54.Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі Қазақияны отарлау үшін Ресей империясы алдымен экспедициялар жасақтап, барлау жұмыстарын жүргізді. Қазақ даласы мен Орта Азияны барлау үшін алғашқы экспедиция 1713 жылы жасақталды. Осы кезден бастап қазақ жерлеріне бірнеше экспедициялар жүргізіледі. Солардың бірі "Орынбор экспедициясы".1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдан ант қабылдатып алған ресейліктер Кіші жүз шебін қауіпсіз санап, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына жорық-экспедициясын ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің нұсқауымен 1734 жылы қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. 2700 адамнан тұрды. Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның көмекшісіне қазақтардың тілін, дәстүр салтын жақсы білетін А.Тевкелев тағайындалды. Бұл экспедиция тарихта «Орынбор экспедициясы» деп аталды.Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу ,табиғат байлықтарын игеру, Ор бекінісін тұрғызу, флотилия ұйымдастыру және жер бедерін картаға түсіру.Аталмыш экспедиция отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Нәтижесінде, Кириллов «Қырғыз-қайсақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды. Осы экспедиция басшысы Кирилловқа 18 мамыр күні патша өз тарапынан тікелей бірнешетапсырмалар берген:
• Ордада болып жатқан оқиғалар жайлы хабар алып келу;
• Қазақтардың жоңғармен соғысы жайлы толық мәлімет білу;
• Қазақтардың Ресейге көзқарасы қандай?
• Жоғарыдағы мәселелерді толыққанды атқару үшін башқұрт пен қазақтардың арасынан сенімді адамдарды іріктеп, сол өңірге жіберіп (тыңшылық мақсатында) олар әкелген мәліметті Сібір губернаторына хабарлау.Кирилловтан кейін бұл істі В.И.Татищев (1686-1750) қолға алды. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын, мәдениетін сипаттап жазады. Осы экспедиция Қазақияның батыс өңіріне барлау-зерттеу тыңшылық жұмысын жүргізу барысында қазақтар тарапынан болуы мүмкін шабуылды болдырмауға Әбілқайыр хан кепіл етіп отырды. Нәтижесінде Әбілқайыр ханға қарасты аумақты басып, тарихта тұңғыш рет Орта Азияға патшаның сауда керуені өтті.
55. 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы.
Қазақ-жоңғар соғыстары 17 ғасырда басталды. Жоңғар хандары қазақ жері есебінен жерін
кеңейтуді көздеді. Бастапқыда олардың жорықтары салыстырмалы түрде сирек болды. Алайда 18 ғасырдың басына қарай Цеван-Рабдан Жоңғар тағына отырғанда жағдай ушыға түсті. Ойраттар (жоңғарлар) күшейе бастады, олардың саяси салмағы мен әскери күш-қуаты өсті. Бұл аймақта өз мүддесі бар Ресей империясын да алаңдатты.1730 жылдардың аяғында Жоңғар хандығы өзінің ескі жауы – Цин империясымен бітімге келіп, Қазақстанға ірі шапқыншылық жасауға дайындықты бастады. 1739 жылы қазақ хандары алдағы шабуылды біліп, ештеңе істемеді. Оларды анағұрлым өзекті мәселелер – Сәмеке хан қайтыс болғаннан кейінгі билік үшін кезекті даулар басты.Соның салдарынан шапқыншылықтан қалып, қорғаныс құрып үлгермеген Қазақстан Орта жүздің едәуір аумақтарынан айырылды. 1741 жылдың басында Ойраттың 30 000 әскері Тобыл өзеніне жетті. Бұл жерде көптеген қақтығыстар болды. Бұл шапқыншылқтың ең басты мақсаты Орта жүз жерін толығымен басып алу еді. 1739-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылай хан, Дүрғұн сұлтан, Көптуған, Ақымшын батырлар тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, оны босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасап, босатып алады. 1739-1741 жж . қазақ - жоңғар соғысының нәтижесiн қорытындылай келе, бұл соғыстың Орта жүз қазақтары үшiн аса қиын болғанын және қонтайшының қазақ жағына ауыр шарттар қойғанын жазады.Сонымен бiрге жоңғарлардың бiрқатар әскери және дипломатиялық жетiстiктерiне қарамастан , олардын Орта және Кіші жүз қазақтарын толықтай бағындыра алмағандығын білеміз.Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудың дипломатиялық саясаты мақсатқа сай келетін деңгейде қалыптасты. Оның ұйымдастырушылық және дипломатиялық таланты 1739 – 1742 жылдарындағы Жоңғариямен соғыс кезінде тұтқынға түсуі кезінде көрінді. Ол тұтқыннан шығып, жоңғарлармен тиімді бейбітшілік жасады. 40-жылдардан бастап Абылай жоңғар басшыларының өзара тартыстарына белсенді араласа бастап, Шығыс Қазақстанның көп бөлігін бақылай бастады. Қазақ қоғамының, заман талабының тамырын дәл баса білді. Жоңғар мемлекетімен соғысу барысында оның асқан даналық, айлакерлік қасиеттері айқын байқалды, оны ішкі шиеленістермен, қақтығыстарымен ұшықтырып, қазақ әскерін көп шығынға ұшыратпай, жеңіске жеткені үлкен баға берерлік оқиға.Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастайды. 1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды Ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды. Абылай хан - қазақ халқының тарихындағы жарқын тұлға, ержүрек жауынгер, кейін әскери қолбасшы болды.