалиева, ішкі саясат бөлімі
қызметкерлері, еңбек ардагерлері,
желтоқсан көтерілісіне қатысушылар,
кітапхана ұжымы, жастар ресурстық
орталығы,
колледж
студентері
мен Сайқындағы қос орта мектеп
оқушылары қатысты.
Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы
аңсап, зарығып жеткен Тәуелсіздіктің
мән-маңызына тоқталып, егемендіктің
арқасында бүгінгі ұрпақ алдында
үлкен мүмкіндіктер ашылғанын, Ал-
маты қаласында 1986 жылдың 16-
17 желтоқсанында алаңға шығып,
кадр саясатын жүргізудегі кеңестік
өктемдікке
наразылық
білдірген
қазақтың жалынды жастарының өр
рухының егемендікке жол салғанын
кеңінен әңгімеледі. Бұл жиында
желтоқсан оқиғасына қатысушыларға
естелік медаль да табыс етілді.
Аудан әкімінің орынбасары Лари-
са Қайырғалиева еркіндік аңсаған
қазақтың өрімдей жастарының сая-
си тұрғыдан қуғындауға ұшырағанын,
көбінің армандаған оқуларын бітіруге
мүмкіндіктері де болмай, кері елге
оралғанын, енді бірі жазықсыз жала
жабылып, темір торға тоғытылғанын
сөз етті. Еңбек ардагері, ауданның
құрметті азаматы Чарльз Қойшыбаев
ол күндер қазақ тарихына өшпес із
қалдырғанын тебірене жеткізді.
Айта
кетелік,
бірқатар
желтоқсаншылар өздеріне көрсетіліп
жатқан құрметке алғыс сезім-
дерін білдірсе, Арон Уәлитханұлы
Бөкей ордасы тарихи мұражай ке-
шенінде тоталитарлық жүйеге тас
атып, түбегейлі қарсылық білдірген
желтоқсаншыларға арнайы бұрыш
ашылса деген ұсынысын айтты.
Әсерлі шара соңында оқушылар
тәуелсіздік мерекесіне арналған
ақындар өлеңін оқып, жиналғандар
естелік суретке түсті.
Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.
Біздің Нұрсұлтан...
Тәуелсіздік
құрдасы
саралжындық
Тілепқалиев Нұрсұлтан Мұратұлы (суретте)
– бір шаңырақтағы жалғыз ұл. Мектепті жақсы
бағамен аяқтап, М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің физи-
ка-математика факультетін бітірді. Жас маман
бүгінде өзі білім алған Қ.Сағырбаев атындағы
орта мектеп-балабақшасында информа-
тика пәнінің мұғалімі. Әкенің сара жолын
жалғаған ол мектепішілік «Жас келсе – іске»,
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық
КТК ойындары байқаулары мен жас маман-
дар сайысында I, аудандық «Пәндік олимпиа-
дада» III орындардан көрінді. Республикалық
сабақтар сайтынан сертификат, облыстық
«Өркен» тәлімгерлер мектебінен Алғыс хат
иеленсе, облыстық білім беру басқармасының
Құрмет грамотасымен де марапатталған.
Міне, біздің Нұрсұлтан осындай жігіт!
–Мен Тәуелсіздіктің құрдасы болғанымды және Елбасының есімін иелен-
генімді ерекше бақыт санаймын. Әрі ол маған үлкен жауапкершілік жүктейтінін
де терең сезінемін. Сондықтан өзім қатарлы жастарды егемен елдің нағыз
патриоттары болуға шақырамын. Мұны Мемлекет басшысының жас толқынға
артқан үмітін ақтау деп түсінемін,-дейді жігерлі жігіттің өзі бізбен әңгімесінде.
Айсәуле БЕРІКҚЫЗЫ.
Естелік медаль
табысталды
Бір жандым
алауыңмен мәңгілікке
Бағаңды жайым бар ма, кем берерлік,
Өйткені дүлей тасқын сен кемерлі.
Әлемге үлгі болып қалды мәңгі,
Ұрпағымыз жасаған сендегі ерлік.
Бәйгеге қосқан айсың керемет ер,
Өзіңе тітіркенбес дене бекер.
«Желтоқсан!» деген дауыс естілгенде,
Дүниенің қос құлағы елең етер.
Дейді кім, ер түріктің бағы сынды,
Көл болған көре тұра сан ісімді,
Сабала қар аралас құйыныңмен,
Өткірлеп қайрау үшін намысымды.
Адуын мінезің сан бұлғақ салар,
Бұйығы, сайды іздесін сырғақтап әр.
Деміңнен уһілеген боран тұрып,
Кенелдір сары аяз бен бұрқаққа бар.
Мамық төк, тау мен дала жұтамасын,
Еңіс толып иілсін бұта басы.
Желтоқсан сен халқымның санасында,
Ерліктің пілтесі боп тұтанасың.
Сен болып таңым нұрлы атар дәйім,
Халқым да осы шаққа жасар жайын.
Есірсе ақ бораның ерлік-елес,
Желтоқсан биік рух, қаһарлы айым.
Екпінді қамал бұзар ілестіріп,
Дарқандық жаса қуат үлестіріп.
Үлгі бол, қайтпас қайсар қылығыңмен,
Тербелеген айдындарды сірестіріп.
Аязыңды мейлі айтсын шағады деп,
Қызарсын ұяты өлмес бағалы бет.
О бастан сенің жолың ақ еді ғой,
Қараны тегіс жауып, ағарып жет.
Тілімді оздыр, бірлік пен дінімді ұйыт,
Жолымды аш, аязыңмен ұрын тиіп.
Бір жандым алауыңмен мәңгілікке,
Өзіңмен бірге шыққан күнім биік.
Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ,
Құрманғазы ауданы,
Атырау облысы.
Өмір және өлең
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіз-
дігіне 25 және желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай
әсерлі кеш өтті.
13 желтоқсан 2016 жыл
2
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
...Кешегі кеңес дәуірінде еге-
мен республикамыз деп жүргеніміз
жай сөз. Ол кезде біз Ресейдің
құрамында
болдық.
КСРО
болғанымен, ол – Ресей еді ғой.
Үш мемлекет қайраткері, бұрынғы
Одақты құрған мемлекеттердің
өкілдері, біріншісі Ресей Президенті
Б.Ельцин, екіншісі Украина Прези-
денті Л.Кравчук, үшіншісі Белорус-
сия Президенті Ш.Шушкевич: «Біз
барлық республикаларға бостандық
берейік, әлемдегі соңғы империяны
таратайық» деген шешімге келді.
Сөйтіп, 1991 жылы 8 желтоқсанда
Одақ таратылды. Үш мемлекет
басшысының бұл кездесуі Беловеж
келісімі ретінде тарихта қалды.
Одақтың
таратылғаны
бұл
тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға
жолдың ашылғаны еді. Міне, сол
кезде мемлекетіміздің басында
халқымызды алға жетелейтін, алыс-
ты болжай білетін біздің Президен-
тіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев тұрды.
Сонымен, осыдан тура жиыр-
ма бес жыл бұрын Қазақстан
Тәуелсіздігін жариялаған тұста дер-
бес мемлекет ретіндегі мәртебесін
айқындап, халықаралық талаптарға
сай құқықтық негізін қалайтын,
мақсат-мұратын
белгілейтін
төтенше маңызды заңдар мен де-
кларацияларды қабылдау тіптен
оңай болған жоқ. Әсіресе, Егемен-
дік туралы Декларация, Тіл тура-
лы Заң және басқалары Жоғарғы
Кеңес депутаттары арасында қызу
пікірталас тудырды. Осынау ел
тағдыры таразыға түскен сын сәтте
бір топ депутаттарымыз асқан білік-
тілік, батылдық, қайсарлық таны-
тып, халқымыздың мүддесін қорғап
қалды.
...1990 жылы 25 қазанда «Еге-
мендік туралы» Декларацияны
қабылдау кезінде белгілі заңгер-
ғалым Салық Зиманов екеуміз
Жоғарғы Кеңестің мінберіне қайта-
қайта шығып жүріп, мемлекетіміздің
егемендігі мен нақты тәуелсіздігін
білдіретін осы бір тарихи құжатты
әрең дегенде қорғап қалдық. Бұл
оқиға әлі күнге дейін көз алдым-
да. Кейіннен 1991 жылдың 16
желтоқсанында «ҚР Тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық Заң жо-
басын қабылдау да тура осы секілді
өрбіген-ді. Еркеш Нұрпейісов, Талғат
Данақов
үшеуіміз
дайындаған
аталмыш Заң жобасы жөнінде
Жоғарғы Кеңесте менің жасаған
баяндамамды талқылау, сенсеңіз,
аттай 18 сағат 14 минутқа созыл-
ды. Мұндай жағдай бұрын-соңды
әлемдік дипломатияның тарихында
болмаған да шығар. Әрине, бүгінгі
түсінікпен қарасаңыз, мұның бәрі
де оңай сияқты көрінуі мүмкін. Ол
кезде таным-түсініктер, көзқарастар
мүлдем басқаша еді ғой? Себебі, 70
жыл үстемдік еткен тоталитарлық
жүйенің
шырмауынан
арыла
қоймаған депутаттарда оның әсері
әлі күшінде тұғын. Сонан кейін ба-
рып Тәуелсіздігімізді жарияладық.
Бостандықты, Тәуелсіздікті жария-
лау әркімнің үлесіне тие бермейді.
Оны жария ететін бір адам болады.
Сол бақытты сәт маған бұйырды.
Ал, біздің сол Тәуелсіздігімізді
ең алғаш мойындаған мемлекет
Түркия еді. Несін жасырайын, біз
ол кезде қорлықты ескіше ойлай-
тын депутаттардан көрдік. 1993
жылы қаңтардың 28 күні Қазақстан
Республикасының тұңғыш Конс-
титуциясын қабылдау барысында
да екі түрлі пікірталастар болды.
Онда елімізде 140 ұлттың өмір
сүріп жатқандығы, әсіресе, қазақ
ұлтының басқалардан аз екендігі,
сондықтан мемлекетімізде орыс
тілін ортақ тіл ретінде қабылдау
керектігін талап еткендердің ба-
сым болғандығы еді. Сол кезде-
гі депутаттық корпустағы Манаш
Қозыбаев, Салық Зиманов, Шер-
хан Мұртаза сынды ұлт рухын биік
ұстаушы әрі оны қорғаушылармен
бірдей
атсалыспағанымызда,
бүгінде ана тіліміздің жағдайы не
болар еді?!
Біздің
еліміз
біртіндеп
халықаралық аренадағы саяса-
тын, шетелдермен достастығын
жүргізетін мемлекеттердің қатарына
қосылды. БҰҰ-ның мүшесі де
болдық. Осылайша, халықаралық
құқықтарға
қайшы
келетін
әрекеттерді жасамаймыз деген мін-
дет арқаладық.
Міне, Тәуелсіздік деген осы.
Бұған да 25 жыл толғалы отыр.
Ширек ғасыр ішінде біздің еліміз
қатты көркейді, өсті. Оны өсірген,
көркейткен Елбасымыз, мемлекет
қайраткері, ұлтымыздың лидері
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп
танимыз. Солай екені де шындық.
Ел шежіресі
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік Еге-
мендік туралы Декларация қабылдады.
* * *
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің
тұңғыш жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетіп, Қазақстан Респуб-
ликасы Президенті болып сайланды.
* * *
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінде салтанатты түрде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.
* * *
1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда тұңғыш
рет Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті.
* * *
1992 жылы 22 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелер
қабылдау жөніндегі комитеті Қазақстанды БҰҰ-ға қабылдау жөніндегі
шешімді бірауыздан мақұлдады.
* * *
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум
өтіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
* * *
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
мемлекеттік университетінің бас ғимаратына Күлтегін ескерткіші орна-
ластырылды.
* * *
2011 жылы 10 маусымда «EXPO – 2017» көрмесін Астанада өткізу
жөнінде шешім қабылданды.
16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың ар-
маны орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік
күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған
Тәуелсіздігімізге, міне, 25 жыл толуда.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші,
алтын діңгегі. Ол – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ
армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік
күні ең қастерлі күн. 25 жылда еліміз жеткен жетістіктер қанша ма?! 1993 жылы
15 қарашада ұлттық валюта – теңгеміз айналымға шықты. 1995 жылдың 30
тамызында халықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Кон-
ституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару
формасындағы республика ретінде бекітті. 1997 жылы егемен Қазақстанның
Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға
көшіру туралы шешім қабылданып, 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың
атауы Астана болып өзгертілді.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» атты ұзақ мерзімді даму стратегиялық
бағдарламасының қабылданғаны белгілі. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін ең алдымен көршілес шетелдермен екі арадағы шекара бекітілді. Та-
бысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Рес-
публикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, т.б. беделді халықаралық ұйымдардың салмақты
мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынастарда
да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де
бастамашы болды. Бұл, сөз жоқ, Елбасымыздың көрегендігінің, сарабдал
саясатының арқасы. Сондықтан да халқымыз оны Ұлт көшбасшысы санай-
ды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен еліміз әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 30 мемлекеттің қатарынан орын алатынына бек сенеді.
Асхат АТАЕВ,
аудандық әділет
басқармасының басшысы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның
қабылданғанына, міне, 25 жыл. Сондай-ақ, Қазақстан
халқы Н.Назарбаевты ел Президенті етіп сайлағанына да
ширек ғасыр (1991 жылы 1 желтоқсан) толды.
Ел бағына туған Елбасымыз өзі құрған мемлекетті
жаңа биіктерге бастап келеді және үлкен жетістіктерге
қол жеткізді. Еліміздегі сот жүйесі де шынайы тәуелсіз
құрылымға айналды. Елбасының тапсырмасына сәйкес,
сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды
қамтитын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды.
Елбасының қатысуымен Қазақстан судьяларының VII
съезі өтті.
Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, Қазақстан
мемлекетінің негізін қалаушы Тұңғыш Президенті
Н.Назарбаев халықтың жарқын істерін және еліміздің
мәртебесін көтеруде. Елбасының еселі еңбегін мақтаныш
етеміз. Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
З.ЗАЙНОЛЛИНА,
аудандық соттың
кеңсе меңгерушісі.
18 сағат 14 минут
талқыланған тұғырлы Заң
Көрнекті ғалым, заң ғылымының докторы, профес-
сор, ҚР ҰҒА-ның академигі Сұлтан Сартаевтың есімі
біздің елімізге жақсы белгілі. Ол 1990 жылдан бастап
республикамыздың ірі заң жобаларын дайындауға
атсалысып келеді. Бұлардың ішінде «Қазақ КСР
Президенті туралы» Заңның, «Қазақ КСР-нің Мемле-
кеттік егемендігі туралы» Декларацияның, «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Заңның жобасы бар. Біз Тәуелсіздік күні қарсаңында
ұлтымыздың мақтанышына айналған сол қайраткер
ағамыздың баспасөз бетінде жарияланған ой-
толғамдарынан бір үзік сырды оқырмандар назары-
на ұсынуды жөн көрдік.
Алаш айбыны
асқақтаған сәт
Мемлекет мәртебесі
13 желтоқсан 2016 жыл
3
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Соғыс және еңбек ардагері Ж.Қадыровтың туғанына 90 жыл
Жұмабай Қадыровтың аудандық
мұрағаттағы жеке тектік қорында
артық-кемі жоқ бір чемодан құжат
бар. Ондағы 60-70-75 жылдық ме-
рейтойларына қатысты жеке адам-
дар мен аудан, облыс басшылары,
тіпті, Елбасы атынан келген Алғыс,
Құттықтау хаттардың өзі бір төбе.
Бұл есімі аудан жұртшылығына
танымал соғыс және еңбек арда-
гері, марқұм ағамыздың қадірінің
қаншалықты биік болғандығын біл-
дірсе керек.
Тұрмыс ауыртпалығына бай-
ланысты ол кезеңнің балалары
еңбекке ерте араласты. Орталау
мектепті бітірген Ж.Қадыров 1942-
1944 жылдары Шоңай ауылдық
кеңесіне қарасты «Большевик»
ұжымшарында есепші әрі хатшы
болып жұмыс жасады. 1944 жылы
20 қарашада әскерге шақырылып,
Чкалов қаласындағы (Орынбор
облысы) 365-ші запастағы 2-ші
атқыштар полкі жанындағы мер-
гендер мектебінде оқып, кейін
майданға аттанады. 1945 жылдың
5 наурызында Бранденбург қаласы
маңында ұрысқа кіреді. 1-ші Бе-
лорус майданы 290-шы дивизия,
878-ші Кутузов орденді атқыштар
полкі құрамында Берлинді алу опе-
рациясына қатысады. 1945 жылы
30 сәуірде аяқ-қолынан бірдей
жараланған Ж.Қадыров Берлин-
нен 11 шақырым жердегі №2529
дала
госпиталінде
емделеді.
Жеңіс күнін Майндағы Франкфурт
қаласында қарсы алады. Госпи-
тальдан шыққасын әскери қызметін
878-ші полкте жалғастырған ол
Польша, Батыс Украина жерлерін-
дегі бендеровшыларды жоюға
қатысады. Ұлы Отан соғысынан
кейін де алты жыл әскер қатарында
(авиадивизияның штабында) істе-
ген Жөкең 1951 жылы сәуірде елге
оралып, сол жылдың мамырынан
1952 жылдың тамыз айына дейін
Орда аудандық партия комитетін-
де техникалық хатшылыққа қоса,
«Жаңа жол» газетінің редакциясы
жанындағы радиокомитеттің дик-
торы, 1952-1957 жылдары Жәнібек
аудандық партия комитетінде есеп
секторының меңгерушісі, МТС-та
экономист, диспетчер, 1960-1972
жылдары Жәнібек аудандық, 1972-
1982 жылдары Орда аудандық
партия комитеттері ұйымдастыру
бөлімінің меңгерушісі, 1982-1987
жылдары зейнеткерлікке шыққанша
Орда аудандық атқару комитетін-
де жауапты хатшы қызметтерін
атқарады.
Оның
партиялық
жұмысты тілшілікпен ұштастыра
жүргізгенін екінің бірі біле бермейтін
шығар. Бұл оны өзгелерден дара-
ландыра түсетін ерекше қасиеті еді.
Сондықтан да бүгін ардагердің жур-
налистік жолын сөз етпекпіз.
1957-1960 жылдары Ж.Қадыров
Жәнібек аудандық газетінде ілкі-
де тілші, кейін бөлім меңгерушісі
болады. Тілшілік қызметтің қыр-
сырын тез меңгеріп алған ол идео-
логия майданының алдыңғы шебі-
нен көрінеді. 1959 жылы аудандық
партия комитетінің ұсынуымен сол
уақыттағы республикалық бас ба-
сылым «Социалистік Қазақстан»
газетінің Жәнібек ауданы бойын-
ша штаттан тыс тілшісі болып
бекітілуі соның айғағы. Сол жылы
ақпанда
СССР
Журналистер
одағының мүшелігіне қабылданып,
республиканың
бас
газетіне,
партиялық журналға мақалаларын
жиі-жиі жолдапты. «Орда» кеңшары
құрылғаннан кейінгі төрт жыл ішін-
дегі еңбек жетістіктерін жіктеп
жазған «Бір шаруашылықтың ке-
шегісі мен бүгінгісі» атты талдау
мақаласы бұған айқын дәлел.
Онда автор: «Бұдан төрт жыл
бұрын экономикасы төмен үш
колхоздың негізінде жасақталған
«Орда» совхозы аудандағы, тіпті,
облыстағы арзан ет өндіретін озат
шаруашылықтардың бірі болып
алды. Өнімнің өзіндік құнының ар-
зандауы совхоздың рентабельді
шаруашылық болуына жол ашып
беріп отыр» деп, оның өзіндік се-
бептерін шаруашылық басшысы
Тауасих Мырзағалиевтің аузы-
на салып, былайша сөйлетеді:
«...Біздің еттің, әсіресе, қой етінің
арзанға түсуінің түйіні – малдың
жазда ғана емес, қыста да жайы-
лып
бағылатынында».
Жур-
налист
Ж.Қадыров
аталмыш
шаруашылықтың алдыңғы мен
соңғы көрсеткіштерін салыстыра
келіп, оның үздіксіз өркендеп келе
жатқанын дәйекті деректер, яғни,
цифр тілімен сөйлетеді. Кеңшар
құрылған жылы қой саны 17000
болса, төрт жыл ішінде оның саны
2,5 есе өсіп, 44000-нан асқан.
Оның әр жылдардағы қолтаңбасы
тек аға басылым бетінде ғана
емес, облыстық «Орал өңірі»,
аудандық «Орда жұлдызында» да
қалған. Осы тұста қаламгердің тіл-
шілігіне қоса, адами биік қасиеті
туралы арамызда жоқ ардагер
журналистер Балмолда Тоқсанов
пен Тұрақбай Шәкеновтің және
онымен көп жыл қызметтес болған
қазіргі күні қатарда жүрген Чарльз
Қойшыбаевтің естеліктерін келтіре
кетудің реті келіп тұрғандай. Бәкең
(Б.Тоқсановты айтамыз) «Жұмабай
Қадыров туралы бірер сөз» де-
ген мақаласында: («О.Ж.» 20 ХІ.
