Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар Жоспарлау барысында төмендег І мəселелер турал ы ойланыңыз : Қысқ а



бет1/3
Дата23.03.2023
өлшемі27,58 Kb.
#75752
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар



1-үлестірме материал
Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар

Жоспарлау барысында төмендегі мəселелер туралы ойланыңыз:



Қысқа мерзімді жоспарлау
Бұл материал мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы көмекшісі болып табылады; төмендегі тармақтардың көпшілігі оқу жоспарының кез келген бөлімі бойынша сабақ жоспарлауда пайдалы болуы мүмкін.

Сабақтың мақсаты:


Мына мəселелерге назар аударыңыз:

  • Сабақтың басында ширату жаттығуларын жүргізуге арналған оқу мақсаттарын, сабақтың негізгі бөліміне арналған оқу мақсаттарын алдын ала шешіп алыңыз. Оқу жоспарында тиісті нұсқаулықтар берілген.

  • Кейбір мақсаттар бірнеше мақсатқа бөлінуі мүмкін.

  • Сабақ барысында пəнге сай қандай тілді жəне шартты белгілерді қолданатыныңыз жөнінде ойланыңыз.

  • Бір немесе бірнеше мақсаттар бірнеше сабақтың тақырыбы болуы мүмкін.

  • Жұмысыңыздың бөлімдерін жүйелі ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.

  • Əрбір мақсатты сабаққа негіз етуге тырыспаңыз.

  • Өзіңіздің сыныбыңызға/тобыңызға қандай мақсаттар сай келетіндігін түсіну үшін орта мерзімді жоспарды пайдаланыңыз.


Оқушыларға төмендегідей мүмкіндік ұсыныңыз:


  • есептерді түрлі тəсілдер арқылы ойша есептеуге жəне сандық фактілерді жылдам еске түсіруге жаттығу;

  • белгілі фактілердің арасынан жаңа фактілерді алу жəне пайдаланылатын əдіс- тəсілдерді түсіндіру;

  • алдыңғы əдіс-тəсілдердің негізінде құру жəне оны əрі қарай дамыту;

  • оқушылардың есінде жылдам қалатын фактілерді анықтап, оларды қандай тəсілмен орындау керектігін талқылау;

  • пəн аясында сөздік қорды қалыптастырып, пән бойынша лексика мен терминдерді дұрыс қолдану.


Ойша жəне ауызша орындалатын ширату жаттығулары (сабақтың басында):


  • нақты əрі жылдам қарқынмен бастаңыз;

  • оқу мақсаттарына сай келетін тапсырмаларды таңдап алыңыз (олар кейде сабақтың негізгі бөлімімен байланысты болуы да мүмкін).

  • апта бойы түрлі қысқаша ауызша жəне ойша орындалатын жаттығуларды жоспарлаңыз;

  • сыныпқа қоятын бірнеше ашық жəне жабық сұрақ дайындаңыз;

  • барлық оқушылардың сабаққа қатысып отырғанын көріп тұру үшін оларға көрінетіндей жерде тұрыңыз (отырыңыз);

  • жеке оқушыға/ жұпқа/ топқа нақты сұрақ қойыңыз;

  • оқушылардың ілгерілеуін белгілеп отыру үшін олардың жауаптарын пайдаланыңыз;

  • сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарыңыз (ресурстар, материалдар) үнемі қолжетімді жерде əрі дұрыс əзірленген болсын, мысалы, карточкалар;

  • жоспарланған уақыттан ауытқымаңыз жəне сабақтың келесі бөліміне бірқалыпты ауысып отырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет