Тамыз төңкерісі:1991 жылы сәуір-мамыр айларында М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шартта Дербес Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар үкімет органдарын және басқару құрылымын, жаңа Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту алға қойылды. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачевті жақтаушылар бұл құжатта қарама-қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қаупінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді деп сескенді. Жаңа шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, КСРО ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызметінен босатып, оның орнына вице–президент Г.И.Янаевтың тағайындалғанын мәлімдеді.Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды.ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын айтты.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді.1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партияны тарату туралы шешім шықты.Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.