1990 ж.) «...Жөкең көптеген кадр-
ларды өз қолынан өсірді. Аудан-
да қазіргі басшылық жұмыстарда
жүрген, шаруашылық басқарып
отырғандардың бірқатары осы
Ж.Қадыров іріктеп орналастырған,
тәрбиелеген
кадрлар
деуге
әбден болады. Ол сонымен қатар
қарымды қаламгер, СССР Журна-
листер одағының мүшесі. Мен өзім
аудандық газетте істеп жүрген кез-
де бірнеше фельетоны, сын мате-
риалдары жарық көргенін білемін»
десе, Чарльз Қойшыбаев «Жаны
жайсаң азамат» атты мақаласында
(«О.Ж.» 25.01.2002ж.) ол туралы:
«...Жөкең аупарткомның ұйым-
дастыру бөлімінің меңгерушісі
ретінде кадрларды орналастыру-
дағы құпиялықты қатаң сақтаған
кісі. Ол кезде кадр қашан ресми
тағайындалғанша ешкім білмей-
тін. Бірде аудандық партия кон-
ференциясына әзірлік қарсаңында
бір аупартком хатшысы: «...Кадр
жөнінде конференцияда қандай
өзгерістер болатынын білу үшін
Жөкеңнің ішін аппаратпен үңіліп
қарар ма еді» деп әзілдегені бар»,-
деген Шәкең одан әрі «Ұзақ жыл-
дар аудан басшысы болған Рах-
метолла Егізбаевтің өзі 1977 жылы
қызмет бабы жоғарылап, облысқа
кетерінде: «Мен Жұмабайдан көп
нәрсе үйрендім» дегені әлі есімде.
Ал, Жөкең болса: «Құдай білсін,
Рақаң менен не үйренгенін» деп
өзінің қарапайымдылығына баса-
тын» дейді.
Газет
тіршілігін
өз
басы-
нан өткізген Ж.Қадыров «Орда
жұлдызының» жанашыры да бола
білді. Аудандық басылымның ба-
сына қиындық түскен анабір жыл-
дары ардагер журналист марқұм
Тұрақбай Шәкеновпен болған еке-
уара әңгімесінде: «Әрине, газет
редакциясының қазіргі жағдайын
бір кісідей-ақ түсінемін. Қаржың
жетпесе, қызметтік көлігің болмаса,
не істей аласың, қол-аяғың байла-
улы емес пе?! Дегенмен, газетті
уақытымен шығарып тұрған осы
тірліктеріңе де ризамын. Жасыра-
тыны жоқ, күннен-күнге тынысы
тарылып бара жатқан мына за-
манда газетіңіз жабылып қалмағай
еді деп тілеймін» деп, қамқорлық
танытқанын қалай ұмытайық.
Ендеше, осындай жанашырлы-
ғыңызбен,
жақсы
тілегіңізбен
әманда біздің жадымыздасыз,
жақсы аға!
Қуаныш ЕЛЕМЕСОВ,
аудандық мұрағаттың ди-
ректоры.
Амантай ХАМЗИН,
газет тілшісі.
Суретте: Ж.Қадыров
(екінші қатарда оңнан
екінші).
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету ұлтымыздың игі дәстүрі. Сол тамаша
дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Аудандық балалар кітапхана-
сында орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кезінде өңірдің
мәдени-әлеуметтік, рухани дамуына елеулі үлес қосқан соғыс және еңбек
ардагері Жұмабай Қадыровтың туғанына 90 жыл толуына орай оздырылған
«Ардагерді ардақтайық» атты кешке кезінде онымен үзеңгілес қызмет атқарған
інілері Ноқаш Қадымов, Елдос Кенжеғалиев, Чарльз Қойшыбаев, қызы Қарақат
Хайроллина, мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында аудандық мұрағат директоры Қуаныш Елемесов
Ж.Қадыровтың өмір, еңбек жолымен таныстырып өтсе, жоғарыда аталған ар-
дагерлер естеліктерімен бөлісті. Аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының
міндетін атқарушы, подполковник Ержан Қазиханов майдангердің Ұлы
Отан соғысында қаза тапқан және хабарсыз кеткен ордалықтардың тізімін
тұрғызып, «Боздақтар» кітабын құрастырудағы еңбегін айрықша атап өтті.
Мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың «Әке» атты өлеңін мәнерлеп
оқып берді. Қарақат Жұмабайқызы әкесінің 90 жылдығын еске алып, осын-
дай кеш ұйымдастырған кітапхана ұжымына, естеліктерімен бөліскен ардагер
ағаларына, барша қатысушыларға ұрпақтары атынан алғыс білдірді. Соңынан
жиналғандар естелік суретке түсті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.
Кезектен тыс сессия
Достарыңызбен бөлісу: |