51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тауелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы



бет47/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
98.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тауелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болып табылады.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.
Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.
Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
Бесінші тарау ҚР-Дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі
Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.
Жетінші тарауҚорытынды ережелер
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы және басқа да құжаттардағы кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау және басқалар.

99. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.


«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды . Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет