74.1917 жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты. М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты.Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды . Съездің күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі – «қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, бағдарлама жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай жол құру, оны осы жалпықазақ съезінде кеңесуіміз керек. Саяси партия құруға байланысты айтылған бұл тұжырымның мынадай мәні бар. Біріншіден, ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың «Алаш» партиясы шілдедегі жалпықазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін біржола жоққа шығарды. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті.Ә.Бөкейханов бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынды. Олардың арасында Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А.Кенжин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар; Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді. Сонымен, тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан мәселелер қойылып, олардың арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер бар еді.
75.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 карашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда,Атбасарда, Костанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетiсу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд «Түркістан автономиясын» Туркистан мухтарияты (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы акпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы елкедегі түрлі жағдайлардың себебiнен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейiн созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орна болды. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай ақ Қазақстанмен iргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.