51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —



бет6/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы
1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып, бірыңғайландыру талап етілді. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.
Реформалардың басталуы
Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.
Реформаның отаршылдық сипаты
1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

59 Түркістан өлкесін басқару туралыереже(1867ж) Дала облыстарын басқару туралы ереже(1891ж)


Түркістан Өлкесін Басқару Жөніндегі Ереже 1886ж құрылып, басқаруды Ресей өкіметі жүргізген. Ережебойынша Түркістан өлкесі 4 облысқа бөлінген.(Жетісу, Сырдария, Фергана, Самарқан) Өлкені генерал-губернатор, ал облыстарды әскери губернаторлар басқарды.Түркістандағы басқару көптеген патшашенеуніктерінің күшімен жүзеге асырылды. Отарлық билік жүйесінің жоғарғы сатысынаТүркістан генерал-губернаторы мен облыстықбасқармалардың кеңсесі шенеуніктері де енгізілді. Бұл ереже патша өкіметінің жаңадан қосылған аудандарғаықпалын күшейтті. Түркістан генерал-губернаторлығында 3 038 119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Жетісу, Түркістан облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан және Ферғана облыстары ерекшеленді Генерал-губернаторға өлкені басқару жүктелген,ал басқа облыстыәскери губернаторлар мен облыстық басқарма басқарып, уездерді Уезд бастығы басқарды.Уезд болысқа,болыстарауылдарға бөлінді. Әрбір шаруашылықтан көшпеліхалықтар қазына пайдасына 4 сом төлеуге міндетті болыптабылады. Сонымен қатар елді мекендердің үстімен өткенпатша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. 1916 жылыТүркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің іріошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскерикүшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпантөңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығыжойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтіңТүркістан комитеті қолына көшті.
«Түркістан өлкесін басқару» жер мен салық өзгерістеріненгізу туралы заң 1886 жылы 1886 жылы 2 маусымда қабылданып, ІІІ Александр қол қойған.17баптан тұратын жаңа патша заңы соттардың төртінші съезі әскери губернатор рұқсатыменқырылып, өкілдік берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізілді. 1886 - 1891 жылдары патша өкіметі қабылдағанТүркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа"Ережелерге" сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі - бітістіруші судьялар, облыстық және жоғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Түркістандағы басқару көптегенпатша шенеуніктерінің күшімен жүзеге асырылды. Отарлықбилік жүйесінің жоғарғы сатысына Түркістан генерал-губернаторы мен облыстық басқармалардың кеңсесішенеуніктері де енгізілді.Өзі шешуге мүмкіндігі болмағанмәселерді генерал-губернатор ,көп істі баяндау туралыбасқарушыға тапсырды.Сол себептен де істі қалайорындап,жеткізетіндігіне байланысты болды.Кейде өзлауазымын асыра пайдалануда болды.Олардың қызметінеешкім бақылау жасай алмады.Бұл реформалардың барлығыда отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсугебағытталған еді. Сондықтан ол қазақтардың наразылығынтудырды. Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болғанДалалық (Степной)генерал -губернаторлығықұрылды. Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісуоблыстары генерал-губернатор құрамына кірді. 1897 жылыЖетісу облысы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет