ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ
З.С. Алибаева
Қараоба орта мектебі, Ақтоғай ауданы, Павлодар облысы
Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын
оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Ауылдық жерлерде шағын
кешенді мектептер бар. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар
болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып – комплект – бір мұғалім – сынып
жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін.
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л. Толстой,
К.Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында
ондай мектептің пайда болуы Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметімен
тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан
бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.
Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф. Суворовтың,
М.И. Зайкиннің және т.б.) шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық
үрдістің төмен нәтижелілігінің себебі: қалыптасқан (30–35 оқушы оқитын)
сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен
тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені
бермейді.
24
Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру,
әсіресе ауыл мектептерінің проблемасын шешу, оның жұмыс принциптері
мен қойылған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.
Шағын комплектілі ауыл мектептерінің оқу және оқудан тыс үрдіс-
терінің ерекше жағдайындағы төмен нәтижелілігі мұғалімнің осы мектеп
түрінің педагогикалық үрдісінің ерекшеліктерін осыған дейін (Н.Д. Хмель,
Н.Н. Хан, С.Т. Каргин, Т.Н. Рябуха) зерттеліп, шағын комплектілі
мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық
даярлық моделі құрастырып отыр.
Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей
өлшемдермен көрсетілген:
– шағын комплектілі мектептердегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби
бағыттылығы;
– мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің
маңыздылығын білуі;
– білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін
біліп-сезінуі;
– шағын
комплектілі
мектептердегі
педагогикалық
үрдістің
ерекшеліктерін білуі;
– пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру;
– шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды
жетілдіру тәсілдерін игеру.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі
мектеп оқушыларының саны аз, біріктілген сынып – комплектісі бар, оқу
сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін
мектеп деп көрсетілген.
Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
– бірінші – бастауыш шағын комплектілі мектеп;
– екінші – негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
– үшінші – жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер:
– тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын
комплектілі мектепте басым);
– тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз жеке
сыныптардың болуы;
– тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы.
Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына
аударылады. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру
шарттары:
– сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
– бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге
ыңғайластырылуы;
– көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
– сабақ тақырыбының өзара байланысы;
25
– сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
– сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
– тиімді оқыту әдістерін таңдау;
– сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;
– оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін
жұмыстармен ауыстырып отыру;
– мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
– барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тілі пәні мен оқулықтары жоқ,
өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің
оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың
құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының
осындай «кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі
оқушының біліміне сәйкес болуы шарт.
Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім
дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:
– бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке
арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы;
– өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
– шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан
әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;
– шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.
Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс
істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта
бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ
уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір
сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың
оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8
және 7–9-сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты,
сондықтан уақыт жетіңкіремейді.
Оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі. Мысалы,
мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші сабаққа қазақ
тілін қояды.
Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің
түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру
нақтыландыратын мысал, қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім
әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді. Мұғалім
тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі
туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп,
келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң,
сыныпқа өздік жұмыс береді. Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік
жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
26
ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп
жасындағы оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу
керек. Шағын кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен
сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша
өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен
алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.
Мұғалімнің мақсаты:
– әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
– таным процесінің жүйесін бұзбау;
– оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте
сақтауларын ынталандыру;
– барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
– білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.
Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол
тапсырманы орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім
түсіндірген сабаққа мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа
материалдарға назар аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын
тыңдамауы тиіс.
Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп
күшті қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады,
себебі оқу тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты.
Сондықтан мұғалім сыныптың топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда
оқушылардың өздік жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керек.
Бастауыш шағын кешенді мектептегі сабаққа қойылатын жалпы
талаптар, сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Сабақ негізінен аралас
сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері –
мұғалім басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл
жұмыстар сабақ уақытының 80-90%-ын алады.
Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен атқарылатын
жұмыстар:
– кейбір дайындық жұмыстары;
– бұрынғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру;
– жаңа материалды әңгімелеу – баяндау;
– түсіндіру, әңгіме, нұсқау;
– эвристикалық әңгіме;
– дидактикалық ойындар;
– жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту;
– білім деңгейін диагностикалау;
– меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету;
– білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету;
– материалдарды тақырып бойынша жинақтау.
Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ,
сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды
ұсынады.
27
Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:
1) мұғалім оқу материалын түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді;
2) оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық
әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығы-
мен алады;
3) балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық,
алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді.
Бастауыш шағын кешенді мектептегі оқыту әдістеріне көтеріңкі
талаптар қояды. Мысалы, қабылдау кезеңіндегі оқыту әдістерінің қызметі:
– жаңа материалды меңгеруге психологиялық жағдай жасау;
– танымдық қызметтің барлық кезеңдерінде оқушыларды ынталандыру;
– сабақта оқушылардың зейінін, қызығушылығын ұйымдастыру;
– оқу материалының мазмұнын ашу;
– оқылған материалдағы себеп-салдар және басқа байланыстарды түсіну;
– білімді жалпы жүйеге қосу;
– оқушылардың танымдық еңбегінің тиімділігі туралы хабардар ету;
– оқыту қарқынын және нәтижелерін диагностикалау;
– нәтижелерді бақылау және түзету;
– оқу процесінде тәрбиелеу.
Шағын кешенді мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ
кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. Бағдарламалық, тәжіри-
белік, компьютерлік оқыту элементтерін енгізген жақсы.
Сөздік әдістерді мұғалім өз басшылығымен істелетін жұмыста көп қол-
данады. Әңгіме, әңгімелесу әдістері мұғалімнен өте мұқият әзірлікті талап
етеді. Мұғалімнің әдемі, әсерлі, жүйелі сөзімен сабақтың таңырыбын тал-
дауға оқушылардың өздері қатысады.
Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен
ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді. Көрнекіліктер қарапайым, әдемі,
нақты жасалу керек.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдерін анықтайды.
Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін анықтап болған соң, жаңа
материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп, білімді
тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді.
Уақытты үнемдеу үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін
дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап,
екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс орындаса, уақытты үнемдеуге
болады. Тапсырманы мұғалім алдын ала әзірлеп, әр оқушыға таратады.
Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға
таратады. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін
жасалған. Әр конвертке оқушының аты-жөні жазылады. Орындалған жұмыс
конвертке салынып мұғалімге қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың
жаппай сипаты болса, тапсырма нұсқау тақтаның бір жағына жазылады.
Бірнеше сабақтарға арналған тапсырмалар: таңдап көшіру, фонетикалық,
грамматикалық талдау, шығармашылықпен баяндау, «кері» тапсырмалар құру.
28
Сонымен, сабақ – шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің
негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ
өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымы:
– мұғалім басшылығымен жұмыс;
– өздік жұмыс.
Өздік жұмысты ұйымдастыру. Өздік жұмыс – оқушылардың білім,
іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы
көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін
дамытып, зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді.
Өздік жұмыстар сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде
ұйымдастырылып, бекіту және қайталауға 60%, 20% жаңа материалды
меңгеруге, 20% бақылауға беріледі.
Бір сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті болмағандықтан,
оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалдың өздік жұмысқа
оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкес келетін материалдар іріктеледі. Іс-
әрекет түрін жиі ауыстыру нәтижені нашарлатып, көп уақыт алады. 1–4-
сынып оқушыларының өздік жұмыстарының түрлері:
– жаңа материалды оқығанда орындалатын дайындық жаттығулары:
оқулық бойынша (қайталау, карточка, кестемен жұмыс);
– бұрын меңгерілген білімге ұқсас жаңа материалды өз бетімен оқуға
мұқият нұсқау беру.
Алгоритмдік кесте, нұсқауларға сүйеніп іс-әрекет тәсілдерін меңгерту
мақсатымен жаттығулар орындату, осы арқылы бекіту жүреді:
– жаттығулар;
– оқу материалының барлық бөлімдерін меңгерген соң, тексеретін,
бақылайтын тапсырмалар беру.
Бірте-бірте өздік жұмыс ұзақтығын көбейтіп, күрделі тапсырманы өте
көп берген дұрыс. Жаттыққан соң, оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады,
бірақ ұзақ уақыттық жұмыс оқушыларды шаршатады. Мақсат – төзімділікті
тәрбиелеу, оқушыларға жанашырлық білдіре отырып, оқыту. Өздік жұмыс
тиімділігі оны ұйымдастыруға байланысты. Өздік жұмыстарды жоспарла-
ғанда ескерілетін жағдайлар:
– мақсатын жақсы түсіну;
– оның оқу процесі, сабақ құрылымындағы орны мен рөлін анықтау;
– оқушылардың дайындық деңгейлерін, мүмкіндіктерін ескеру;
– белсенді, жеке, деңгейлік тапсырмалар беру;
– өздік жұмыстарды орындау кезіндегі қиындық «кедергілерді» алдын
ала жобалау;
– көлемін негіздеу;
– өздік жұмыс мазмұнын түрлендіру;
– викторина, кроссворд, ойын, санамақ, т.б. түріндегі қызықты тапсыр-
малар беру;
– өздік жұмыс ұзақтығын анықтап, уақыт шығынын бақылау;
29
– керекті дидактикалық материалдар, атап айтсақ, нқсқау, «тірек»
әзірлеу;
– жұмысты тексерудің тиімді тәсілдерін белгілеу;
– өздік жұмыстың қорытындыларын шығару;
– оқушының деңгейіне сүйеніп, оны дамытатын өздік жұмыстарды
жобалау;
– өздік жұмысты мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен
ұштастыру.
Шағын жинақталған мектепте ең негізгі назарды оқушылар мен
мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын қорғауға арнау керек. Балалар мен
педагогтердің денсаулығы, олардың әлеуметтік жағдайы сапалы білімнің
негізігі фактор болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан шағын жинақталған мектептердің мұғалім-
деріне қойылатын талаптар: өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай
білу; шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімделу. Әртүрлі
жастағы оқушылар ұжымын құрып, басқара білу. Оқушылар арсындағы бір-
біріне сенімдігін және сыйламдылығын арттыра білу. Оқушылардың ата-
аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмысқа тарту.
Шағын жинақталған мектептің оқушыларына қойылатын басты талап-
тар: оларды өзін-өзі ұйымдастыра білуге бағыттау, оларда коммуникативтік
қасиеттерді қалыптастыру, жауапкершіліктерін арттыру және өз-өздерін
танып-білуге бейімдеу.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жүзеге
асыру шарттары төмендегідей кешенді шараларды бекіту арқылы нақты іске
асады:
– шағын жинақталған мектептің нормативтіқ – құқықты базасының
сәйкестігін қалыптастыру;
– шағын жинақталған мектеп қызметінің қаржылық – экономикалық
базасын жетілдіру;
– шағын жинақталған мектепті ақпараттандыру және оның материалдық
техникалық базасын нығайту;
– оқу-тәрбие процесін ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз етілу, шағын жинақталған мектептің ерекшеліктерін
ескере отырып, жаңаша әдістемелік кешенін жасау;
– шағын жинақталған мектептер ерекшеліктеріне сай мұғалім мамандар
даярлау;
– мұғалімдер біліктілігін үздіксіз дамыту мен оларды қайта даярлау;
– оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай шағын жинақталған
мектептің қызмет ету мүмкіндіндігіне қауіп туғызып отыр. Әлемдік тәжірибе,
мәдени жағдай шағын жинақталған мектептерде қазіргі қоғамдық талаптарға
сай жаңа парадигманың, білім берудің өзіндік практикасының пайда болуына
әкеліп отыр. Бүгінде ол көп қырлы, жылжымалы және көп сатылы жүйе
ретінде қарастырылады. Сол себепті республиканың әртүрлі аймақтарында
30
тәжірибелі ең жақсы шағын жинақталған мектептер базасында лаборатория-
лар, педагогикалық курстар, шығармашылық шеберханалар құру қажеттілігі
туындап отыр.
Әдебиет
1. Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. – Орал, 1992.
2. Оспанов Т., Құрманалина Ш. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі.
II бөлім. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 96-117 6б.
4. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. – М.: Владос,
5. Мамырова Л.К., Нүрсейітова С. Шағын жинақталған мектеп-білім беру. – Алматы:
Ғылым, 2002.
ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕП
А.О. Ахметова
Естай атындағы орта мектеп, Жолболды ауылы, Ақтоғай ауданы
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ел егемендігін
алғаннан кейін – ақ еліміздің дамуының «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімге
арналған стратегиялық дамуының жоспарын жасау арқылы келешекте
атқарылатын істердің бағыт-бағдарын айқындап берді. Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы ел халқына арнаған
алғашқы Жолдауында: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай
әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін
болады» деген. Шынында да Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақ елі
танымастай өзгерді. Мұны әрбір қазақстандық мақтанышпен айта алады.
Қазақтың жерінде әлем халқын өзіне аудартқан ОБСЕ-нің Саммиті сияқты
жаһандық ауқымды шаралар өтті, оны бүгінгі оқушы тек тыңдап қана қойса,
келешекті жасаушы жастарымыз десек, олар осындай игі шаралардан тәлім-
тәрбие алары даусыз.
Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар
қатарында келеді. Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін
еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа жеткізуде зор рөл
атқарады. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін құжат қабылданды. Ол: ҚР
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Бағдарламаның мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Респуликасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын
қалыптастыру оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игілігі
үшін адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу.
31
Міндеттері: 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын
жаңғырту арқылы жүзеге асыру. ШЖМ проблемаларын шешу. Мектептегі
инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру. Сонымен бірге бұл мемлекеттік
бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту, яғни оқу процесіне
автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау, білім беру процесінің барлық
қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең
қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген. Еліміздің білім саласын жетілдіруде
бұған дейін де бірнеше басты құжаттар, бағдарламалар қабылданды.
Олардың барлығы да білім беру саласын дамытуға өз әсерін тигізді деп
айтуға болады. Үкіметіміздің дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік
университетінде білім алуына мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы
негізінде әлемнің 27 елінде 3 мың студент оқиды. Жастарымыздың өз елінде
де терең білім алуы үшін әлемдік деңгейдегі беделді ЖОО – «Назарбаев
университеті» ашылды. Білім беру сапасын тексерудің ҰБТ, МАБ сияқты
бағалау жүйесі мектептерге енгізілді. Қазақстандық мектеп оқушылары
TIMSS–2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне 36 елдің 4-сынып
оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану
бойынша 8-сынып оқушылары 11-орынды иеленді. Елімізде дарынды
балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер жұмыс, істейді. Бірақта әлі
де қазакстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай қалыпта тұр.
Қазіргі уақытта елімізде 7576 мектеп жұмыс істеуде, соның 4221-і шағын
жинақталған мектеп болып табылады. Еліміздегі шағын жинақталған мектеп
(ШКМ) желісінің даму динамикасы туралы «Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдаламасында»: «Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі-
мектептердің жалпы санының 56,5 пайызын құрайтын ШЖМ-ның болуы.
Оның ішінде, ШКМ-нің 68,6 пайызы ауылдық жерде орналасқан.
Іс жүзінде әрбір 4 мұғалім ШКМ-де жұмыс істеп, әрбір 6 оқушы ШКМ-
де оқиды» делінген.
Ауыл мектебінің, оның ішінде жинақталған мектептердің жайы да –
Елбасын толғандырып отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте Елбасының
«...ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетінің, дәстүрінің, салты мен
рухани өмірінің қайнар көзі. Тек осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл
мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап
етеді» – деген сөздері соның дәлелі бола алады.
Шағын жинақталған мектептердің проблемасы көп. Әсіресе бастауыш
және негізгі мектептердің жағдайы төмен. Материалдық-техникалық базасы
нашар. Арнайы жабдықталған пәндік кабинеттер, зертханалар жоқ, көрнекі
құралдар ескірген, кітапханада кітап қоры аз. Бала саны аз болғандықтан,
сыныптар топтастырылып сабақтар жүргізілетіндігі шындық. Бұл оқушының
бағдарламаны толық игеріп, жан-жақты білім алуына кедергі келтіреді. Жас
маман кадрлардың шағын жинақталған мектептерде сағат саны аз
болғандықтан, баруға ықыласты болмайды. Шағын жинақталған мектептер
ауылдық жерде орналасқандықтан, ол тек білім ордасы ғана емес, сол жердің
32
әлеуметтік те, экономикалық та проблемаларын шешіп отыр. Шағын
жинақталған мектептер жас ұрпақтың, ауылдың, тұтас ұлттың болашағы
үшін қызмет етуде. Сондықтан ауыл мектептерін көркейтуге, дамытуға
көбірек күш салу керек. Шағын жинақталған мектептердегі қордаланып
қалған проблемаларды ескерсек, осы мектептерде білім беру жүйесінің
құрлымы мен мазмұнын қоғам талабы мен мемлекеттің даму болашағына
қарай құру уақыты жеткен сияқты. «ҚР-да білім беруді дамытудың 2011–2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» 2011 жылдан бастап
оқушылар саны 10 және одан да көп барлық ықшам мектептер жаңа үлгідегі
компьютерлермен және кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі,
қашықтықтан оқыту «Е-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдас-
тырылады» делінуі шағын мектептегі бірқатар пробемаларды шешері даусыз.
Шағын жинақталған мектеп пробемаларын шешудің тетіктерін ұйымдастыру
жолдары «ҚР-да білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» нық көрсетілген. Ол 2011 жылы Ы. Алтын-
сарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясының базасында ШКМ-ді
дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін
жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік құру, ШКМ қызметінің
үлгі ережесін әзірлеу, 160 тірек мектебін ашу. Тірек мектеп базасына жақын
маңдағы ШКМ бекітіледі. ШКМ-дегі оқушылар үш рет (оқу жылының
басында, ортасында, соңында) 10 күннен сессия тірек мектебінде білім алады
әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық
кезеңде ШКМ-де оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және
қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүзеге асырылады.
Осылайша, ресурстық орталықтар ШКМ оқушыларының сапалы білімге қол
жеткізуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |