1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары болды. Ал көтерілістің шығуына түрткі болған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің «Уақытша ережеге» сәйкес бекінсітер салынған Ембі өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу әрекеті еді. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукин 4 зеңбірекпен қаруланған казак әскерімен Күріп аймағында адай руларының жайлауға көшуін тоқтатуға әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак әскерін қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат алған полковнк Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Казак әскери бөлімінің талқандалуы туралы хабар азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді Каспийдегі балық және тұз кәсібіндегі жұмысшыларда қолдады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. 5 сәуірде олар Николаев станциясы мен Александровск форпостына шабуыл жасап, Нижнее бекінісіндегі әскери горнизонының қоймаларын талқандады. Сонымен бірге, форпостын шамшырағын жағып жіберді. Қолға түскен қайықтардан кішігірім флотилия жасап, Александровск форпостын қоршауға қатысты. 9 сәуірде Кавказ әскери округінен Алекксандровск форпостына граф Кутаисовтың басшылығымен әскери күш келді.Сәуірдің соңына таман граф Кутаисовтың зеңбірекпен қаруланған үш жаяу ротасы және жүзге жуық атты әскері Үстіртке шегініп бара жатқан ауылдардың жолдарын кесуге әрекет жасады. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонының екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірекпен жеткізілді. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары төтеп бере алмайтын еді. Қазақ жасақтарының жанқиярлық қарсылығына қарамастан, көтеріліс басылды. Маңғыстауды патша әскері басып алды. Көтеріліс басшылары М.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдарымен 1870 жылы желтоқсанда Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін адай руына 90 мың қой көлемінде соғыс шығынын өтеу үшін салық (контрибуция) салынды. Ресей үкіметі бұл «жағдайды Маңғыстау түбегіндегі тыныштық орнату мен жазалау емес, керісінше қайтадан басып алу» жорығы болғанын мойындады. 1873 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс жасады. Бұл жолы ресей үкіметі оларды Хиуа жорығына арналған түйелерін тартып ала бастаған еді.