50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

Өнімді  топтық  байланысуды  «Кубизм»,  «Академиялық  дау-дамай», 

«Бұрыштар», «бірлесе оқу» сияқты стратегияларды қолдануда сапалы жүзеге 

асыруға болады.  

«Бұрыштар»  стратегиясы.  7-сынып  С. Сейфуллин.  «Бандыны  қуған 

Хамит». 


І Хамит жеңеді; 

ІІ Кудря жеңеді; 

ІІІ Хамит пен Кудря тең түседі. 

Екі  топтан  қосылып  үш  жікке  бөлініп,  әр  «бұрыш»  өз  пікірін  қорғап 

шығуға тырысады. 5-слайд. 

«Кубизм»  стратегиясын  Дулат  Бабатайұлының  «Аягөз,  қайда 



барасың?» өлеңін оқыған кезде былай қолдандым: 

1. Суретте. Аягөз өзенінің ағысын, табиғатын ақын қалай суреттейді? 

2. Түсіндір.  Аягөз  жағасына  дуан  түскеннен  кейінгі  жағдайды  ақын 

қалай түсіндіреді? 



3. Пайымда. «Қу заманға сұм басшы сорымызға тап болды» деген ақын 

наласын қалай түсінесіңдер? 



4. Зертте.  Ақынның  өлең  жолдарын  осындай  өкінішпен  жырлауына 

қандай себептер итермеледі деп ойлайсыңдар? 



5. Талда. Өлеңнің негізігі идеясын анықта. 

6. Бағала. Өлеңнің бүгінгі таңдағы маңызы, мәні. 6-слайд. 

Бұл стратегияны қазақ тілі сабағында да тиімді қолдануға болады. 

1. Суретте. Жедел өткен шақ дегеніміз не? 

2. Түсіндір. Жедел өткен шақтың жасалу жолын түсіндіріп бер. 

3. Талда. «келді» жедел өткен шақта тұрған етістікті жікте. 

4. Талда. (1) «келіп» етістігін жікте. 

5. Салыстыр.  Жедел  өткен  шақтың  жұрнағы  (-ды,  -ді,  -ты,-  ті  )  мен  ІІІ 

жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты,- ті ) салыстыр. 

6. Қолдан.  Жедел  өткен  шақта  тұрған  етістіктерді  қатыстырып,  5-6 

сөйлем құраңдар (7-сынып «Жедел өткен шақ»). 

Қазақ  тілінде  «Мен  есімшемін»  деген  эссе  жазуға,  мысалы:  Мен- 

етістіктің  ерекше  мағыналық  түрімін.  Мен  есім  сөздердің  қызметін 

атқарғанда  кім?  не?  қандай?  деген  сұрақтарға  жауап  бергенді  жөн  көремін. 

Етістік  қызметін  атқарған  кезде  етістіктің  төл  сұрақтарына  жауап  бергенді 

жақсы  көремін.  Мен  жіктелгенде  етістік  болып,  көптелген,  септелген 

кездерімде  есім  сөздердің  қызметін  атқарғанымды  жаңа  сабақта  нақты 

мысалдармен дәлелдеп көрген шығарсыңдар... 7-слайд. 

Әдебиет сабағында «РАФТ» 1-топ «Шығыс ұлынан хат» 2- топ «Шығыс 

ұлдарына хат» (болашақтан), 3-топ Авторға хат. 

РОЛЬ – шығыс ұлы, болашақ ұрпақ, оқушы 

АУДИТОРИЯ – оқушылар, майдан даласы, Б. Бұлқышев  

ФОРМАСЫ – хат, алғыс, үндеу 

ТАҚЫРЫП – Ұлы Отан соғысы 8-слайд. 



180 

 

Осы  сияқты  жазба  жұмыстарынан  оқушылардың  жазбаша  байланысу 



аспектісін өз бойынан көрсете алатындығы білінеді. 

