№50-51 (7033) 13 желтоқсан 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата06.03.2017
өлшемі14,54 Mb.
#7769
1   2   3   4   5   6   7

13 желтоқсан 2016 жыл

16

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


www.ordazhuldyzy.kz

Ана – өмір шырағы



«Жалпақ жұртыңды, иісі 

алашыңды құрметтеу алдымен 

өзің тұрған өлкенің тарихы мен 

табиғатын танудан, адамдарын 

ардақтаудан басталады» деген 

Елбасының сөзін мәдениет үйінің 

төріне ілген шоңайлықтарға 

аудандық демалыс орталығының 

қызметкерлері мен ауыл 

өнерпаздары «Тәуелсіздігім – ті-

регім» атты сазды бағдарламасын 

тарту етті.

Алдымен  аудан  әкімінің  орын-

басары 

Лариса 


Қайырғалиева 

жиналған  үлкен-кішіні  ұлық  мере-

кемен  қызу  құттықтап,  осы  жылдар 

ішінде  ауылдың  көркеюіне  сүбелі 

үлес  қосқан  ауылнай  Тілепберген 

Қабесов, фельдшер Қазима Әнесова 

және мәдениет саласының ардагері, 

зейнеткер Сағира Қажығалиеваларға 

аудан  әкімінің  Құттықтау  хатын  та-

быстады. 

Айта  кету  керек,  дәл  осы  күні 

ауылда  ойын  алаңы  пайдалануға 

беріліп, мәз-мейрам болған балалар 

ақ  ұлпа  қарда  сырғанаққа  сырғып, 

әткеншекте  тербелді.  Еліміздің  ши-

рек ғасырлық мерейтойына арналған 

осынау  шарада  құрметке  бөленген 

Сағира апай шекара шебіндегі шағын 

ауылға ат басын бұрған аудан әкімінің 

орынбасарына,  «Нұр  Отан»  партия-

сы аудандық филиалы төрағасының 

бірінші 


орынбасары 

Тілеген 


Арыстанбековке,  округтің  депута-

ты  Гүлнар  Мұқанова  мен  ауыл  әкімі 

Мейрамбек  Аққалиевке  Тәуелсіздік 

күні қарсаңында ауыл тұрғындарына 

қуаныш  сыйлап,  мәдени  шарамен 

рухтарын  көтергендеріне  шексіз 

алғысын жеткізді.

* * *

Әулеттің алтын 

діңгегі

Хан  Ордасы  ауылындағы  Махимовтар 



әулеті  ауданға  жақсы  танымал.  Әсіресе, 

өмірден  ертерек  озып  кеткен  отағасы 

Темірболат  Мақымұлы  кезінде  «ИКОМ» 

халықаралық музейлер кеңесінің  мүшесі 

де  болды. Сол Нарынның нар тұлғасының 

беріле  еңбек  етіп,  халыққа  танылуына 

отанасы  Рәзия  Қилышқызының  да  үлесі 

мол  болғаны  даусыз.  Еліне  қадірі  асқан 

іскер жанның артында қалған  асыл жары, 

ардагер-ұстаз  Р.Жаманғарина  да  тура 

Тәуелсіздіктің  25  жылдығында  75  жасқа 

толмақ. Ұрпақтарымен марқайып отырған 

асыл ананың өмір өткелі көпке үлгі. 

Орал  қаласындағы  педагогикалық 

институттың физика-математика бөліміне 

оқуға  түсіп,  оны  1964  жылы  тамамдаған 

білікті  жас  еңбек  жолын  Жәнібек 

ауданындағы  Абай  атындағы  мектеп-

интернатында  мұғалім-тәрбиеші  болып  бастаған.  Көп  ұзамай  Ордадағы 

М.Горький  атындағы  орта  мектепке  ауысады.  Бар  саналы  ғұмырын  шәкірт 

тәрбиелеуге арнаған жоғары санатты ұстаз осы білім ұясынан зейнет демалы-

сына шыққан. Бірнеше мәрте аудандық, облыстық білім басқармасының Алғыс 

хаттарымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 

Бүгінде сол асыл әже төрт ұл, екі қыздан  жеті немере,  төрт жиен, бір жиен-

шар сүйіп отыр. Ұрпақтарының бәрі де өз орындарын тауып, әр салада абы-

ройлы қызмет етуде. Тұңғыштары Баян Тасқала ауданындағы «Сәулет» мек-

теп-лицейінде  директордың  орынбасары  болса,  Мереке  өз  ауданымыздағы 

балалар техникалық шығармашылығы орталығының директоры, Гүлнар Аста-

на қаласында экономист. Әке ізін жалғаған Ғайса музей кешенінде директор. 

Мамандығы  қаржыгер  Қажыгерей  Орал  қаласында  тұрса,  қара  шаңырақты 

ұстап отырған үйдің  кенжесі Әділгерей «Мақым» шаруа қожалығының жетек-

шісі. 


Біз осынау әулеттің алтын діңгегі болып отырған мерейтой иесіне Алла ұзақ 

та шалтты ғұмыр нәсіп етсін дейміз.



Г.ТҰРСЫНТЕГІ.

Хан  ордасы  ауылындағы  Жәңгір 

хан  атындағы  білім  ұясының  жас 

мұғалімдері  Жанар  Мұхитова  мен 

Амангелді  Қайырболатов  та  (сурет-

те) аудан айнасы – «Орда жұлдызы» 

газетінің тұрақты оқырмандары. 

−  Туған  өлкеміздің  тынысы  –  жер-

гілікті  басылымға  жыл  сайын  мін-

детті  түрде  жазыламыз.  Кейде 

ауылдастарымыз  бен  тума-туыс, 

таныстарымыздың жетістіктерін көріп, 

төбеміз  көкке  жеткендей  мәз  бола-

мыз.  Біздің  мектеп  ұстаздарының 

да  еңбегі  еленіп,  оқушыларымыз 

бағындырған  белестер  «Талаптыға 

нұр жауар» айдарында көрініс тауып 

тұрады. Айта кетейік, жастар жағына 

газеттің сайтымен қоса, фейсбук, инс-

таграм әлеуметтік желілерінде жария-

ланып  отыратын  материалдардың 

электронды нұсқасы тіптен қолайлы. 

Ол ақпаратқа қолжетімділікті мейілін-

ше  арттырды,  компьютер,  планшет 

немесе  ұялы  телефоннан  кіріп-ақ 

жаңалықтарға  алғашқылардың  бірі 

болып  көз  жүгіртуге  толық  мүмкіндік 

туды.  Және  Тәуелсіздіктің  торқалы 

тойы  қарсаңындағы  тартымды  ма-

териалдар  үлкен-кішінің  көңілінен 

шығып  жатыр  деген  ойдамыз.  Ке-

лер  жылы  да  төл  басылымымыз 

әр  шаңырақтың  төріне  озып,  соны 

жаңалықтарымен 

оқырмандарын 

қуанта бергей деген тілектеміз,-дейді 

олар. 

Жарияланымдар 



патша 

көңіл 


оқырмандарымыздың 

ойынан 


шығып  жатса,  біз  де  қуаныштымыз. 

Әрі 


үнпарағымыздың 

барлық 


жаңалықтары  мен  электронды  сан-

дарын  www.ordazhuldyzy.kz  сайты-

нан  көре  алатындығыңызды  қайыра 

еске  салып,  бұрынғы  too-orda@

bk.ru  поштасымен  бірге  жаңадан 

tooorda@gmail.соm 

поштамыздың 

ашылғандығын  қаперіңізге  береміз. 

Хат жазып, пікір білдіріп, хабарласып 

тұрыңыздар!



Г.ЕСЕНТЕМІР.

25 жұлдызды күн



Аудандық балалар техникалық 

шығармашылығы орталығында 

Қазақстан Республикасы Тәуел-

сіздігінің 25 жылдығына орай 

«Жас техник – 2016» аудандық 

көрме-байқау оздырылды. 

Оған  А.Құсайынов,  Б.Жәнекешев, 

Жәңгір 

хан, 


Қ.Сағырбаев, 

М.Бегалиева, 

Ш.Жексенбаев 

атындағы  білім  ұяларымен  қатар  

АБТШО  үйірмесі  тәрбиеленушілері 

де қатысты. 

Шараның  ашылу  салтанатында 

аудан  әкімі  Нұрлан  Рахымжанов 

бастаған  аудан  атқамінерлері  мен 

мектеп  директорлары  жуырда  ғана 

жөндеуден  өткен  ғимараттың  жәй-

күйімен  танысып,  әрі  ондағы  түрлі 

құрылғылардың жұмысын, шәкірттер 

туындыларынан жасақталған көрмені 

тамашалады.  Нұрлан  Сағынтайұлы 

оқушылар  мен  ұстаздарға  толағай 

табыстар тілеп, бүгінгі сайыскерлер-

ге сәттілік серіктерің болсын деді. 

Ережеге  сай    жұмыстар  6  сек-

ция  бойынша  бағаланып,  қазылар 

алқасының 

шешімімен 

«Авто 

үлгілерінен» 



жәңгірхандық 

Та-


лант  Уәлиев  (жетекшісі  Т.Ғайсин) 

І,  жексенбаевтық  Аман  Амангелді 

(Ә.Сәрсенғалиев)  ІІ,  құсайыновтық 

Әлихан  Ізбасқан  (А.Әменов)  ІІІ, 

«Ауыл  шаруашылығы  техникалары-

нан»  мәметовалық  Азамат  Насы-

ров  (Н.Мұстафин)  І,  сағырбаевтық 

Жалғас  Еркінұлы  (Ш.Меңдіғалиева) 

ІІ, 

бегалиевалық 



Бақтығали 

Шыңғалиев  (Т.Садықов)  ІІІ,  «Әскери 

техникадан»  бегалиевалық  Бахти-

яр  Ғиният  (Т.Садықов)  І,  АБТШО 

тәрбиеленушісі  Мерұлан  Ғайниев 

(М.Сабыров)  ІІ,  жәңгірхандық  Шер-

хан  Вялых  (Т.Ғайсин)  ІІІ,  «Әуе 

үлгілерінен» 

жәнекешевтік 

За-


манбек  Сабыров  (А.Құрақов)  І, 

жексенбаевтық Бекзат Сатыбалдиев 

(Ә.Сәрсенғалиев)  ІІ,  құсайыновтық 

Нұрдәулет  Файызханов  (А.Әменов) 

ІІІ, «Кеме үлгілерінен» құсайыновтық 

Бекарыс  Тұрарбекұлы  (А.Әменов) 

І,  сағырбаевтық  Ерес  Бекарыс 

(Қ.Құнанова) ІІ, жәңгірхандық Талант 

Уәлиев  (Т.Ғайсин)  ІІІ,  «Зымыран 

үлгісінен» АБТШО тәрбиеленушілері 

Темірлан  Асылбеков,  Виктор  Маш-

канов  (Н.Мұстафин)  І,  жәнекешевтік 

Миржан  Қабдолқақов  (А.Құрақов) 

ІІ,  жексенбаевтық  Бекжан  Маратов 

(Ә.Сәрсенғалиев)  ІІІ  орындардан 

көрінді.


Жеңімпаздардың барлығы диплом-

дармен марапатталды.



* * *

Аудандық 

жастар 

ресурстық 



орталығының 

ұйымдастыруымен 

аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс 

залында  аудандық  жұмыспен  қамту 

орталығының  директоры  Берқайыр 

Қарағойшин  мен  кәсіпкерлік  бөлім 

басшысы Ерлан Нүркенов және түрлі 

салада  қызмет  атқарып  жүрген  бір 

топ  аудан  жастарының  қатысымен 

«Мықты  бизнес  –  қуатты  мемлекет» 

атты семинар-тренинг өткізілді.

Жиынды  шағын  баяндамасы-

мен  ашқан  кәсіпкерлер  палатасы 

аудандық 

филиалының 

заңгер-


кеңесшісі  Жалғас  Тәшуов  жеке 

кәсіпкер  болу  үшін  немесе  ша-

руа 

қожалығын 



ұйымдастыруға 

қандай 


құжаттар 

қажеттігіне 

қысқаша 

тоқталып, 

бизнеспен 

айналысқанның 

артықшылықтары 

мен  кемшіліктерін  жіктеп  көрсетті. 

Берқайыр  Мұқанғалиұлы  мен  Ер-

лан  Серікұлы  қатысушылар  тара-

пынан 

қызығушылық 



байқалған 

қайтарымсыз  несие  қаржы,  жеке 

кәсіпті  қолдауға  арналған  мемле-

кеттік  бағдарламалар,  жастарды 

жұмысқа 

орналастыру 

қарқыны 

секілді  сұрақтарға  жауап  қайтарды. 

Аудандық 

мемлекеттік 

кіріс-

тер  басқармасы  маманы  Айдана 



Самиғоллина бүгінде кәсіпкер ретінде 

тіркелудің  тегін  екендігін  мәлімдесе, 

жас  кәсіпкерлер  Ақжүніс  Нұрланова, 

Асхат 


Өтешқалиев 

алғашқы 


аяқалыстары туралы әңгімеледі.

Дамыған  елдерде  өндірістің  ба-

сым  күші  –  кәсіпкерлер  қолында. 

Солардың  қатарынан  ойып  тұрып 

орын  алу  үшін  жас  қазақстандықтар 

бизнеске батыл баруы шарт.



Р.БАҚЫТОВА.

Г.КАЛЕСҚЫЗЫ.

Газет және оқырман

Төл басылым 

төрге озсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет