Мұның себептер:
-соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зиян тигізді;
-ауыл шаруашылығындағы өндірістік қатынастардың ескіру: колхоздарда егіс алаңы, мал колхозшылардың қауымдық меншігі деп айтылғанымен олар ол меншіктің иесі емес еді. Иесіз меншік өспеді, оны талан-таражға салу оңай болды;
--ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет міндетті түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзін ақтамады. Ол өндірушінің мүдделілігін тудырмады.
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды.
92.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әміршіл әкімшіл сипаттағы басқару мен «кеңестік цензураның» өршуі,оның зардаптары қаралып, Н.С Хрущев «жылымығы»тұсындағы реформалардың сипаты қарастырылды.1960 жылдардың ортасында басталып,аяқсыз қалған реформалар соңы тоқырау жылдарына ұласқаны баяндалады.Соғыстан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы негізгі проблемалар бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру болды.Кеңестік басшылар,соғыстан кейінгі жылдары тәжірибеден өткен қатаң орталыққа бағындырылған социолистік экономиканы басқарудың әдісін негізге алып,оның идеологиялық сипатын күшейте түсті. 50-ші жылдардың екінші жартысында Қазақстанда бүкіл еліміздегі өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды. Өндіріс жүйесін электрлендіру, кешенді механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді ең жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу,техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айырықша көңіл бөлінді. Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кетті. 50-жылдардың ақырында Қазақстанда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.