«Үш  қадамды  сұхбат»,  «Жуан-жіңішке  сұрақ»,  «Ойлан,  жұптас, 

пікірлес»,  «Жұппен  интервью»  стратегиялары  арқылы  оқушы  бойына 

сіңіруге болады. Сонымен бірге, СТО технологиясының әрқашан оқушыларға 

ескертіп отыратын философиялық қағидалалары бар: 

«Біз үшін барлық пікір құнды»; 

«Талқыланатын тақырыптан ауытқыма»; 

«Басқаның  сөзін  бөлме».  Осы  тұжырымдамалардың  өзі  оқушының 

бойында коммуникативтік құзыреттіліктің сапалы қалыптасуына үлкен ықпал 

етеді. Бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырады.  

Қорыта  келе,  мен  өз  оқушыларымның  білім  сапасын  мемлекеттік 

стандарт талабына сай бақылауды үнемі жүргіземін. Ол үшін талмай ізденіп, 

баланың білім сапасын арттырып, оған қойылатын талапты нақты орындауы 

керек. Өйткені, қазіргі оқушы – ертеңгі ел азаматы. 

 

Әдебиет 

1. Мирсеитова С.С. Кәсіби даму мектебі. – Алматы, 2008. 

Становление и развитие философии учителя 

2. «12 жылдық білім» журналы. 

3. Қазіргі мұғалімнің терминологиялық сөздігі (интернет). 

4. «Қазақстан мектебі» 2003-№1 Асанов / Білім беруді жетілдіру-өзекті мәселе.  

5. Ұлағат. – 2003. – №4. – 41-43 б. / Мұғалімнің іскерлігін қалыптастырудың жолы/. 

6. Білім берудегі менеджмент (ББЖ КБАРИ ақпараттық әдістемелік хабаршысы)  

7. Қисымова Ә.Қ., Нұрланов Қ.Қ. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007. 

8. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. – Алматы, 2000. 

9. Дүйсенова Г. Жаңа технологиялардың тиімді жақтары./ Ұлағат. – 2009. – №1. 

10. Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру 

жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы, 2005. 

 

 



ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

М.Қ. Омаров, А.С. Нұрғалиева 



ПМПИ, Павлодар қаласы 

 

Жаңа  экономикалық  және  әлеуметтік  –  мәдени  жағдайларға  сәйкес 



Қазақстанда  жоғары  білімді  дамыту  бойынша  жүргізіліп  жатқан  шаралар 

мамандар  даярлау  сапасын  арттыруды,  қарқынды  ғылыми  зерттеу  қызмет- 

терімен  ықпалдастырылған  инновациялық  білімді  дамытуды,  жоғары  оқу 

орындары  зерттеулерінің  әлеуметтік  саламен  экономиканың  қажеттілік- 

терімен  тығыз  байланыс  орнатуды,  білім  беру  мен  ақпараттық  технология- 

ларды  жетілдіруді,  бірыңғай  білім  ортасын  қалыптастыруды,  білім  беру 

процесін  оқу-әдістемелік  және  ғылыми  тұрғыдан  қамтамасыз  етуді 


181 

 

көздейді [1].  Сондықтан  заман  талабына  сай  сабақтарда  жаңа  технология- 



ларды қолдануды талап етеді. 

ХХ  ғ.  30-жылдары  Еуропада  ғылымның  жаңа  саласы,  жаңашылдық 

ғылымы  пайда  болды,  нәтижесінде  50-жылдары  педагогикалық  инноватика 

қалыптасты. «Инновация» термині латын тілінен аударғанда «жаңару, өзгеру» 

мәнін береді. Бұл түсінік ХІХ ғ. зерттеле пайда болды, белгілі бір элементтің 

бірінен екіншісіне енгізу дегенді білдіреді.  

Инновациялық  технология  –  алға  қойған  мақсатқа  жетудің  тиімділігін 

қамтамасыз  ететін  оқытудың  әдіс-құрал  және  түрлерінің  жүйесі  арқылы 

оқыту  мазмұнын  жүзеге  асыру  жолы.  Сөйтіп,  инновациялық  технологияда 

мазмұн, әдіс құралдарының өзара байланысы мен себептері жатыр, ал қажетті 

мазмұнды,  тиімді  әдістер  мен  құралдарды  бағдарлама  мен  қойылған 

педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу  оқытушының  педагогикалық 

шеберлігіне байланысты.  

Инновациялық  технологиялардың  географияны  және  жалпы  оқыту 

процесіндегі дәстүрлі технологиялардан артықшылығын айқындап көрсетсек: 

 

Дәстүрлі технологиялар 



Инновациялық технологиялар 

Мазмұнды компонент 

Білім беру стандартымен 

анықталады 

Білім беру стандарты оқушылардың дайындық 

деңгейі саралап оқыту есебінен байытылады, оқыту 

бағдарламасы кеңейтіледі 



Жобалау компоненті 

Мақсат пен міндеттерді, 

бағдарлама мен мамандарды 

даярлауға қойылатын талаптарға 

сәйкес оқытушы анықтайды. 

Мақсатты жобалауға және соңғы нәтижені анықтауға 

оқушы өз мотивациялары мен сұраныстары бойынша 

жалпы талаптарға сәйкес қатынасады. 



Оқыту моделі (әдістемелер, әдістер, құралдар, педагогикалық тәсілдер) 

Түсіндірмелі-иллюстративтік 

оқыту әдістемесі, «талап қою 

педагогикасына» құрылған оқыту 

әдістері, құралдары, 

педагогикалық тәсілдері 

Оқушылардын ақыл-ой, іс-әрекетін белсеңдіруді, 

дамытуды көздейтін, әдістемелердің әр түрлі 

нұсқалары тән: проблемалық сұрақтар, эвристикалық 

әңгімелер, тренингтер, іскерлік ойындар, дамыта 

оқыту және т.б. 

Ұйымдастыру компоненті 

Оқытудың негізгі көзі-оқулық 

Қосымша әдебиеттер, ақпараттың жаңа көздері, 

аудиовизуальды құралдар паййдаланылады. Білім 

кеңістігі шығармашылық түрде ұйымдастырылады. 

Білім беру процесін саралау, дербестену, 

компьютердін мүмкіндігін пайдалану жүзеге асады. 

 

Мұның өзі дәстүрлі технологиялардың бірнеше жылдар бойы тәжрибеде 



сыналып,  нәтижелілігін  дәлелдеген,  сондықтан  оларды  бүгінде  ысырып 

тастауға  болмайтынын,  ал  инновациялық  технологиялардың  уақыт  ағымына 

байланысты  пайда  болып,  бүгінгі  күннің  сұранысына  жауап  беретінін, 

сондықтан оларды оқу процесінде пайдалану қажеттілігін көрсетеді [2]. 

БҰҰ-ның  шешімімен  «ХХІ  ғ.  –  ақпараттандыру  ғасыры»  деп  аталады. 

ҚР-да  ғылыми  техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  қоғамда  ақпарат- 



182 

 

тандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының 



бірі  –  білім  беру  үрдісін  ақпарттандыру.  Бұл  бағыт  технологияларды 

пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  қашықтықтан  оқыту,  тұлғаға  бағыттап 

оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық 

деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Себебі, қазіргі 

таңда  әлеуметтік  жағынан  қорғалған  адам  –  ол  технология  ауысуына  және 

нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам болуы керек. 

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнына түбегейлі 

өзгеруі,  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  енуі,  бүкіл  әдістемелік  жүйеге, 

мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Әрбір сабақта 

оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық 

технологияларды меңгеру білім саласына елеулі әсер етуде. 

Сабақта  қолдануға  тиімді  ақпараттық  технологиялардың  бірі  – 

ақпараттық  технология.  Бұл-қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 

ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін 

математикалық  және  кибернетикалық  тәсілдер  және  қазіргі  техникалық 

құралдар жиынтығы [3]. 

Ал,  осы  тұрғыдан  географиялық  білім  беруді  модернизациялау  жүйесі 

бағыттарының  бірі  инновациялық,  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технолгияларды  пайдалану.  Бұл  дегеніміз  өз  алдына  географияны  оқытуда 

мақсатқа  бағытталған  өзгерістер  мен  жаңашылдықты  (жаңа  құралдарды, 

әдістерді,  әдістемелерді,  технологияларды,  бағдарламаларды  және  т.б.) 

меңгеру процесі. 

Соңғы  жылдары  еліміздің  білім  беруі  интеллектуалдық  қабілеттіктерді, 

өзіндік  танымдық  әрекет  қабілеттіктерін  қалыптастыруға  бағытталған. 

География сабағында ақпарттық коммуникациялық технологияларды қолдану 

оқу  материалын  қабылдауды  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттіктерін  дамытуға  жаңа  мүмкін- 

діктерге  ие  болады,  танымдық  әрекеттерін  белсеңдетеді,  баланың 

шығармашылық  және  ойлау  қабілеттілігін  дамытады,  қазіргі  қоғамдағы 

белсеңді өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады. 

Қазіргі әлемде оқыту процесіне әсер ететін бірнеше факторлар бар және 

олар  біздің  білім  беру  жүйемізге  ақпараттық-коммуникациялық  техноло- 

гияларды енгізуде маңызды орынға ие болды. Соның ішінен негізгілерін атап 

өтсек: 


1. Сандық-ақпараттық технологиялардың бұқаралық таралуы; 

2. Қазіргі оқушыларға қойылатын талаптардың өзгеруі; 

3. Оқушы  мен  мұғалім,  қоғам  мен  мемлекет,  отбасы  мен  мектеп 

арасындағы өзара байланыстардың өзгеруі; 

4. Ақпарат көлемінің көбеюінің үлкен жылдамдығы. 

География  сабағында  үлкен  ақпараттық-коммуникациялық  технология- 

ларды қолданудың бірнеше негізгі формаларынан тұрады: 

– Оқыту процесінде үлкен ақпараттық базаны қолдану; 



183 

 

– Танымдық  әрекеттерді  ұйымдастыруда  ақпараттық  технологияларды 



қолдану; 

– География  пәнінен  мектептен  тыс  және  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 

– География  пәнінен  ҰБТ-ға  дайындық  жұмыстарын  жүргізуде 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. 

Сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту 

процестерінің  этаптары  кезінде  сондай-ақ  оның  кейбір  элементтерін  де 

пайдалануға  болады.  Осы  мақсатта  географияны  оқытуда  әрбір  мұғалім 

компьютерлік  технологияы  міндетті  түрде  меңгеруі  қажет.  Географияны 

оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  кейбір  элемент- 

терін,  яғни  электрондық  оқулықтар,  интерактивті  тақталар,  электрондық 

энциклопедиялар,  білім  берудін  интернет  ресурстары,  фильмдері  бар 

дискілер,  электронды  оқу  құралдары,  презентациялар,  мультимедиалық 

проектор  көмегімен,  демонстрцияларды  ұйымдастыру  тиімді  болып  келеді. 

Сабақтың  мақсаты  мен  тәуелділігіне  байланысты  ақпараттық  технология- 

ларды  география  сабағында  жаңа  материалдарды  игеруде,  тапсырманы 

жалпылау  мен  жүйелеуде,  тәжрибелік  жұмыстарды  орындауда,  шығар- 

машылық  жұмыстарды,  білім  мен  қабілетті  бақылауда,  ҰБТ-ға  дайындық 

кезінде  пайдалану  тиімді.  География  сабағында  ақпараттық-коммуника- 

циялық  технологияларды  пайдалану  кезінде  арнайы  оқыту  бағдарламалары 

құралдарымен,  электронды  кітаптармен,  нұсқаулар,  энциклопедиялар, 

сөздіктермен  және  атластармен  жұмыс  жасауға  қолайлы  болып  табылады. 

Олардың  негізінде  флипчарттар  жасалады.  Жаңа  материалдарды  оқытуда 

флипчарттарды  пайдалану  теоретикалық  материалдарды  жарқын,  көрнекі 

түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Флипчартты сабақта қолдану оларды бір-

біріне  ұқсамайтындай  етіп  жасауға,  сонымен  қатар  эффективті  болуына 

мүмкіндік жасайды [4]. 

Ақпараттық  ресурстар,  яғни  тақта,  бағдарламалар,  интерактивті 

тақталар,  электрондық  атластар  және  екі  танымал  Карта  Google  (Google 

Maps)  және  Жер  Планетасы  Google  (Google  Earth)  сервистері  оқушыларға 

жер  беті  және  мұхит  түбіндегі  кез  келген  объектілерді  көрсете  алады.  Бұл 

бағдарламалардың басты ерекшелігі мынада:  

– Картада  қосымша  мәліметтердің  үлкен  көлемін  пайдалану  (фото, 

видео, энциклопедиялық мақалалар, тарихи карталар, ауа райы және т.б.); 

– Территорияның  және  әлемдік  мұхиттың  3-өлшемді  моделі,  веб-

камералар,  шеңберлік  панорамалар,  видеофрагменттер,  метеорологиялық 

мәліметтер,  орографиялық  объектілердін  атауы  мен  белгіленуі  және  т.б. 

көптеген мәліметтер. 

Жаңа  инновациялық  технологияларды  география  сабағында  қолдану 

арқылы  оқу  барысында  оқушылардың  жоғары  нәтижеге  жетуіне  мүмкіндік 

жасайды.  Әрине,  тәжрибелі  ұстаздар  оқушыларды  географиялық,  экология- 

лық  ойлауларға  оқытып-тәрбиелеуде  дәстүрлі  технологияларды  қолдану 

арқылы-ақ үлкен жетістіктерге жете алады. Бірақ қазіргі заман адамы әлемдік 


184 

 

ақпараттық кеңістікте жақсы бағдарланып қана қоймай, сонымен қатар оның 



түрлі  процестерінің  белсеңді  қатысушысы  болуы  керек.  Ал  мұндай  адамды 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданбай,  бір  дәстүрлі 

технологияны пайдалану арқылы тәрбиелеп шығу мүмкін емес. 

Қазіргі техниканың дамып жатқан заманында өскелең ұрпаққа білім беру 

талаптары  өзгерді.  Ұстаздардың  заман  ағымына  байланысты  алдындағы 

отырған  оқушыға  саналы  емес  сапалы  білім  беруге  көшті.  Нәтижеге 

бағытталған  білім  беру  жағдайында  мұғалімдердің  ақпараттық-коммуника- 

циялық  құзырлығы  мен  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  қазіргі  таңда 

үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  ең  көкейтесті  мәселелердің 

біріне  айналып  отыр.  Оның  ең  басты  себебі  оқу  үрдісінде  оқушының 

бойында  барлық  керек  ақпаратты  қалыптастыру  қиын,  өйткені  егер  осыдан 

50-60  жыл  бұрын  мектепте  ақпарат  беруші  жалғыз  мұғалім  болса,  қазіргі 

таңда  оқушы  ақпаратты  теледидардан  да,  Интернеттен,  ең  құрығанда 

радиодан  да  ақпарат  алады,  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы 

төмендейді,  бойына  білім  қалыптастыру  ауырлай  түседі.  Көмекке  ақпарат- 

тық-коммуникациялық  технолгиялар  келеді.  Қазіргі  ақпараттық  және 

коммуникациялық  технологиялар  керемет  дидактикалық  мүмкіндіктерге  ие. 

Ақпараттық және комммуникациялық технологиялар оқытылатын ақпаратты 

түрлі  формада  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Соның  нәтижесінде  үлкен 

көлемдегі  ақпарат  бөлшек-бөлшек  беріліп,  оқытылатын  материал  жеңіл 

қабылданады,  оқушының  қабылдау,  ойлау,  есте  сақтау  процестерін 

белсеңдетеді.  Сондықтан  осы  заманның  оқушысын  ақпаратты  құзырлы 

маман  ретінде  тәрбиелеу  үшін  мұғалімдердің  ақпараттық  құзырлығын 

қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 

 

Әдебиет 

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132-б. 

2. Мұхамбетова  Ш.Қ.  Инновациялық  технологияларды,  оқу  үдерісіне  пайдалану.  –

Білім/Образование, №3 (51). – 2010. 

3. Гусева А.И., Смольникова И.А., Филиппов С.А., Чиркова М.А. Применение ИКТ в 

учебном  процессе.  Электронное  пособие.  Академия  АйТи  «Применение  международных 

информационных технологий: применение ИКТ в учебном процессе». 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА МӘТІН АРҚЫЛЫ 

СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

С.З. Омарова 



№12 ЖОББМ, Семей қаласы 

 

Тілдік  қатынаста  сөйлесім  әрекетінде  тұрақталған  оқылым,  жазылым, 



тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  сияқты  жаңа  технология  әдісіне  өзге  ұлт 

оқушылары меңгеруде оқылым әрекетінің маңызы зор.  



185 

 

Қазақ  тілі  екінші  тіл  ретінде  деңгейлі  меңгеруде  өзге  ұлт  өкілдерінің 



сөйлеуін  қалыптастыру,  қазақ  тілің  терең  меңгерту  мәселесі  ең  алдымен 

ауызекі  сөйлеу  тілінің  табиғатын  танытып,  үйретуде  басталады.  Оқулықтың 

негізгі  құралы-мәтін  .  Тілді  оқытудың  алғашқы  кезінен  бастап  соңғы  кезіне 

дейін  мәтін  ұзақ  уақыт  сабақта  қолданылатын  болғандықтан,  ол  сөйлеудің 

дұрыс үлгісінің есте сақталуына мүмкіндік береді. Оқулық мәтіндерде тілдік 

қатынастың  барлық  түрлері  үйретіледі.  Мәтінмен  жұмыс  істегенде  әртүрлі 

әдіс-тәсілдері  қолданылады.  Мәтінді  оқытудағы  түпкі  мақсат  оқушының 

түсініп  оқуы.  Оқушының  мәтінді  түсіну  қабілеті  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді 

қолдана отырып анықтауға болады: 

1. Мәтінді  мәнерлеп  оқу,  қиын  сөздерді,  сөз  тіркестерін  аудару, 

синонимдер келтіру, мәтінді аудару, мәтінің ең негізгі жолдарын ашу. 

2. Мәтінді абзацтарға бөлу (абзацтар саны сыныптағы топтардың санына 

тең болуы керек). 

3. Мәтінді  оқып,  түсінгеннен  кейін,  оны  бірнеше  мағыналық  бөлшек- 

терге бөлу. 

4. Жоспар жасау. 

5. Мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар дайындау. 

6. Мәтіндегі мұғалімнің сұрағына дайын жауап айту. 

7. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен айтып беру. 

Мәтіндердің  негізгі  нақты  қызметі  –  оқушылардың  қазақша  тілін 

сөйлеуге  үйрету.  Тілді  оқытуда  тілдік  қатынас  мақсатын  алға  шығарған 

қатысын  коммуникативтік  шығармашылық  қабілетін  арттыру.  Әртүрлі  

қарым-қатынаста  сөйлесе  білуге  дағдыландыру  –  қатысымдық  құзыретін 

қалыптастыру. Ол үшін әртүрлі әдістерді пайдаланып жұмыс жүргізу қажет. 

Ол әдістер мыналар: түсіндіру, сұрақ-жауап, аударма, сөздікпен жұмыс істеу, 

жаттығу, әңгімелесу, мәтін бойынша тіл дамыту.  

Әр  сыныпта  қарым-қатынас  өрісін  таңдауда  оқушылардың  коммуни- 

кативтік  қажеттілігін  сөздік  қорын  ескеруіміз  қажет.  Сабақ  үстінде  әр  түрлі 

жағдаяттар тудыру оқушылардың сөйлеу тілін дамытады. 

Тілдік  қатынаста  тіл  үйретуінің  қазақ  тіліндегі  сөйлем  конструция- 

ларын  меңгеруіне  негізгі  құрал  болып  табылатын  мәтіннің  тәрбиелік  мәні 

ерекше, сондықтан мәтіндер арқылы мәдениеттілік пен тәртіптілікке, Отанды 

сүю, еңбекке тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру қажет. Қазақ халқының 

тарихы, салт – дәстүрі, белгілі ғұламалар туралы мәтіндерді бейімдеп беруге 

болады.  Мәтіндердің  тақырыптары  оқулықтардан,  кітаптардан  барлық 

ақпарат құралдарынан алынады. Олар мәтіндік ақпарат, графикалық ақпарат 

(суреттер,  схемалар,  сызбалар,  фотография  және  т.б.),  музыкалық  ақпарат 

(дыбыстар,  әуен,  сөз),  бейне  ақпарат  (дыбыстық  фильмдер,  слайдтар, 

презентациялар және т.б.). 

Тіл  қатынаста  тіл  үйренушілерінің  қазақ  тіліндегі  сөйлем  конструк- 

цияларын меңгеруіне негізгі құрал болып табылатын мәтінмен жұмыс. Мәтін 

оқушыға  өз  пікірін  қалыптастыруға,  ойлануға,  зерттеуге,  ізденуге,  әкелетін 

бірден  бір  жол.  Мәтінмен  жұмыс-сабақтың  негізгі  қызметі.  Мәтін  бойынша 


186 

 

жүргізілетін  жұмыстың  түрлері  өте  көп.  Ең  бастысы  –  берілген  материал- 



дарды түсініп оқу. Тірек – схемалар арқылы шағын мәтін құрастыру.  

Мысалы: 9-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ 

Сейітқұл» әңгімесін оқығанда тірек-схема арқылы автор туралы әңгімелейді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мәтінмен жұмыс. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін оқып, талдау жүргізу: 

Әңгімеге жоспар құру. «Қыпшақ Сейітқұл»: 

– Сейітқұлдың ойы. 

– Қабырға өзені бойына қоныстану. 

– Егін егу. 

– Артық астықты малға айырбастау. 

Не істеді 

мектеп ашты 

зерттеді 

оқулық жазды 

білім берді 

аударды 

жазды 


Ыбырай 

Алтынсарин 

Жазушы 

Ұстаз 


Ағартушы 

Ақын 


Қоғам қайраткері 

Аудармашы 

Балалар әдебиетінің атасы 

Оқулықтары 

«Әліппе» 

«Қазақ хрестоматиясы» 

Несімен танымал 

аудармаларымен 

еңбектерімен 

өлеңдерімен 

әңгімелерімен 

Әңгімелері 

«Таза бұлақ» 

«Бай баласы мен 

жарлы баласы» 

«Киіз үй мен 

ағаш үй» 

«Қыпшақ 

Сейітқұл» 

Өлеңдері 

«Өзен» 


«Өнер-білім бар жұрттар» 

«Кел, балалар, оқылық» 



187 

 

– Сейітқұл елінің 450 үйге жетуі.  



– Қауіпсіздік шаралары. 

– Базар ашу. 

– Сейітқұл жұртының бай болуы. 

Сұрақ-жауап әдісі: 

– Бас кейіпкері кім? 

– Ол қандай ойға қалды? 

– Ол не іздеді? 

– Қайда мекендеді? 

– «Қыпшақ  Сейітқұл»  әңгімесінде жазушы  қандай  кәсіппен  айналысуға 

шақырады?  

– Ең алғашқы кезеңде Сейітқұл елінің саны қанша болды? 

– Сейітқұлдың іс-әрекет нәтижесінде елінің саны қаншаға жетті? 

– Сейітқұл  мен  бүгінгі  заман  бизнесмендерін  салыстыру:  «Бес  жолды 

өлең». 


– Сейітқұл. 

– Еңбекқор, мейірімді. 

– Ойланды, ізденді, еңбектенді. 

– Сейітқұлдың жұрты бай болды. 

– Іскер. 

Орыс  тілді  оқушының  қазақша  ойын  жеткізуде,  яғни  тілін  дамытуда 

дидактикалық карточкалардың маңызы өте зор.  

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет