Литература
1. Никитин Е.П. Духовный мир: органичный космос или разбегающаяся Вселенная?
// Вопросы философии..., 1991, N8.
2. Алексеев Э. Раннефольклорное интонирование. – М.: Советский композитор,
1986. – 240 с.
3. Нурланова К.Ш. Космическая субстанциональность казахского языка// Тіл –
рухани құндылық. Язык – духовная ценность. Сборник материалов республиканской
научно-теоретической конференции, посвященной 80-летнему юбилею КазНПУ имени
Абая. – Алматы: КИЕ лингвострановедческий инновационный центр, 2008. – 212 с.
4. Алексеев Э. Фольклор в контексте современной культуры: Рассуждения о судьбах
народной песни – М.: Сов. композитор, 1988. – 240 с.
5. Волков Ю.Г., Поликарпов В.С. Человек: Энциклопедический словарь. – М.:
Гардарики, 1999. – 347 с.
6. Минаев Е.А. Музыкально-информационное поле в эволюционных процессах
искусства. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора
искусствоведения. – М., 2000. – 52 с.
7. Сузукей В.Ю. Мировоззренческая основа музыкальной культуры тюрко-
монгольских народов// Тенгрианство и эпическое наследие народов Евразии: истоки и
современность. Материалы III Международной научно-практической конференции. –
Абакан: Хакасское книжное издательство, 2011. – 142 с.
МУЗЫКА ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Е. Жанайхан, Т. Шайза
ПМПИ, Павлодар қаласы
Біз тақырыбымызға байланысты тәрбие жұмыстарының бағытын
анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне
тоқталдық. Оқушыларға тән ерекшелік – тез әсерленушілік, қайырымдылық
болып саналады. Сабаққа барудан бастап оқушылардың қоршаған ортамен
қатынастағы мінезіне айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Осы жылдары Отан
туралы білімдері молаяды. Олардың туған үйіне, ата-анасына деген
сүйіспеншілігі бірте-бірте саналы түрде туған қалаға, ауылға және туған
өлкеге жалғасады. Оқушылардың ұжым мүшесі болуына байланысты
әлеуметтік ой-өрісі өзгереді, маңызы жоғары қоғамдық іс-әрекеттерге
араласуы жаңа әлеуметтік бағдардың, жаңа әлеуметтік сезімдердің
қалыптасуына ықпал етеді. Осының бәрі әлеуметтік тәжірибе жинақтауға,
негізгі адамгершілік ережелерін меңгеруге септігін тигізеді.
Әдетте, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктеріне карай білімді, бірден ұғымдық деңгейде меңгеріп кетуі
қиынға соғады. Қоршаған болмысты ой елегінен өткізу процесінде оларда әр
алуан білім салаласынан әртүрлі бейнелі мағлұматтар пайда болады. Ғылым
негіздерін меңгеру мен өмірлік тәжірибе жинақтауда оқушылар бір-бірімен,
адамдармен және заттармен қарым-қатынаста болады. Оларда белгілі бір
36
мінез-құлық ережелері мен әдеттері қалыптасады алғашқы қалыптасу
кезендерінде бұл тек еліктеуге негізделеді.
Оқушылар көтеріңкі әсерленгіштігіне қарай сыртқы ортаның ықпалын
өте тез қабылдайды. Бұл олардың әрқилы әрекет түрлеріне, қоршаған ортаға
көзқарасы мен әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлқын анықтайды.
Ескеретін тағы бір жайт, бастауыш мектеп жасында қоғамдық мәні бар
іс-әрекетке баланы талаптандыратындай күрделі әлеуметтік мотивтерді
қалынтастырудың мүмкіншілігі болмайды. Әйтсе де, осы жастағы
оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысы олардың шамасына қарай
адамгершілік
білімінің
әуелдегі
белгілі
бір
жүйесін
меңгеруін
қамтамасыздандыруға және эмоционалдық-сезімдік саласын дамытуға, атап
айтсақ, жақындарына, Отанына деген сүйіспеншілікке, дұшпандарға,
халыққа қысым көрсетушілерге жек көрушілікке бағытталуы керек және осы
мақсатта мынадай түрлі формалар мен құралдарды пайдалану қажет: табиғат
көріністерін, өнер туындыларын, халықтың ауызекі шығармашылығын,
халықтың музыкалық шығармашылығын, салт-дәстүрлерін, спорттық
ойындарын, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, театрларға,
музейлерге саяхат және т.б.
Осылардың ішінде патриоттық тәрбиенің маңызды факторы болып
музыка өнері, соның ішінде қазақ халық музыкасы саналады.
Қазақ патриоттық музыкасы, музыкалық өнердің жетекші түрі ретінде,
коғамдық сананың бір формасы бола тұра, ең алдымен адамның
эмоционалдық-сезіміне әсер ете отырып, тыңдаушының рухани дамуына,
оның көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ететін, тұлғаны
адамгершілікті тұрғыда жетілдірудің маңызды факторы болып саналатын,
нақты шындықты бейнелейтін идеялық-көркемдік мазмұнды қарастырады.
Қазақ патриоттық музыкасының патриотизм идеясын ерекше айқын-
дылықпен, сенімділікпен көрсетудегі мүмкіндігі өте жоғары. Адамда Отанға
деген сүйіспеншілікті оятатынның бәрі – туған жер табиғатының көріністері,
халық әуендері, тарихи оқиғалар, өнегелі дәстүрлер, замандастар бейнесі
казақ халық музыкасы шығармаларында көрініс алады. Халық музыкасын
қабылдаудың тәрбиелік мәні музыкалық шығармаларда көрсетілген Отан
туралы ойлар мен сезімдерді жете түсінуде, сезінуде және бағалай білуде
болып табылады.
Қазақ патриоттық музыка өнері екі бағытта қарастырылады: ән және күй
шығармашылығы. Бұл проблема бойынша бірқатар әдебиет танушылар
(М.Ғабдуллин, Н.Төреқұлов, А.Қоңыратбаев және т.б.), музыка танушылар
(А.Затаевич, Б.Ерзакович, П.Аравин, Б.Ғизатов, С.Еламанова және т.б.),
педагогтар (М.Балтабаев, С.Ұзақбаева. Р.Дүйсембінова, Ж.Ақпарова,
М.Оразалиева, Е.Қозыбаев, Қ.Ибраева, Щ.Құлманова және т.б.) ғылыми
зерттеулер жазған, ән мен күйлерді өздерінің зерттеу объектісіне қарай
жүйелеп, жіктемеге келтіріп, мазмұндық сипаттама берген. Мысалы,
Б.Ерзакович қазақ халық музыкасын тұрмыс-салт, лирикалық, эпикалық,
тарихи, әлеуметтік-теңсіздік деп жіктемелейді. М.Х.Балтабаев отбасылық-
37
тұрмыстық, еңбек туралы, батырлық, эстетикалық, лирикалық, бейнелеу деп
топтастырса, Е.Қозыбаев эпикалық, тарихи-батырлық (тарихи-патриоттық),
лирикалық, тұрмыс-салт және әдет-ғұрыптық деп қарастырады. Ал
Ж.Ақпарова болса, орыс тілді бала-бақшаларының ерекшелігін ескере
отырып, тұрмыс-салт жырлары (бесік жыры, өсиет-нақыл әндері, айтыс,
тартыс); тарихи шығармалар (халық өмірінде болған оқиғаларға байланысты
шыққан әндер мен күйлер, халық батырлары туралы); эпикалық шығармалар
(аңыз-күйлер, музыкадағы ертегі); лирикалық шығармалар (туған жер, Отан
туралы, табиғат көріністері, жеке адамдар, құс, жануарлар туралы) ретінде
бірге қарастырады.
Біз Б. Ерзаковичтің жіктемесін қазақ халық музыкасының патриоттық
тәрбиедегі мүмкіндіктерін анықтауда және кәсіптік музыка жанрларының
негізіне алынған патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасын анықтауда
тірек етеміз. Мысалы, әлеуметтік-наразылық жанры саласындағы әндер мен
күйлер мазмұнының патриоттық тәрбиедегі мүмкіндіктері сол, олар қазақ
халқының зорлық-зомбылыққа қарсы ерлік күрестерін сипаттайды.
Әлеуметтік наразылық тақырыбы бірқатар халық композиторларының
(Біржан сал Қожағұлов, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Муса Байжанов және
т.б.) әндерінде, күйші композиторлардың (Құрманғазы, Дәулеткерей)
шығармаларында («Қайран шешем», «Түрмеден қашқан» және т.б.). көрініс
алады. Тарихи жанрдағы шығармалар қазақ халқының әлеуметтік шындық
үшін, өзінің азаматтық құқығы үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін күресін
баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімін, гумандық қасиетін,
адамдардың ерлік істеріне деген сыйластық көзқарасын қалыптастырады, өз
ұлтының тарихын, өнегелі дәстүрлерін мақтан тұта білуге үйретеді.
Лирикалық жанрдағы әндер мен күйлер туған елдің сұлу табиғатымен,
сылдырап аққан бұлағымен, жазира даласымен, адамдар арасындағы
сүйіспеншілікпен таныстырады, адамдардың жайма шуақ көңіл күйін
суреттейді, туған елге, Отанға сүйіспеншілік сезімін жырлайды.
Қазақ халық музыкасы жіктемесінің қайсібір жанрының болмасын
рухани-патриоттық және мәдени тұрғыда оқушы тұлғасын қалыптастыруда
мүмкіндіктері шексіз. Қазақ халық музыкасының кәсіптік музыкадағы
көрінісі де (опера, балет, симфония, хор, камералық-аспаптық жанрларда
негізге алынуы) оның өміршендігін, мүмкіндіктерінің тереңдігін,
көкейтестілігін ешқашан да жоғалтпағанын дәлелдейді.
Қазақ халық музыкасы арқылы патриотизмді тәрбиелеу бастауыш сынып
оқушыларымен мақсаттылықпен ұйымдастырылатын әртүрлі музыкалық іс-
әрекеттерге, соның ішінде оқушылардың жан дүниесін Отан туралы
білімдермен және сезімдермен сапаландыратын, азаматтық-ер тұлғасын
қалыптастыруға ықпал ететін қазақ халық музыкасы шығармаларын
қабылдау процесіне байланысты болады. Қазақ халық шығармалары, жарқын
көркем бейнелер арқылы адамға Отан туралы идеялардың, ойлар мен
сезімдердің рухани мәнін ұғынуға мүмкіндік бере отырып, көбінесе
38
бастауыш сынып оқушысы тұлғасының белсенді патриоттық көзқарасын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш
сынып
оқушыларына
арналған
музыка
пәні
бағдарламаларына, оқушылармен жүргізілген жазбаша жұмыстарға жасаған
талдау, әңгімелесулер, сабаққа, сабақтан тыс іс-шараларға қатысу қазақ халық
музыкасының
патриоттық
тәрбиедегі
мүмкіндіктерінің
оқу-тәрбие
процесінде жүйелі түрде пайдаланылмайтынын көрсетеді.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс формалары да көңілді-танымдық
сипатты ұстанады.
Өзіндік көзқарасты, сенімді қалыптастыратын маңызды жұмыс
формалары,
мәселен, патриотизм, ұлттық патриотизм, ұлттық намыс, туралы
әңгімелесулер, ұлтаралық достық қарым-қатынас мәселесі туралы көркем-
музыкалық лекторийлер және т.б. жұмыс формалары өте сирек өткізіледі.
Мұны мұғалімдермен өткізген сұрақ-жауап нәтижесі дәлелдейді.
Музыка пәні мұғалімдері қазақ музыкасын патриоттық тәрбиеде аса
маңызды деп көрсеткенімен, өздерінің бұл саладан даярлықтарының төмен
екендігін байқатты. Мысалы, «музыка пәні бағдарламасында берілетін қазақ
музыкасы шығармалары патриоттық тәрбие проблемаларын жеткілікті
деңгейде шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа: 19% -«иә»; 43% –
«жоқ»; 23% – «ойланған емеспін» деп жауап берсе, 15% -сұрақты жауасыз
қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің тек типтік бағдарламалардағы
шығармалармен шектелуінен, патриоттық тәрбие мәселесін шешуге аса мән
бермейтіндігінен, өздігімен дербес шығармашылық ізденіске бармайтын-
дығынан туындап отыр.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарының жоспарына жасаған
талдау да бірқатар олқылықтардың бар екендігін байқатты: іс-шаралар
жүйелі бірізділікте өткізілмейді, тәрбие бағыттарында өзара байланыс
ескерілмейді, ұлттық патриоттық сананы, сезімді қалыптастыратын іс-
шаралар шектеулі, патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы бойынша
іс-шаралар өткізу жоспарланбайды, тәрбие жұмыстары бір сарынды формада
(сынып сағаты, әдеби-музыкалық монтаж) өткізіледі.
Сонымен, мұғалімдермен өткізілген сұрақ-жауаптың нәтижелері,
бастауыш сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастыру жолдары
туралы арнайы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы, музыка пәні
мұғалімдерінің патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы саласынан
даярлығының төмендігі, мерзімді педагогикалық баспа беттерінде жариялым
көрген мақалаларға жасаған талдау бұл проблеманың шешімін іздестіруді
қажет етеді. Біздің пайымдауымызша, бұл проблеманы сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын, соның ішінде үйірме жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың
тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламалар, әдістемелі нұсқаулар жасау,
сыныптан тыс іс-шаралар жоспарын жасау, мұғалімдермен арнайы
семинарлар өткізу арқылы шешуге болады.
Біз өз зерттеуімізде осы мәселенің шешімін іздестіру мақсатында ең
алдымен қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушылары
39
патриотизмінің қалыптасуы моделін жасадық. Модельдің аясында
компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер, деңгейлер қарастырылады. Кесте-
Аталған моделъ бізге бастауыш сынып оқушылары патриотизмінің
қалыптасуы деңгейін зерттеп білуге, принциптер жүйесін анықтуға (жүйелік,
кешендік, тұлғалық-іс-әрекеттік көзқарас принципі; оқушылардың жас және
дара ерекшелігін ескеру принципі; оқу-тәрбие процесіндегі сабақтастық
принципі; «оқытушы-оқушы» жүйесіндегі өзара белсенді әрекеттестік
принципі; оқыту мен тәрбие мақсаттары, мазмұны, формалары мен әдістері
бірлігінің принципі; оқу-тәрбие процесінің этнопедагогикалық және
мәдениеттану бағыттылығы принципі) және педагогикалық шарттарды
(бастауыш сынып оқушыларының музыкалық іс-әрекетіне жүйелі түрде,
мақсаттылықпен педагогикалық ықпал жасау; патриоттық мазмұндағы қазақ
халық музыкасымен танысу процесінде бастауыш сынып оқушыларының
идеялық-адамгершілік білімі мен музыкалық-эстетикалык дамуы бірлігін
ескеру; қабылданған қазақ халық музыкасының негізінде көрініс алған
әсерлену сезімін дамыту; бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс
тәрбие жұмысына қажетті патриоттық бағыттағы қазақ патриоттық
музыкасын сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда
белсенді-шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың
бірлігін қамтамасыздандыру) айқындауға мүмкіндік береді.
Әдебиет
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан / «Егемен Қазақстан», 01.03.2007.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде / «Егемен
Қазақстан», 9.10.1993
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриотық тәрбие берудің 2006-2008
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы / «Егемен Қазақстан», 10.10.2006.
4 Құсайынов А. Білім және реформа. Алматы, 2006.
5. Балалар әндерін үйренейік
//
1 Әбілова З. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Алматы, 1972.
6 Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың
педагогикалық негіздері. Алматы, 1998.
7. Жайымов А., Ысқақов Б., Еңсепов Ж., Сәрсенбенов Ж. «Музыка, оқыту
әдістемесі» Алматы: Атамұра, 2001.
8. Жұмабаев М. «Педагогика». Алматы, 1992.
9. Күлманова Ш.Б. «Музыка пәнінің бағдарламалар жинағы». Алматы. 1996.
10. Қалиев С., Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім – тәрбиесі», Алматы, «Санат», 1995.
11. Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы»,
Алматы, «Білім», 2003.
12.Музыкалық-эстетикалық тәрбие туралы. //Қазақстан мұғалімі. 1989.
13.Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие», Алматы, «Білім», 1995.
14. Ұзақбаева С.А. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1998.
40
ВЗАИМОСВЯЗЬ КУРСА ДИРИЖИРОВАНИЯ С ПРАКТИЧЕСКОЙ
ДЕЯТЕЛЬНОСТЬЮ СТУДЕНТА-ЗАОЧНИКА
Т.М. Дорошенко
ПГПИ, г. Павлодар
Музыкальная педагогика владеет методикой обучения дирижированию
различными музыкальными коллективами. Зарубежные и отечественные
авторы различают понятия «дирижирование», «управление», «организация».
Однако все эти понятия относятся к обучению управлению (дирижированию,
организации) профессиональным музыкальным коллективом. Программы и
пособия по обучению дирижированию самодеятельным музыкальным
хоровым коллективом относятся к дневной (очной) форме обучения. Заочная
форма обучения дирижированию должна во многом отличаться от очной
формы, хотя и она в основе своей имеет обобщенную модель
самодеятельного хорового коллектива. Постоянно совершенствующаяся и в
количественном, и в качественном отношении структура вокально-хоровой
самодеятельности неизбежно требует значительных изменений содержания
дирижерско-хорового образования. Требования улучшения качества
подготовки руководителя все больше включают в себя новые знания, умения
и навыки.
Самодеятельность видоизменяется, но один из основополагающих
признаков ее – добровольность участников – постоянно остается, действует и
заставляет руководителя быть универсальнее, мобильнее учитывать все,
вплоть до «музыкальной моды». Такого рода обратная связь действует в
самодеятельности значительно сильнее, чем в профессиональном коллективе.
Изменения, происходящие в художественной самодеятельности, изучаются,
делаются
квалифицированные
выводы
и
проводятся
обширные
эксперименты, но многие явления исследованы мало.
Речь идет о смещении жанров, об относительности границ
любительского и профессионального в реальной практике, о возникновении
явлений полупрофессионального характера.
Эти
явления
заметно
влияют
на
развитие художественной
самодеятельности вообще и хоровой в частности. Влияние всех этих и ряда
других социально-художественных изменений испытывают в своей
деятельности студенты-заочники. За объяснением этих явлений, за
практическими рекомендациями по работе с самодеятельным хором студенты
обращаются к преподавателю по дирижированию.
Данная работа является попыткой рассмотреть ряд аспектов курса
«Хоровое дирижирование», проследить и систематизировать реальные виды
практической деятельности студента-заочника сегодня, а также описать на
основании опыта работы преподавателей хорового дирижирования кафедры
ТиММО ПГПИ взаимосвязь теоретического курса дирижирования с
практической деятельностью заочника но месту его основной работы.
41
Кратко проанализировав все составляющие элементы курса «Хоровое
дирижирование», следует далее попытаться разобрать и кратко
систематизировать работу студента-заочника в ее различных аспектах.
Сопоставив цели и задачи предмета с реальной практикой самодеятельного
хорового музицирования, следует сделать ряд выводов, которые наметили бы
возможные пути совершенствования преподавания хорового дирижирования
на заочном отделении.
Учебный план ПГПИ отводит обучению дирижированию хором десять
семестров по восемь часов в каждом семестре. Такое количество времени
прямого контакта педагога с обучающимися практически исключает
глубокое, детальное обучение искусству дирижирования и является, скорее,
системой консультаций и контрольных проверок всего того, что сделал
заочник от сессии до сессии.
Кроме того, программа по курсу дирижирования рассчитана и для очной,
и для заочной форм обучения, хотя различия здесь весьма значительны как по
количеству учебных часов, так и по качеству (содержанию) работы со
студентом. Практически программа по дирижированию ставит своей целью
(в применении на заочном отделении) скорее повышение квалификации (до
уровня высшей), нежели детальное обучение искусству управления вокально-
хоровым коллективом.
Таким образом, преподаватель хорового дирижирования, занимающийся
со студентами заочного отделения, в своей работе исходит из следующих
положений.
Дальнейшее совершенствование студента в качестве педагога,
воспитателя средствами художественной самодеятельности. Работа
хормейстера-это работа с детьми, подростками, людьми разного возраста, их
совершенствование художественными средствами по законам педагогики.
Это главное положение, отличающее подготовку хормейстеров для
самодеятельности и для простых хоровых коллективов. Во многом неудачи
очень хороших музыкантов-хоровиков при работе с самодеятельностью
объясняются педагогической неискушенностью, беспомощностью.
Совершенствование и доведение до максимально высокого уровня
мануальной, технической оснащенности студента-дирижера. Как правило,
именно это положение становится главным, господствующим в практике
обучения дирижированию. Причиной, на наш взгляд, является трудоемкость
обучения мануальной технике, чаще всего недостаточное техническое
оснащение абитуриентов и трудность соотношения обучения технике
дирижирования с практическим дирижированием по месту работы студента-
заочника.
Однако не следует забывать, что любое техническое оснащение
вторично и в качестве средства, инструмента не может быть поставлено в
один ряд с основными целями обучения.
Работа над нотным текстом средствами вокала. Голос дирижера –
основной инструмент в работе с любым самодеятельным хоровым
42
коллективом. Речь идет о владении собственным вокальным аппаратом и
умении обучить хоровому вокалу поющих в хоре. Обращением с вокальным
голосом пронизаны все занятия по обучению хоровому дирижированию.
Работа над нотным текстом средствами фортепиано. Обучение
студента-заочника владению фортепиано для практической работы с хором не
может быть заменено, на наш взгляд, игрой на баяне или на каком-либо
другом
инструменте.
Любой
другой
инструмент
не
обладает
универсальностью фортепиано и может быть использован как подсобный,
вспомогательный. Обучение владению фортепиано на уроке дирижирования
включает в себя чтение партитуры с листа, транспонирование, различного
вида сочетания вокализирования, дирижирования и игры, владение «рабочим
аккомпанементом», секвенции при распевании хора и другие детали, весьма
существенные при работе с хоровым коллективом.
Достарыңызбен бөлісу: |