51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы



бет10/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

63. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындауы көтерілістің себебі болады. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында және одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.  Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш әр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші- шаруалар,сонымен бірге оған старшындар,билер де қатысты.
1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бұл әрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады.

  • 1837ж 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы,хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады.Бұл жеңіс сарбаздар қатарының көбеюіне алып келді.

  • 1837ж 15қарашада Тастөбе шайқасында 3000-нан астам адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты.Исатай 500сарбазымен кенеттен шабуылдап,жазалаушыларды шегіндіруді жоспарлады. Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп,өз ауылына тарап кетті.

  • 1838ж 12шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауға алды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып,атып өлтірді.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды 
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет